«Мейіргер ісі» Талдықорған 2020 оқу ж ж. МазмұНЫ


Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау



бет103/143
Дата30.04.2023
өлшемі211,61 Kb.
#88517
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   143
Байланысты:
стандарт каз 2020

Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау


Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
Дайындаңыз:
сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді,контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін);
0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы - 370С.


Іс-әрекет алгоритмі:
Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз.
Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады.
Науқастан сұраңыз:
таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;
тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;
тік тұруын немесе тік отыруын;
қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай - бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердейқақырықты контейнерге жинаңыз;
қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.
Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз.


Ескерту:
егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;
қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет.


Атиптік жасушаларға қақырықты жинау


Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тынысалу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.
Дайындаңыз:
сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палата нөмірін, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет