Допты кеудесінен қос қолымен жіптен асырып лақтыру (жіпке дейінгі арақашықтық 2 м). 20 см биіктіктен төменге секіру.
Мақсаты: Тұрып, 2 м арақашықтықтан допты қолды көтергендегі биіктікте тартылған жіптен асырып лақтыру. Орындықтан секіргеннен кейін, басты және денені тік ұстап, алдыға қарап, тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту.
Ойын: «Тұлпар» Ептілік, төзімділік түрлі қарқында және бағытта жүгіру.
1
51
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қырындап өрмелеу (2 көлденең салма бойынша).
Кеудеден қос қолымен допты тордың үстінен лақтыру (торға дейінгі арақашықтық 2 м)
Мақсаты: Көлденең бағытта қолдарын бір көлденең салмадан екінші көлденең салманы ұстап және оң жаққа қырындап жүріп гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне өтуді үйрету. Допты қолды көтергендегі биіктікте тартылған тордан асыра екпінмен лақтыру, 2 м арақашықтықта тұрып, допты алдыға-жоғары бағыттай білуді бекіту.