Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта домалақтарын, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік препаратты,еріткіш ( натрий хлоридтің изотониялық ерітіндісі немесе инъекцияға арналған су) ,тері антисептигі, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
4.
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.Психологиялық дайындаңыз.
5.
Тіл астына байқау:
Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолғапты киіңіз.
2) Антибиотик таблеткасын (бірлік дозасын) төрт бөлікке бөліңіз;
3) Бір бөлігін пациенттің тіл астына салып уақытты белгілеңіз.
6.
Байқаудың нәтижесі:
1) байқау нәтижесін байқау жүргізген уақытынан бастап 20 минутан кейін, 1 сағат, 2сағаттан кейін, әр 2 с аралығында 24 сағат ішінде бағаланады.
2) егерде ауыз қуысының шырышты қабатында 10 мм папула пайда болса нәтиже «оң», пациентке препаратты тағайындауға болмайды;
егерде өзгеріс болмаса нәтиже «теріс», препарат тағайындалады;
3)Нәтижесін ауру тарихына тіркеледі.
7.
Тері байқауы:
Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолыңызды тері антисептиктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
Антибиотикті натрий хлоридтың изотониялық еретіндісімен араластырыңыз 100 000 ЕД антибиотикке 1 мл еріткіш;
Шприцке антибиотиктің 0,1 мл алыңыз;
Шприцке 0,9 мл еріткішті толықтырыңыз (өлшемі 0,1 мл )
залалсызданған салфетка салынған лотокқа шприцті, спиртке суланған 2 мақта домалағын салып, салфетканы жабыңыз;
білетік ортанғы бөлігінің алдынғы бетін спиртке суланған мақта домалағымен сүртіңіз;
антибиотиктік ерітіндісінің 1 тамшысын тамызып, уақыты белгілеңіз.
8.
Байқау нәтижесі:
егерде 30 минутан кейін тамызған жердің терісінде қызару, ісіну және қышуы болса, нәтиже «оң» - антибиотикті енгізуге болмайды;
егерде өзгерістер байқалмаса (нәтиже «теріс»), 30 минутан кейін скарификациялық байқау жүргізуге болады.
9.
Скарификациялық байқау:
1) білетік ортанғы бөлігінің алдынғы бетін спиртке суланған мақта домалағымен сүртіңіз;
2) антибиотиктік ерітіндісінің 1 тамшысын тамызып ;
3)скарификатырмен екі паралель 10 мм сызық жүргізіңіз (қан шықпасын);
4) уақытын белгілеңіз;
5) қолданған заттарды өңдеңіз.
10.
Байқау нәтижесі:
егерде 30 минутан кейін тамызған жердің терісінде қызару, ісіну және қышуы болса, нәтиже «оң» - антибиотикті енгізуге болмайды;
егерде өзгерістер байқалмаса (нәтиже «теріс»), 30 минутан кейін байқау тері ішіне жүргізіледі
11.
Тері ішіне байқау жүргізу:
Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолыңызды тері антисептиктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз;
Антибиотикті натрий хлоридтың изотониялық еретіндісімен араластырыңыз 100 000 ЕД антибиотикке 1 мл еріткіш;
Шприцке 0,1 мл антибиотик ерітіндісін алыңыз;
Шприцке 0,9 мл еріткішті толықтырыңыз (өлшемі 0,1 мл )
залалсызданған салфетка салынған лотокқа шприцті, спиртке матырылған 2 мақта домалағын салып, салфетканы жабыңыз;
қолғапты антисептикпен өңдеңіз;
білетік ортанғы бөлігінің алдынғы бетін спиртке суланған 2 мақта домалағымен кезекпен сүртіңіз;
антибиотиктің 0,1 мл тері ішіне енгізіп, уақытын белгілеңіз
Қолданған заттарды өңдеңіз.
12.
Байқаудың нәтижесі:
1) байқау нәтижесін байқау жүргізген уақытынан бастап 20 минутан кейін, 1 сағат, 2сағаттан кейін, әр 2 с аралығында 24 сағат ішінде бағаланады.
2) инъекия орнында қызару, ісіну және қышуы болса, нәтиже «оң» - антибиотикті енгізуге болмайды;
егерде өзгерістер байқалмаса (нәтиже «теріс»), пациентке препаратты енгізуге болады;
3)Нәтижесін ауру тарихына тіркеледі.