«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


ІІІ. Салфеткалық-апликациялық әдіс



бет67/157
Дата13.03.2023
өлшемі351,98 Kb.
#73913
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   157
Байланысты:
«мейірбике ісі стандарт кітап

ІІІ. Салфеткалық-апликациялық әдіс.
1. Қалыңдығы 1-1,5 см дейін парафин қабаттарын бояу жаққышпен тері учаскені жағыңыз.
2. Ыстық (Т-700С дейін) парафинмен ылғалдатылған 8-10 қабатты дәкеден жасалған төсемді парафинге салыңыз.
3. Бұл учаскеге клеенканы жабыңыз.
4. Бұл учаскені көрпемен қымтаңыз. Емшараның ұзақтығы 40-60 минут.
IV. Кюветті-апликациялық әдіс (тәрелкелік).
1. Кюветтің немесетәрелкенің түбіне және қабырғасына клеенканы төсеңіз.
2. Кюветке немесе тәрелкеге ерітілген парафинді құйыңыз.
3. Парафиннің сыртқы қабаты суып болған соң пайда болған затты (кішкене дөңгелекті) клеенкасымен кюветтен немесе тәрелкеден шығарыңыз.
4. Дененің қажет учаскесіне парафинді клеенкасымен салыңыз.
5. Үстінен көрпемен қымтаңыз. Емшараның ұзақтығы 1 сағат.


Ескерту:
Ақ сусыздандырылған парафин – қатты углеводтар қоспасы, мұнай және сланц майларын өндіргенде алынады.
Медициналық озокерит – қара-қоңырдан қара түске дейін балауыз тәрізді мұнайдан шығатын зат. Құрамында: парафин, смола, минералды май және т.б. заттар бар. Озокеритті үлкен жылылық сыйымы және төмен қызу өткізгіштік иелікпен қолданады. Парафинді дайындалғанда ұқыпты қадағалай керек, оны еріткенде су түспеуі керек, неге десен ол теріні күйдіруі мүмкін.

ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру


Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесеглицеринді, жабысқыш пластырды.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

  3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

  4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

  • таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

  • жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

  • ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.

  1. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  2. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.

  3. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

  4. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.

  5. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.

  6. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.

  7. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

  8. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

  9. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегіне немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

  10. Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).

  11. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың хал-жағдайын бағалаңыз.

  12. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

  13. Катетерді алап тастаңыз.

  14. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет