Зимницкий сынамасы бойынша зәрді дұрыс жинау.
Зимницкий сынамасы бойынша зәр тәулік ішінде белгілі уақыт аралығында жиналады. Қажетті материалды дұрыс жинау үшін қажет:
» 8 таза ыдыс
» сағат (зәрді белгілі уақыт аралығында жинау қажет)
» күнделікті қабылданатын сұйықтықты жазатын блокнот (көже, сүт тағы басқа да
сұйықтық көлемі жазылуы қажет)
Зерттеу үшін зәрді қалай жинау қажет?
1. Таңғы алтыда қуықты унитазға
босатуқажет.
2. Тәулік бойы әрбір 3 сағат сайын
қуықты арнайы ыдыстарға
босатып отыру қажет.
3. Қуықты босататын уақыт тізімі 9:00, 12:00, 15:00, 18:00, 21:00,
24:00, 03:00, 06:00.
4. Толтырылған ыдыстарды суық жерде жабық күйде сақтау қажет (тоңазытқышта).
5. Келесі күні таңертең барлық ыдыстардылабораторияға апару қажет және күнделікті пайдаланған сұйықтық көлемі жазылған қағазды беру.
Достарыңызбен бөлісу: |