«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру



бет101/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   110
Байланысты:
КК диф зачет (2) (2)

Эндоскопиялық зерттеу тәсілдері - ерекше оптико-механикалық құралдардың арқасында көз бен қуыс мүшелерінің шырышты қабатын тексеру тәсілдеріне негізделген. Тексеру кезінде биопсия (тексерілетін ағзадан кішкене бір бөлімшесі) алуға болады.

Жиі қолданылатын эндоскопиялық зерттеу тәсілдері:

1. ФГДС (фиброгастродуоденоскопия) – фиброгастроскоп арқылы өңеш,

асқазан,12 елі ішектің шырышты қабаттары зерттелінеді.

2. Колоноскопия –колоноскоп арқылы жуан ішек зерттелінеді.

3. Ректроманоскопия – ректоскоп арқылы сигма тәрізді және тік ішек

зерттелінеді.

4. Цистоскопия – цистоскоп арқылы қуық зерттелінеді.

5. Бронхоскопия- бронхоскоп арқылы бронх ағашы зерттелінеді.

Бронхоскопия - арнайы аспап – бронхоскоппен қолдану арқылы трахеяның және бронхтың шырышты қабығын тексеру әдісі. Жарықтандыру жабдықтары мен бейнекамерамен жабдықталған түтік көмей арқылы тыныс алу жолдарына енгізіледі,. Бұл заманауи жабдық 97% -дан астам ғылыми зерттеулер дәлдігін қамтамасыз етеді, бұл әртүрлі патологияларды диагноз қоюдағы таптырмайтын жабдық: созылмалы бронхит, рецидивті пневмония, өкпе обыры.

Мақсаты: Бронх тарамдары саңылауының жағдайын, бронхтармен
байланысы бар қуыстарды зерттеу

Бронхоскопияға дейін бірқатар диагностикалық зерттеулерден өту қажет:



  • өкпенің рентгенографиясы,

  • ЭКГ (электрокардиограмма),

  • қан анализі (жалпы, ВИЧ, гепатит, мерез)

  • коагулограмма (қан ұюына)

  • және нұсқауларға сәйкес басқалары.

Кешкі асты емшараға дейін 8 сағат бұрын ішу керек.

Зерттеу күнінде темекі шегуге тыйым салынады (асқынулардың қатерін ұлғайтатын фактор).

Бронхоскопия тек аш қарынға жүргізіледі.

Таңертең тазартатын клизма жасау керек (іштің ішкі қысымының ұлғаюы себепті ішектің еріксіз босатуы профилактикасы).

Манипуляция алдында қуықты босату жөн.

Қажет болған жағдайда дәрігер жеңілдетілген седативті емшара күніне тағайындайды. Бронхиалды демікпесімен науқастарда ингаляторлары болуы керек.

Жүрек-тамыр ауруларынан зардап шегетін адамдар, бронхоскопияға дайындық жекелеп әзірленген бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

Торакоскопия — жасанды түрде өкпеге ауа жіберіп емдеуден кейін троакар канюлясы арқылы енгізілген торакоскоп көмегімен сірі қабық қуысын эндоскопиялық зерттеуТоракоскоп металдан жасалған түтіктен және электр шамы бар арнайы оптикалық аспаптан құрастырылған торакаскопия өкпе қабының висцералды және париеталді жапырақшаларын көруге, биопсия алуға өкпе қабының жабысқанын ажырату үшін және т.б. әртүрлі емдеу шараларын жасау үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет