Lesson Study- «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі деген мағына. 2007–жылдан Жапониядан тыс жерлерде танымал бола бастады. АҚШ Азии елдері + Европа (Великобритания, Швеция)
«Lesson Study» өз бастауын батыс білім философисынан алады, оның ортасында бала тұрады.
1970 жылдан бастап «Lesson Study» барлық жапон мектептеріне енгізіліп, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып есептеле бастады.
«Lesson study» бағдарламасы Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектептерінің дайындауымен 2012 жылдан бастап мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында қолға алынған. Бағдарлама «Кембридж методы» деп аталған, оны дайындауға Кембридж университетінің мамандары қатысқан.
Lesson Study қазіргі кезде:
Сингапурда
Гонконгте
Қытайда
Ұлыбританияда
Швецияда
Канадада қолданылады
Lesson Study-дің ерекшеліктері Жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту Мұғалімдермен біріге отырып жұмыс істеу «LESSON STUDY»тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:
Әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжей дәлелін көруге;
Мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;
Оқыту нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
Lesson Study-дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға;
Lesson Studу мүмкіндіктерінөзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.
Жалпы зерттеуді жүргізу барысын келесі кезеңдерде қарастыруға болады: