Меңдігүл шындалиева


СНХ: Алмат Нұрадинов – психолог



бет25/76
Дата08.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#135016
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
СНХ: Алмат Нұрадинов – психолог
- Наушникпен музыка тыңдап көлік жүргізу өте қауіпті.
Тілші: Мамандардың айтуынша, 3-4 сағат рок концертті тыңдаған адам, кемінде 2 күн музыка тыңдамауы керек. Ал қоғамда өзекті проблемаға айналған құлаққап мәселесімен күресу, мектептен басталуы тиіс.
СНХ: Гүлнұр Омариева – Астана қаласы №57 қазақ орта мектебі директорының ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары
- Біз балаларға наушниктің зиянды екенін айта бермейміз, балалар оны өз өмірлеріне қауіп төндіріп жүргендерін түсінулері керек...
Стенд-ап: Айбек Құрметұлы – тілші
Кереңдіктен аулақ болудың қарапайым 3 ережесі бар.
Біріншіден: дыбыстың максималды деңгейге дейінгі мөлшері, 60 пайыздан жоғары болмауы керек.
Екіншіден: музыка айналаңыздағы адамдарға естілмеуі тиіс.
Үшіншіден: егер сіздің дауысыңыз өзгелер үшін қатты естілген болса, музыканың дыбысын әлі де бәсеңдеткен дұрыс.
Дәрігерлердің бұл кеңесіне құлақ түрмесеңіз, уақыт өте құлаққапты, кейін есіту аппаратына алмастыруыңыз әбден мүмкін.
Тақырыптық репортаж көрерменге үнемі қызық болатын әрекетпен байланысты. Ол жол қозғалысы жайлы қала көшелерінен репортаж, шебер ұстаханасынан репортаж, көлік цехынан немесе балет сыныбынан репортаж болуы мүмкін. Бұл жағдайда оқиға деп телетоптың объектіге келіп, бұқараға көрсетуін айтуға болады.
Тақырыптық репортаж белгілі бір оқиғаның нақты сәттегі суреттерімен байланысты жазылады. Репортаждың бұл түрі, анығында жеке тақырыптарға арналады. Әдетте, репортаждың бұл түрі нақты объектінің бір тақырыбын бөліп алып, оқырманға сол жөнінде хабарлау сипатында жиі кездеседі. Демек, тақырыпты тереңдеткен сайын оның танымдық сипаты да көтеріле түседі. Сол себепті мұндай репортаждарды тақырыптық-танымдық деп атаған дұрыс болады.
Тақырыбы: Жылдың үздік оқытушылары
Авторы: Р. Асқарбекұлы
Титр: Мәмбет Қойгелді - тарих ғылымдарының докторы, профессор, 2009 жылдың үздік оқытуышысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет