Меніңше, біздің әкеміз әлемдегі ең жақсы әке. Ешкімге қатты сӛйлемейді, ешкіммен ренжіспейді



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата26.01.2023
өлшемі0,86 Mb.
#63119
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Сөнген үміт 
Наурыздың басы болатын. Балалар үйінің «атаманы» Даян кешкі тамақтан кейін 
Фарит екеуімізді ӛзіне шақырды. Оған тағы не керек болды екен? Біздің енді 
ешқандай бүлдірген нәрсеміз жоқ сияқты еді... 

Сендерге маңызды тапсырма бар, — деді Даян. Ӛздерің білесіңдер, 8-наурыз 
жақындап қалды. Маған жақсы кӛретін қызыма сыйлық алып беру үшін ақша 
керек. Сендер ақылды, қысылған кезде тез жол тауып кететін балалар болған соң 
осы жерге шақырдым. Екі күн қалды — маған елу рубль тауып беріңдер... 

Оны біз қайдан аламыз? — деп таң қалдым. 

Ол сендердің жұмыстарың: қарызға аласыңдар ма, ұрлайсыңдар ма, еңбек етіп 
табасыңдар ма... Егер екі күннен кейін елу рубль болмаса, ӛз обалдарың ӛздеріңе. 


Мен бәрін айттым, іздеңдер, ойланыңдар, — деді де тӛсегіне керіліп-созылып 
жата кетті. — Барыңдар, барыңдар... 
Тағы да мына Даян... ол бізден мықтырақ, сондықтан соны пайдалануда. Сабақты 
нашар оқиды, кішкентайларға әлімжеттік кӛрсетеді. Ана жолы маған істегені анау. 
Енді міне, ақша талап етуде. Тәрбиешіге айтсақ одан да қиын болады. Айтып 
қойғанымыз үшін ұрып тастайды. Басқа балаларды да саған қарсы қойып қояды. 
Сонша ақшаны қайдан табамыз! Мұндай соманы ешкім бізге қарызға бермесі анық. 
Ұрлыққа ӛлтірсе де бармаймын! 
Ертеңінде мектептен кейін дүкенге бардық. 

Сұрасақ, біреу-міреу беріп қалар, — деп Фарит ұсыныс айтты. 
Біреулер кіреді, біреулер шығады. Ақша сұрауға ұялдық. Сӛредегі заттарды кӛрген 
болып біз дүкенде ұзақ айналсоқтап жүрміз. Орталық кӛшедегі бір әйел дүкенге 
екінші рет айналып келді. Бізді қайта кӛрген ол таңданысын жасыра алмады: 

Тұз алуды ұмытып кетіппін, қайта келуге тура келді, — деді сатушыға. — Ал 
мына балалар әлі тұр. 

Иә. Тұра берсін — олар маған бӛгет жасап тұрған жоқ. Сатып алушы бізден сұрай 
бастады: 

Сендер біреуді күтіп тұрсыңдар ма, балалар? 



Жоқ, ешкімді... — Ол біз тәттілер сатып алғысы келіп тұр деп ойласа керек, бізге 
он рубль берді: 

Алыңдар, бүгін жұма — садақа беретін күн, — деп жомарт әйел тұз сатып алды да 
дүкеннен шығып кетті. 
Бұл он рубльге біздің қалай қуанғанымызды сӛзбен жеткізу де қиын. Енді қырық 
рубль тапсақ Даяннан құтыламыз. Балалар үйіне қайтып бара жатып тағы екі рубль 
тауып алдық. Қалтада енді он рубль жатыр! 

Бүгін жолымыз болды, — деді Фарит ақшаны тағы да санап. — Досым, біздің 
жолымыз болғыш екен. 

Иә, егер жақсылап тырыссақ ертең мүмкін елуге жеткізерміз... 
Келесі күні дүкенге кірмедік, сатушыдан ұялдық. Ӛзімізді қайрап ӛтіп бара жатқан 
адамнан тиын-тебен сұрап кӛріп едік, ол бас тартқанымен қоймай бізді ұялтып 
тастады. 

Ӛскенде ешкімнен ақша сұрамайтын боламын, — деді Фарит. — Ӛзім еңбектеніп 
кӛп-кӛп ақша табамын. Біреу-міреу қарызға сұраса, берер едім. Дүкеннің маңында 
жүріп-жүріп бір кезде Фарит жақсы бір ұсыныс айтты: 

Ілияс, жоғарғы кӛшелерде қар еріп жатыр. Сол жақтарға барып кӛрейік — егер 
біреу-міреулер тиындарын жоғалтып алса, қардың астынан шыға бастаған шығар. 
Досым жақсы ой айтты. Біз жоғары жақтағы кӛшеге қарай бағыт алдық. 



Ойлап кӛрші, біреу кӛшеде келе жатып аяғы тайып құласа. Қалтасындағы 
ақшалары жерге шашылады. Ол болса байқамайды, тұрады да ары қарай қадам 
басып жүре береді, — деп Фарит болжам жасады. Несі бар, ондай жайт болуы 
мүмкін. Еріп жатқан жол үсті сырғанақ. Біз кӛшеде әр метр жерді қарап келе 
жатырмыз. 

Қара, Ілияс, қара! — деп сыныптасым қатты айқайлап жіберді. — Елу тиын тауып 
алдым! Алақай! 
Біз солай қараңғы батқанша жүрдік, басқа ештеңе тапқан жоқпыз. Қалтамызда бар-
жоғы 12 рубль 50 тиын... 
Балалар үйінде бізді Даян тосып тұрды. Біздің келгенімізді кӛріп бірден ӛзінің 
бӛлмесіне шақырды. 

Қане, менің елу рублімді шығарыңдар, — оның түлкі қарасы бізге ешқандай 
жақсылықтың нышанын білдіріп тұрған жоқ. — Қане, қане! 
Ақша Фаритте болатын, ол қалтасынан барлық тиын-тебенді алып шығып, Даянға 
ұсынды. Азғантай тиын-тебенді кӛріп «атаманның» түрі ӛзгеріп кетті: 

Не бұл? Сендер не, мені мазақтап тұрсыңдар ма?! 

Басқа таба алмадық, — деді Фарит дірілдеген үнмен. 

Білмеймін. Не, мен сендерге түсінікті етіп айтқан жоқпын ба?! Сендерден сұрап 
тұрмын! 



Екі күн іздедік, — деп мен де ақталып жатырмын. — Қайда бармадық десеңізші. 
Жұдырығын қатты жұмып алған Даян шкафты қатты ұрып жіберді. 

Мен сендерге ескерттім, ал мен сӛзімді жайдан-жай айтпаймын. Фарит, бүгін 
сенімен жұмысым болсын, ал ертең — Ілис, сенімен айналысамын, — ол біздің 
ақшамызды қалтасына салып алды да бӛлмесінен қуып жіберді. 
Аздан соң Даян ӛз бӛлмесіне барлық топтардағы балаларды жинап алды. Содан кейін 
бір бала жүгіріп барып Фаритті шақырып келді. Оған «атаман» не істейді екен? Ал 
ертең менің кезегім. Даянның бӛлмесі біздің жанымызда, сондықтан мен әр дыбысқа 
құлақ түріп тұрдым. Егер досымды ұра бастаса тәрбиешіге қарай жүгіру керек 
болады. Кӛп ұзамай терезенің түбінен дүрс ете түскен дыбыс естілді. 

А-а-а, басым! — не істерін білмеген ащы дауыс шықты. 

Ӛл-дім! Ӛл-дім! 
Жүгіріп барып терезеден қарасам Фарит қардың үстінде жатыр. Бірден оған қарай 
жүгіріп түстім. Сыныптасым ауырғаннан жерде домалап жатыр. Фаритті тубочкаға 
отырғызып қойып екінші қабаттан лақтырып жіберген екен. Ғимараттың жанындағы 
қар әжептәуір еріген болатын, кешке қарай ол маңның бәрі мұзға айналған еді. 
Досымды кӛріп оның басы қан-қан екенін аңғардым. Денем қалшылдап, Фаритпен 
бірге жыладым. Есік алдында жүрген басқа балалардың кӛмегімен оны медпунктке 


апардық. Ол жерде медбике басын таңғышпен орап берді де: «Үйленгеніңе дейін 
жазылып кетеді», — деп қалжыңдады. 
Фарит түні бойы ұйықтамады. Ол тӛсекте дӛңбекшіп жатты, кейде тұрып, жүруге 
тырысты. Таңға дейін кӛз ілмедік. Оның бетінде қан-сӛл жоқ еді. Таңғы астан ол бас 
тартты. 
Даян бәріне ештеңе айтпаңдар деп ескертіп қойған. «Кім айтып қойса, онысына 
ӛкінетін болады», — деген еді. Мен бәрібір болған оқиғаны Райфа апайға айтуға 
бекіндім. 

Ойдан шығарма. Үнемі сендер Даянды жамандап жүресіңдер, — деп ӛзіме ұрса 
жӛнелді. 
Фарит мектепке бармады. «Басым айналып жатыр, Шлияс, тұра алатын емеспін», — 
деді ол жасын сүртіп жатып. 
Тәрбиеші Райфа апай оны тыңдағысы да келмеді: 

Сабаққа бармау үшін әдейі істеп жатырсың. Түрің жап-жақсы. Болды, ӛтірік 
істеме! 
Бірнеше күндер ӛтті. Менің кӛңілді, күліп жүретін досымды бейне бір ауыстырып 
қойғандай. Тамақ жегісі келмейді. Екі қасық жейді де ыдысын итере салады. Оған бас 
ауруының дәрісін беріп, мектепке баруға мәжбүрледі. «Шекем ылғи ауырады, басым 
үнемі айналып тұрады», — дейтін Фарит. Бірақ оның сӛздерін ешкім тыңдамаушы еді. 


Сол күннен бері бір апта ӛтті. Мектепке баруға қалай мәжбүрлесе де досым енді бара 
алмайтын болды. Күні бойы тӛсегінде жатады, ешкіммен сӛйлескісі келмейді. Мен 
оның жанында отырамын, кейде су ішкізем. 
Міне, Фариттің дауысы шықты — мүмкін жазылайын деген шығар! 

Ілияс, сен маған қонаққа келесің бе? 
Мен абдырап қалдым — мұны қалай түсінуге болады?! Біз бір үйде, бір бӛлмеде 
тұрамыз ғой. 

Әне, тура ана жаққа қара, — деп тӛсегінде жатып бір нәрсені саусағымен 
нұсқады. — Кӛрдің бе, менің үйім қандай әдемі. Ауласында кӛлік тұр... 
Құдайым-ау, Фарит ӛз-ӛзімен сӛйлесе бастады! Қайдағы үй, кӛлік. Мен бірден 
медбикені шақырдым. Фарит болса ары қарай бірдеңелерді сӛйлеп жатыр. Медбике 
досымды ауруханаға алып кетті. Фариттің беті кӛкпеңбек болып кеткен еді... 
Бір ай ӛтті, ол болса ауруханадан әлі келген жоқ. 

Апай, Фарит қашан келеді? — деп мен күнде сұраймын. 

Сен мені сұрағыңмен әбден мезі қылдың! Не,онсыз ӛмір сүре алмайсың ба? 
Келмейді ол! — деп бірде Райфа апай кесіп айтты. — Оны басқа балалар үйіне 
ауыстырды... 
Маған үстіме мұздай су құйып жібергендей болды! 


Басқа балалар үйіне қалайша ауыстырады? Фарит келіспейтін еді. Біз балалар үйінен 
кеткен соң да дос болып қаламыз деп серт беріп едік қой. Ол Флюра тәтенікі сияқты 
үй саламын дейтін. Бір-бірімізбен отбасы болып араласып, қонаққа барамыз деуші 
едік. Фарит ӛзімнің дүкенім болса деп те армандайтын. Егер Райфа апай шын айтып 
тұрса, онда біздің арманымыз орындалмайды. Мен енді оны қайдан табамын? 
Тәрбиешінің сӛзінен кейін ӛзіме-ӛзім келе алмай ұзақ жүрдім. Сенбеймін. Бәлкім одан 
құтылу үшін ӛздері бір жаққа жіберген шығар... 
Оқу жылының соңына аз қалды. Ауа райы ашық, мейірімді күн жерді жомарттықпен 
қыздырып тұр. Мұндай әдемі шақта сыныпта отыру қиын. Қоңырау сабақтың 
басталуы жайлы хабар береді. Бәрі орын-орындарына отыра қалысты. Мұғалім 
сыныпқа кіріп келді де, кенеттен сынып журналын алуды ұмытып кеткені есіне түсті. 

Мұхаметов, мұғалімдер бӛлмесіне барып, журналды алып кел, — деп маған 
тапсырма берді. 
Мұғалімнің мұндай сенімі біз үшін үлкен мәртебе. Екінші қабатқа кӛтерілдім де 
сыныбымның журналын алдым. Оқу жылының соңы — тоқсандыққа қандай баға 
қойылып жатқанын кӛру қызықты ғой. Ешкім кӛрмей тұрғанда терезенің алдына 
барып журналдың беттерін аша бастадым. Фариттің аты-жӛні барлық жерде сызылып 
тасталыпты. Журналдың соңғы беттерін кӛруге қызығып кеттім — мүмкін досымның 
қай балалар үйіне ауысқаны жазылып тұрған шығар. Мен әлі де досымды тауып 
алудан күдерімді үзген жоқпын. Міне! Міне, мынау бет. Әрең оқылатын майда 


жазумен жазылыпты. Әйтеуір оқи алдым: «Мектептен шықты. Негіздемесі: қайтыс 
болуы туралы куәлік №ХР – 10252.» Мен ӛз кӛзіме ӛзім сенбедім! Ерінім кемсеңдеп 
кетті. Не? Фарит ӛліп қалған ба?! Ыстықтап, демалуым қиындап кетті. Басым қатты 
айналып, құлап түстім... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет