Допты бір-біріне лақтыру және оны қос қолмен қағып алу ( қос қолмен бастан асыру тәсілі , саптың арасының арақашықтығы 2 метр).
Орнынан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: Арақашықтығы 1,5 м екі сапта тұрып, лақтыру күшін сап арасындағы арақашыққа сәйкес допты бір-біріне қос қолмен бастан асырып лақтыру. Орнында тұрып ұзындыққа секіруде қос аяғымен екпінді итеріліп, қолды төмен-алға қарай қатты қимылдауды орындап, жартылай бүгілген аяқпен секіріп түсе білуін бекіту.
Ойын: «Қамбадағы тышқандар». Белгі бойынша қимылды сәйкестендіру, аяқтың ұшымен жүгіру.