«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған



бет3/50
Дата21.04.2022
өлшемі202,91 Kb.
#31731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: әдебиет туралы ғылым және оның салалары; әдебиеттану ғылымының қосалқы салалары; әдебиеттің халықтығы, ұлттығы мен жалпыадамзаттық сипаттары; көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы; көркем бейне оның жасалу жолдары; көркем туынды тілі, өлең құрылысы. әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар.



3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:

Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өэге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.



3.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

«Балалар әдебиеті» бұрын өтілетін «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп саралау қажет. Көркем шығармаға талдау жасаудың ғылыми принциптерін игеру, әдебиет пен фольклорды зерттеп үйренуге қажетті біліммен қаруландыру; әдеби шығарманың мазмұны мен пішінінің арақатынасының сырын ұғыну; әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, игеру; әдеби даму процесі, оның заңдылықтары, көркемдік тәжірибе дәстүрі мен жаңашылдық мәселелерін көркемдік тұрғыда қабылдай білу; көркемдік, оның өзіндік болмысын, көркемдік өлшемдерін біліп, танитын талғам қалыптастыру; әдеби туындының ішкі, сыртқы аспектілерін саралай алып, түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет