Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата21.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#10073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қолданылған әдебиеттер:
1.  Авакова Р.А. Фразеология теориясы. Монография. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 217 б.
2.  Қондыбай  С.  Арғықазақ  мифологиясы.  –  Алматы. 
Дайк-Пресс. 2004
3.  Рысбаева Г. Сан есімдерге байланысты культтік фра-
зеологизмдер.//  Н.  Сауранбаев  және  тіл  білімі.-  Алматы. 
2000.- 95-98 бб.
4.  Ыбыраев  С.  Аллаһтың  дәлелін  өз  шынашағымнан 
көремін. –Шапағат-Нұр.-Алматы. 2001.   –   №11. 
 

31
Әдебиеттану
К.Рахымжанов
                    
М.ӘУЕЗОВ – СЕМИНАРИЯ СТУДЕНТІ
Басы өткен  санында
М.Әуезовтен  6-7  жасы  кіші  болса  да  оны  балалық 
шағынан  білетін  жерлесі  Қ.Ақбердин  сол  уақыттағы 
Шыңғыс  өңірі  жастарының  қалада  оқып  жүргені  болсын, 
ауылда  еңбек  еткен  қатардағы  еңбекші  адамдары  болсын 
кешкілік жиналып көңілді кештер өткізу өздерінің дәстүрі 
болғанын айтады. Бұл дәстүрді тек Абай ауылы ғана емес, 
көзі ашық адамдары бар әрбір қазақ ауылының отбасыла-
ры кешкілікте, ел жиналып әңгіме дүкен құрғанда, ауылға 
сал-серілер, өнерпаз адамдар келіп өнер көрсеткенде, той-
томалаққа жиылғанда берік ұстанып отырған. Мұнда ат жа-
рыстырып, бәйге жүгіртіп, балуан күрестіру, ақындарды ай-
тыстыру сияқты ежелден елдің көңілін көтеретін ойындары 
мен қызықтарын тек Абай ауылында ғана болды десек оның 
шеңберін  тарылтып  қойғанымыз  болады.  Абай  ауылында 
өткен  жиын-тойдың  өзгешелігі  онда  өзінің  жаңалықтары, 
қала өмірінен үйренген жазба әдебиеті бар жұрттардан оқып 
үйренген әңгімелерін айтулары, скрипка сияқты аспапта ой-
нау сияқты жаңалықтары сөзсіз әрбір ауылда бола беретін 
жаңалық емес. Бұл сөз жоқ Абай салған жолмен жасалған 
жаңалық  еді.  Осы  салтты  ұстанып  келе  жатқан  ауыл 
кештерінде ауыл адамдарына өнер көрсетуден ешкім де тар-
тынып қалмай кештің көңілді өтуіне үлес қосады. Шәкірт 
Мұхтар да мұндай сәттерде өзінің өнерін көрсетуге тарты-
нып қалмаған. Бұл туралы естелігінде:
«Кстати  говоря  –  среди  населения  Чингисской  волости 
была давняя традиция устраивать вечера, на которых про-
водилось громкое чтение: для этой цели во многих наших 
аулах были свои постоянные чтецы, которые обычно нарас-
пев читали исторические поэмы, народные эпические песни 
о богатырях, разумеется, читали стихи Абая и пели его пес-
ни. Домбристы на этих вечерах играли кюи», – деп қызықты 

32
Әдебиеттану
кештің қонақтары қалада оқып жүрген студент жастар бол-
са олар да оқыған кітаптарынан қызықты әңгімелер айтып, 
оның  кейде  бірнеше  кештерге  созылатынын  әңгімелейді. 
Бұл туралы Абайдың ауылындағы кештерді суреттеген ро-
ман  беттерінен  де  оқушы  таныс  болғаны  белгілі.  Мұндай 
әдет оқушылардың оқыған кітабын мұқият түсініп, ұмытпай 
есте  сақтап  алуға  үйрететін  ерекшелік  болғанын  естелік 
айтушы  кеңіте  әңгімелейді.  Бұл  сияқты  әдемі  кештерге 
қатысып  оған  ұйымдастырушы,  дем  беруші  болып  басқа 
жастармен бірге Мұхтардың да араласып жүргенін айтады. 
Оқудан  қол  босап  ауылға  демалысқа  келген  кезде  сту-
дент Мұхтар көбіне жақын маңдағы ауылдардағы туыстарға 
сәлем беріп қайтуға барып келіп көбінше жеке үй тіктіріп, 
кітап оқып, оңаша жерде жазумен айналысады. Ел ішіндегі 
көпті    адамдармен  әңгімелескен  кезде  кей  нәрселерді 
қайтара сұрап ұмытып қалмай үшін жазып алып отырған. 
Онымен қоса өзі қатарлы ел ішіндегі өнерлі жастарды жи-
нап олардың өнерін тамашалауды ұнатты. Олардың ішінде 
әнші-серілер,  күйшілер,  аңшы-саятшылар,  жер  жағдайын, 
ескілік әңгімелерін көп білетін адамдар да жеткілікті еді.  
Бала  Мұхтардың  жасөспірім  шағында  ел  ішіне  кел-
генде    1910  жылы  Қ.Әсіржанұлына  тұрмысқа  шыққан 
апайы  Зүбайланың  үйінде  қонақ  болғандары  туралы 
М.Ақынжанов  естілігінде  келтірілген.  (7.305.)  Бұдан  өзге 
де  ел  ішіндегі  туған-туыстарына  оқудан  қайтқан  баланың 
барып  сәлем  беруі  сол  уақытта  парыз  саналған.  Бұл  үшін 
оның  қасына  жөн  білетін  үлкендердің  бірін  қосып  беріп, 
келген соң жолсапардың қалай болғанын әңгімелеп елдегі 
жаңалықтарды  айтып  отырудың  өзі  қырдың  өмір  ағысы 
жайында  ел  арасының  көптеген  қарым-қатынастары  жай-
ынан  мәліметтер  беретін  еді.  Бала  Мұхтардың  1910-12 
жылдардағы өмірінен көп дерек беретін мәліметтер одан үш 
жасы кіші И.Әлиннің естеліктерінде ұшырасады. Ол Семей 
қаласында А.Әуезовпен бірге оқыған кездерінде өздерінен 
сәл  ғана  үлкен    жасөспірім  Мұхтардың  пәтерінде  болып 

33
Әдебиеттану
араласып жүргендерін айтады. Бұл туралы былай деп еске 
алады:
«Мен Мұхтарды 11 жылдан білемін. Сол кезде Мұхтар 
Семей қалалық училищесінің студенті еді. Оның інісі Ахмет 
екеуміз  екі  кластық  орыс-қазақ  училищесінде  оқитынбыз. 
Мен Ахметпен құрдас едім. Ал, бізден Мұхтар үш жас үлкен 
болатын.
Біз Мұхтардың пәтеріне жиі келіп тұратынбыз. Сол бала 
күнінің өзінде-ақ Мұхтар жылы жүзді, кішіпейіл еді. Ретті 
жерінде  бізбен  әңгімелесіп  ілтипат  көрсететін.  Дудыраған 
қара бұйра шашы бар, қара қозының елтірісінен тігілген па-
пахасы болатын», – деп суреттейді естелік беруші. (7.374.) 
Осы жерде Ахметпен құрдас едім деп автор дерек берген-
де  қате  жіберген.  Егер  Ахмет  онымен  құрдас  болса  онда 
бала  Мұхтардың  одан  үш  жас  үлкен  болуы  мүмкін  емес. 
Бұл  жерде  жас  шамасындағы  айырма  білінбей  кеткендей. 
Жасөспірім  Мұхтар  екі-үш  сынып  жоғары  оқыған  соң 
естелік  айтушыға  үлкен  болып  көрініп,  қасында  жүрген 
Ахметті  де  үш  жас  кіші  деп  есептесе  керек.  Оның  үстіне 
қаладағы  кезінде  оның  қасында  бұлардан  бірнеше  жасы 
үлкен  ағалары  Қасымбектің  болғаны  да  оны  жас  шамасы 
үлкен етіп көрсеткен деуге болады. 
Семейдегі кезінде бала Мұхтарға қамқоршы, әке орны-
на  әке  болған  ағасы  Қасымбек  мұғалімдер  семинариясын 
1913 жылы жақсы оқып бітіргені туралы айтылады. Оның 
осы  студент  кезінде  үйленгені  жөнінде,  көп  ұзамай  сүзек 
ауруынан көз жұмып, соңында қалған жас келіншегінің де 
көп ұзамай қайтыс болғандығы туралы деректер сақталған. 
Ағасы Қасымбек пен оның сүйіп қосылған жары Қалияның 
(Ғалия) өзінің жанына жақын адамдар болғанын 1943 жылы 
Шыңғыс  елін  аралағанда  жазған  қойын  дәптеріне  жазған 
сөздерінде  жазушы  қимастықпен  еске  алады.  Елге  келе 
алмай  кеткен  көп  үзілістен  кейін  жазушы  өткен  өміріне 
қатысты  естеліктердің  бәрін  есіне  түсіріп,  Бөрліге  соғып 
әке-шешесінің бейітіне соғып туыстарына зиярат етеді. Бұл 

34
Әдебиеттану
туралы жазба дәптеріне былай деп жазады:
«Сағынып  кеп,  тағы  да  баяғы  сабаққа  бара  жатқан 
күндерде  әрбір  түп  шилер,  әрбір  асық  ойнаған  тауларға 
–  енді  қайта  айналып  сендерді  көрем  бе,  жоқ  па  деген 
қимас  көңілмен  қоштасып,  үлкен  көңілмен  кетіп  барам. 
Ағам (әкем), жеңешем (шешем), кәрі апам (үлкен шешем), 
қадірлі ағам Қаске (Қасымбек), жаны жылы жеңгем Қалия, 
апам – Күлсім, інім – Сәбидал – бәріңнің де қабіріңді көріп 
өттім.  Бірде-біріңнен  титтей  де  реніш  шеккен  шағым  жоқ 
екен»,–деп  еске  алады.  (8.365.)  Семейдегі  балалық  жыл-
дарында қалалық училищеге оқуға енгізіп, сабағына бірге 
қатынап білгенін інісіне үйретіп, сол кездің ыстық-суығын 
бірге  көрген  ағасы  Қасымбектің  бала  Мұхтар  үшін  орны 
бөлек еді. Оны көп уақыт ұмытпай еске алып жүруі, тәрбие 
беріп қамқорлық етті деп естеліктерінде үлгі етіп көрсетуі, 
жеңгесі  Қалия  мен  ағасының  арасындағы  бір-бірін  шын 
сыйлаған таза сүйіспеншілікті кейін зайыбы В.Н.Әуезоваға 
жиі-жиі айтып беруі сөзсіз осы жандардың ол үшін қандай 
қымбат, аяулы адамдар болғандығын көрсетеді.
Шәкірт  бала  Мұхтар  үшін  1910-14  жылдар  мектептегі 
күнделікті оқушы болумен шектелмеген тәрізді. Бастауыш 
училище  қабырғасында  орыс  тілінде  оқып  жүрген  оқушы 
бала осы ортада кең мәлім болып жүрген қазақ баспасөзінің 
сол 
жылдардағы 
басылымдарында 
жарияланған 
жаңалықтармен танысып, көркем әдебиет жүзіндегі шығып 
жатқан  кітаптардан  да  мол  хабардар  болды  деуге  болады. 
Өзінің 1923 жылы Ахмет Байтұрсыновтың  юбилейіне ар-
нап  жазған  мақаласында  әйгілі  жазушының  қоғамдық  ой-
ларымен ерте, оқушы кезінде-ақ таныс болғанын, сондағы 
ойлардың  әсерімен  тәрбиеленіп  өскендігін  айтқаны  бар. 
Онда жас жазушы Мұхтар былай деп жазады:
«Қазақ жастарының ардақты тәрбиешісі Ахаң сөйлегенде 
менің  есіме  «Қазақ»  газетінің  әндері  түседі.  Біз  ол  күнде 
мектеп ішінде жүрген бала едік. Бірақ патша саясаты темір 
бұғаудай мойынға батып, қазақ жұртын әлсіретіп, «кедейді 

35
Әдебиеттану
шалапқа  мас  қылып,  байды  қымызға  мас  қылып»,  елдігін 
жоғалтып  бара  жатқанын  тұманды  оймен  сезінуші  едік, 
көмескі жауы қазақтың бесіктегі баласының көзіне де еле-
стегендей еді.
Сол  уақыттарда  «Қазақ»  газетінің  бетінен  анда-санда 
оқып  отырған  әсерлі  анық  сөздер,  қауіптің  пішінін  айқын 
қылып  көрсетіп,  мектептегі  жас  балалардың  сезімін  түзу 
жолға беттеткендей болушы еді. Жас буынның жаңа туып 
келе жатқан әлсіз ойын жол мұндалап, жетегіне алып бара 
жатқандай болушы еді. Мектептегі сабағын оқымайтын бала 
«Қазақ»  газетін  көрген  жерде  қадалып  тұрып  қалатын»,– 
дейді.  (15.64.)  Сол  дәуірдегі  қазақ  мұңы  деп  елге  ой  салу 
үшін газет бетіне жазған мәселенің оқушы жастарға қалай 
әсер  еткенін  шәкірт  Мұхтар  есіне  берік  сақтаған  еді.  Бұл 
газет  пен  Ахаң  еңбегінің  көпшілікке  пайдасы  туралы  сөз 
қозғар алдында оның жұртшылық қолына тиген кездегі әсері 
мен ойға қалдырған ерекшелігін жазушы кестелі сөздермен 
бейнелей сөйлейді. 
Сол  кездегі  қазақтың  енді  қара  танып  оқи  бастаған 
мектептегі жастары мен елдің ертеңгі келешегіне бей-жай 
қарамайтын  адамдарының  барлығы  да  баспасөзде  пікір 
білдіріп,  қоғам  өміріне  кеңінен  араласып  отырған.  Осы 
бағыттағы жолда жүрген сол дәуірдің саясатты білген белді 
қайраткерлері мен ақын-жазушыларының осы дәуір туралы 
не ойлар айтып жүргенінен де оқушы шәкірт баланың мо-
лынан хабардар болғанын бұдан арғы бірер жылда жарық 
көре бастаған мақалаларынан тани түсеміз. Оқушы шәкірт 
Мұхтар училищедегі жылдары тек күнделікті сабақ оқумен 
ғана  емес  қазақ  еліндегі  қоғамдық  ойлардың  дамуы  ба-
рысымен  де  танысып,  ол  жайынан  мол  хабардар  болғаны 
байқалады.  Бұл  уақыттарда  ауылға  келгенде  де  шәкірт 
жастың  үнемі  кітап  оқып,  каникулға  қайтқанда  оқитын 
кітаптарын өзімен бірге ала келіп, бос уақытын түгел дерлік 
жазу  мен  оқуға  арнайтынын  естелік  айтушылар  көп  рет 
келтіріп жазған. Шәкірттік кезең бала Мұхтардың қоғамдық-

36
Әдебиеттану
әлеуметтік  көзқарасының  да  қалыптасқан,  ұшталып  өскен 
кезеңі болды десек қателеспейміз. 
Бұл ретте сол дәуірдің мұңын мұңдап, ел сөзін сөйлеген 
ірі  ғалымдары  мен  қоғам  қайраткерлерінің  пікірлері 
мен  сөйлеген  сөздері,  кітаптары  мен  газет-журналдарда 
басылған  заман  ағымы  жайлы  жазған  дүниелері  болашақ 
жазушының қаламын ұштап ойын жетілдіруге көмектескені 
анық.  Олардың  ішінде  Семей  өңіріне  сол  жылдары 
бірнеше рет келіп-кетіп жүрген қазақ даласына аты мәлім 
болған  Ә.Бөкейханұлы,  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатұлы, 
Ж.Ақпайұлымен бірге осы өңірде қызмет еткен О.Әлжанұлы, 
Р.Мәрсекұлы, Шәкәрім еңбектері жас шәкіртке әсер етпей 
қойған жоқ. Бұл рухани ізденістің кеңейе бастаған айдыны 
оның қоғамдық ойларының жетіле түсуіне, өмір ағысының 
беталысын жіті аңғарып, ел мүддесі үшін мақсатты түрде 
қызмет етуге бағытталған көзқарасының ерте айқындалуына 
көмек берді. Шәкірт бала Мұхтардың алғашқы қағаз бетіне 
түскен  ойлары  мен  пікірлерінен  20-ғасыр  басындағы 
қазақ  жерінде  болып  жатқан  қоғамдық  өзгерістерге  деген 
ағартушылық-демократиялық  бағыттағы  көзқарастарды 
көруге  болады.  Жас  жазушының  бұғанасы  қатпаған 
балғын  ойлары  орыстың  демократиялық-ағартушылық 
бағытындағы  әдебиетінің  идеяларымен  терең  сабақтаса 
бойлап  тамыр  жайғанын  көруге  болады.  Оның  үстіне  жас 
шәкірттің  көркемдік  ойлау  қабілеті  мен  ерекше  талант 
табиғаты  да  өзінің  өскен  топырағынан  нәр  ала  жайқалып 
көтеріле бастағаны белгілі болады.
Өстіп  15-16  жасында  жасөспірім  баланың  бойындағы 
білім мен талант ұшқыны өзінің қатарлас оқушы ортасына 
белгілі болумен бірге ұстаздар назарын аударып, былайғы 
жұртшылыққа да келешегінен үміт күттіретін жас ретінде 
ертерек таныла бастайды. Студент Мұхтардың қатарластары 
арасында  сыйлы,  кішіпейіл,  сабақты  үнемі  жақсы  оқып, 
берілген  тапсырманы  артығымен  орындайтын  қабілетті 
оқушы  болғандығы  оның  бұдан  арға  өміріне  де  өзінің 

37
Әдебиеттану
алғашқы белгілерін жақсы сақтай отырып жалғаса түседі. 
Осы жақсы қалпымен қоғамдық қызметке еніп ата-ананың 
үмітін ақтау, өмірден орын алу, үйленіп отбасын құру, елдің 
қажетіне жарау деген сияқты әрбір ақыл-ойы дамыған қазақ 
баласы ойлаған мақсатты бұл да ойлағаны анық. Бірақ оның 
ойы  азғана  уақытпен  қанағаттанатын  қатардағы  адамды  
жұбатарлық шағын, шектеулі мақсатпен тұйықталып қалмақ 
емес. Оның сөз жоқ алған мақсаты да, ойлаған ойы да көркем 
әрі  биік  идеяларға  толы  таза  шығармашылық  мақсатты 
көздейді.  Осы  мақсат  жазушылыққа  деген  қызығушылық, 
білмекке  құмарлық,  білген  нәрселерді  көркемдік  оймен 
жеткізіп,  заманының  идеяларын  жұртшылыққа  ұсынсам 
деген  ізденіс  сөз  жоқ  одан  барша  жігері  мен  қайратын 
жұмылдырған ерекше талантты қажет етті. 
Сол дәуірдегі қоғамда жаңа идеялар да, сыншыл ойлар 
да, қазақ өмірін алға бастыру туралы түрлі көзқарастар да 
жеткілікті  еді.  Бірақ  мақала  жазса  да  бейнелі,  ойлы  етіп 
жазу,  әрбір  айтқан  сөзімен  жұртшылықты  ойға  қалдыру 
жағынан  жас  кезінің  өзінде-ақ  шәкірт  Мұхтардың  талан-
ты  төңірегіндегі  оқығандардың  барлығын  да  разы  етті. 
Қазақтың көркем ойы мен қоғамдық өміріне қызмет ететін 
қалам  қайраткерлерінің  арасында  сөз  жоқ  өз  заманының 
сөзін айтатын шын таланттың өмірге келгеніне біраз жылда-
ақ жұртшылықтың көзі анық жетті. Бірақ таланттың жолы 
қашанда оңай болмаған, өзінің білім күшімен ертерек көзге 
түскен жас қаламгерді тани білумен бірге оның қызметінің 
саяси  жағын  бетке  ұстай  отырып  үнемі  әрбір  қадамынан 
жаңылыс кеткен қателер тапса қуана жариялаған серіктестер 
мен  қайраткерлер  де  сол  дәуірде  қатар  қызмет  етіп,  бірге 
өмір сүрді. 
Шәкірт бала алдында өмірдің талай қиын асу белестері 
күтіп  тұрды.  Осыны  білгендей  жас  шәкірт  босаңдық  та-
нытпай  үнемі  қоғамдық  өмірдің  алғы  қатарынан  табыл-
ды.  Өзі  оқыған  бастауыш  училище  мен  оқытушылар 
семинариясының қоғамдық жұмыстарына белсене араласа 

38
Әдебиеттану
отырып, жас шәкірт енді қалалық дәрежеде өткізілетін түрлі 
мәдени шараларды ұйымдастыруға да басқа шәкірттермен 
бірге  өзінің  үлесін  қосуға  талпыныс  жасайды.  Кеңестік 
кездегі  көп  айтылған  өмірбаян  деректерінде  де  үнемі 
қайталана  жазылып  жүрген  Абайдың  қайтыс  болуына 
10  жыл  толуына  арналған  еске  алу  кешіне  шәкірттерден 
Мұхтар,  Қаныш,  Жүсіпбектердің  қатысуы  сөз  жоқ  сол 
көптеген  маңызды  мәдени  оқиғалардың  бірі  еді.  Сол 
уақытта  Семей  сияқты  шет  аймақта  жатқан  губерниялық 
кішкене қалаға Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, 
Ж.Ақпаев  сияқты  есімі  алты  алашқа  мәлім  азаматтардың 
келуі, жұртшылықпен кездесіп ел алдына шығып сөз сөйлеуі 
кәдімгідей жаңалық болатын. Бірақ өкінішке қарай кеңестік 
саясат  жылдары  бұл  туралы  айтылмайтын  шындықтар 
ел  жадынан  бұл  оқиғалардың  түгелдей  дерлік  зорлықпен 
өшіріп жіберді де олардың көбі ұмытылып қалды. 
Кеңестік баспасөз алаш десе ауызға алуы былай тұрсын 
олардың ісін қаралай сөйлеп, қарадай атынан жұрт үркетіндей 
етіп қойған соң қуған-сүргін жылдарында бұл туралы мүлде 
айтылмайтын болды. М.Әуезовтің де шәкірт кезіндегі осы 
ұлттық демократиялық қозғалыстың белді мүшесі ретіндегі 
көзқарастары 1980 жылдаға дейін жабық тақырып есебінде 
шаң басып жатты. Оның «Талап», «Бірлік» сияқты қоғамдық 
ұйымдарды құруға қатысуы, 1919-21 жылдардағы қоғамдық 
жағдай туралы терең ойлы мақалалары жабық болды. Бұл 
туралы енді айтыла бастағанда сол дәуірдің куәгері болған 
адамдардың  көпшілігі  бұл  дүниеде  жоқ  еді.  Сол  себепті 
де  Семей  қаласындағы  М.Әуезовтің  шәкіртік  кезіндегі 
жылдарының  көптеген оқиғалары анық жазылып, толықтай 
күйінде бізге жетпей қалған деуге болады. 
Жалғасы бар

39
Әдебиеттану
Ж.Рақыш 
ҒЫЛЫМИ ҚОРЛАРДАҒЫ НҰРПЕЙІС 
БАЙҒАНИННІҢ ҚОЛЖАЗБА МҰРАСЫ
Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің есімі қазақ әдебиеті 
тарихында  Жамбыл  Жабаевпен  қатар  аталады.  Ұлы  Отан 
соғысының  алғашқы  күндерінен  бастап  Қазақстанның 
түкпір-түкпіріндегі  халық  ақындары  заман  ағысына  ілесе 
білді,  ел-жұрттың,  жауынгерлердің  рухын  көтеретін  өлең-
жырларды  көп  шығарды.  Жамбыл,  Нұрпейіс,  Шашубай 
секілді  халық  ақындарының  үгіт-насихат  жұмыстарында 
белсенділік танытқаны белгілі, олардың үш айда шығарған 
өлеңдерінен  «Халық  қаһары»  жинағы  құрастырылды. 
«Қаһарлы сөз камал бұзады» деген жинақта мақал-мәтелдер, 
қанатты сөздер, батырлық жырлар мен Жамбыл, Нұрпейіс 
өлеңдерінен үзінділер жарияланды [1, 70-80]. Соғыс кезінде 
бүкіл халықты жігерлендіріп, биыл жетпіс жылдығын атап 
отырған жеңіс күнін бір табан жақындатуға жалынды жыр-
ларымен үлес қосқан халық ақындарының еңбегі зор.
Нұрпейіс Байғанин – Батыс жыршылық мектебінің өкілі, 
Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр 
тәрізді белгілі ақын-жыраулардан үлгі алған эпик ақын. Жас-
тайынан жыршылығымен көзге түскен Нұрпейіс ақын жи-
ын-тойларда, Темір, Ойыл,  Ырғыз,  Орал  жәрмеңкелерінде 
өнер көрсетіп жүрген. Ол «Қобланды батыр», «Алпамыс ба-
тыр», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Айман, Шолпан» жыр-
ларын орындаған.
Нұрпейіс  Байғаниннің  шығармаларын  жинау  жұмысы 
1938 жылдан басталады. Сол жылы қазақ әдебиетінде айту-
лы оқиға – Жамбыл Жабаев шығармашылығының жетпіс бес 
жылдық  тойы  республика  көлемінде  кеңінен  атап  өтіледі. 
Халық  ақындарын  еліміздің  түкпір-түкпірінен  іздеп  табу 
үшін аймақтарға арнайы тапсырмамен ақын-жазушылар ат-
танады. Ақын Дихан Әбілев мұрындық болып, осы шараға 
арнайы шақырылып, арқалы ақын Нұрпейіс Байғанин май 

40
Әдебиеттану
айында  алғаш  рет  Ақтөбеден  Алматыға  «Ғасырдың  қарт 
бұлбұлы»,  «Жамбылға»  деген  бірнеше  жыр  шашуын  ала 
келеді, ол жан-жақтан жиналған ақындармен кездесіп, сөз 
жарысына түседі.
Осыдан бастап Нұрпейістің жұлдызы жанады, бүкіл елге 
танылған  ақтөбелік  ақынға  мемлекет  тарапынан  айрықша 
көңіл  бөлініп,  жағдай  жасалады.  Жазушылар  Одағы  оған 
арнайы әдеби хатшы бөледі, түрлі мемлекеттік наградалар-
мен марапатталады. 
Нұрпейіс ақынның алғашқы әдеби хатшысы болып Ақтөбе 
облысындағы белгілі ақын, өз ісіне асқан жауапкершілікпен 
қарайтын Ахмет Ескендіров белгіленді. А.Ескендіров жиыр-
ма жасынан мұғалім болып, он екі жыл бойы бала оқытып, 
ел ішінде сауатсыздықты жоюға белсене атсалысқан азамат 
болатын. Сондықтан қарт жыраумен жұмыс істеудің ретін 
біледі. Ақтөбе облыстық «Социалды жол» газетінде қаламы 
өткір  журналист  ретінде  көрінеді,  жеті  жыл  мәдениет 
бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген. 1938 жылдан 
бастап көкірегі сайрап тұрған, хат танымайтын 78 жастағы 
халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің әдеби хатшысы болып 
бекітілген төрт жылда осынау шығармашылық одақ жемісті 
еңбек  етеді.  Соның  нәтижесінде  1939  жылы  Нұрпейіс 
Байғаниннің  «Өрістеген  өмір»  жинағы  Ахметтің  әдеби 
редакторлығымен  жарық  көрген.  Өзі  сұранып  1942  жылы 
соғысқа аттанып, екі жылдан соң қырық төрт жасында қан 
майданда қаза тапқан [2, 347-352].
Нұрпейіс Байғаниннің ең көркем де құнды туындылары 
бізге  Ескендіровтың  қолтаңбасымен  жетті.  «Қобыланды» 
эпосының  ең  көлемді  9163  жолдан  тұратын  Нұрпейіс 
нұсқасын  ақынның  өз  айтуынан  1940  жылы  арнаулы  хат-
шысы  Ахмет  Ескендіров  жазып  алған,  түпнұсқасы  емес, 
жырдың  латын  әрпінде  машинкаға  басылған  нұсқасы 
«Ғылым  ордасы»  РМК  Ғылыми  кітапхананың  қолжазба 
қорында сақтаулы тұр: ҒК, Ш.62 Д. Жыр кіріспесінде ақын 
жыр  туралы,  оны  өзінен  бұрын  жырлаған  ұстаздары  жай-

41
Әдебиеттану
лы жеткізген. Ахмет Ескендіровтің Байғаниннен 1938-1941 
жылдары латын әрпінде жазып алған қолжазбалары Ғылыми 
кітапхананың  қолжазба  қорында  (711-бума,  8-дәптер) 
жинақталған. 
Сонымен қатар Ғылыми кітапхананың Сирек қолжазбалар 
қорында (705-бума) жыршы Н.Байғаниннің жырлауындағы 
1147 өлең жолынан тұратын «Алпамыс батыр» жыры, 4065 
жолдан тұратын «Құбығұл» көне эпостық жыры, М.О.Әуезов 
атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба қорында 
(106-бума)  2102  жолдан  тұратын  «Төрехан  батыр»  жыры, 
«Қырымның  қырық  батыры»  атты  жырлар  циклінің 
құрамына кіретін 2102 жолдық «Қарасай, Қази» жырының 
нұсқасы  сақталған.  Нұрпейіс  Байғанин  жырлаған  жыр 
нұсқалары  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  ая-
сында дайындалған «Бабалар сөзі» жүзтомдық сериясының 
33, 36, 41, 46, 52-томдарында жарияланды.
Нұрпейіс Байғаниннің мұрасына қатысты «Ғылым орда-
сы»  РМК  Ғылыми  кітапхана  сирек  қолжазбалар  қорында 
он бес бума (62, 88, 103, 105, 120, 121, 524, 649, 705, 711, 
843,  886,  887,  1049,  1113-бума),  М.О.Әуезов  атындағы 
Әдебиет  және  өнер  институтының  қолжазба  қорында 
он  бес  бума  (1,  2,  168,  169,  170,  369,  370,  414,  426,  427, 
428,  559,  566,  786,  946-бума)  жинақталған,  дегенмен 
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының 
қолжазба  қорындағы  біраз  қолжазбалардың  Ғылыми 
кітапхана  қорындағы  дүниелердің  көшірмесі  екені  тағы 
рас. Нұрпейіс Байғаниннің шығармаларын, қолжазбаларын 
қорға  тапсырған  азаматтардың  өмірбаяны,  жинаушылық 
қызметі,  қандай  жағдайда  және  қалай  жазып  алынды  де-
ген  мәселелер  терең  зерттеуді  қажет  етеді.  Оның  ішінде 
институт  қызметкерлері  Е.Ысмайылов,  М.Ғұмарова, 
О.Нұрмағамбетованың,  бекітілген  әдеби  хатшыларының 
қолтаңбасы  сақталған  қолжазба  қорындағы  халық  ақыны 
Байғаниннің  мұраларының  кейінгі  зерттеушілер  үшін 
құны  жоғары.  Кеңес  өкіметінің  бағытына  сай  келетін, 

42
Әдебиеттану
социализмнің  көсемдері  Ленин  мен  Сталинді  жырлаған, 
түрлі  тақырыптағы  өлеңдерімен  қатар  көлемді  эпикалық 
жырлары  да  жазылып  алынғаны,  Байғаниннің  рухани 
мұрасының  қолжазба  қорларында  сақталуы  қазіргі  таңда 
текстологиялық  және  деректанулық  тұрғыдағы  зерттеу-
лерге  жол  ашады.  Қолжазбадағы  түзетілген,  шимайланған 
тұстарды бастапқы қалпына келтіріп анықтауға осы заман-
да мүмкіндік бар.
Нұрпейіс  Байғаниннің  өмірбаянына,  әсіресе  Қазан 
төңкерісіне  дейінгі  ақынның  шығармашылығына  қатысты 
әлі  де  көмескі  жайттарды  анықтау  қажет,  қолжазба 
қорында  сақталған  бар  деректерді  салыстыра  отырып, 
ескі  қағаздарды  «сөйлетуге»  болады  деп  ойлаймын.  Мы-
салы,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  инсти-
туты  қолжазба  қорының  169-бумасында  сол  кездегі  фоль-
клор бөлімінің меңгерушісі, алаш қайраткерлерінің тәлімін 
алған,  академик  Мұхтар  Әуезов  «әдебиеттің  еңбек  то-
рысы»  атаған,  сталиндік  қуғын-сүргін  кезінде  жазықсыз 
айыпталған әдебиет зерттеушісі, әдебиет теориясы мен тари-
хына қатысты іргелі ғылыми еңбектердің авторы, Абайдың, 
Жамбылдың  толық  шығармаларының  академиялық  басы-
лымдарын  құрастыруға  қатысып,  редакциясын  басқарған, 
филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан 
ҒА-ның  корреспондент-мүшесі  Есмағамбет  Самұратұлы 
Ысмайылов  1944  жылы  14  қаңтарда  Нұрпейіс  ақын 
жөнінде  жазған  шығармашылық  мінездемесінде  мынадай 
мәлімет келтіреді: «1905-1906 жылы Темір жәрмеңкесінде 
Қазан  баспагерлерінің  бірі  Нұрпейісті  іздеп  тауып,  өлең-
жырларын айтып беруін сұрап, бастыруға рұқсат сұрайды. 
Бірақ Нұрпейіс баспахана адамына мұның арты қалай бо-
лар деген қауіппен жыр айтып бермейді, бірақ сол өңірдегі 
Сабыр  ақыннан  жазып  алған  дүниелер  «Сабыр  жырау 
сөздері», «Орақ-Мамай қиссасы» деген атпен 1908-10 жыл-
дары  Қазан  қаласында  кітап  болып  басылған».  Алдымен 
Нұрпейіс  Байғаниннің  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезеңдегі 

43
Әдебиеттану
шығармашылық өмірін және бұл деректі тексеріп қарастыру 
қажет.
Есмағамбет  Ысмайылов  тағы  былай  дейді:  «Нұрпейіс 
жас  шағында  Ақтанды  айтыста  жеңіп,  бес  уез  елге  ақын 
аты тарайды. Осыдан соң қай елге барса да, Нұрпейіс қарсы 
алған  халықтың  құрметі  мен  ықыласына  бөленеді.  25  жа-
сында бай-болыстар түрмеге жабады. Ол Батыс Қазақстан, 
Торғай,  Сырдария,  Түрікпен,  Қарақалпақ,  Хиуа  елдерінде 
жүріп жыр айтады. «Ер Едіге», «Орақ-Мамай», «Қазтуған», 
«Қарасай, Қази», «Қобланды» жырларын бірнеше ай бойы 
айтады екен. Өз аталары Көтібар, Есет, Бекет батыр туралы, 
«Ақ кенже», «Нарқыз» жырларын өз жанынан шығарған. Ке-
несары ұлы Сыздық туралы ертегіні айтып таратады». Осы-
лайша есте жоқ ескі заманда болған ертегі деп атау арқылы 
Сыздық  көтерілісін,  тарихтағы  хан  Кене  мен  Сыздықтың 
орнын  көрсетуден  жалтару,  басы  даулы  мәселені  айналып 
өту деп ұғыну қажет.
Институттың  алдағы  жылдарға  жоспарланған  ауыз 
әдебиеті  үлгілерін  жинақтайтын  «Ғасырлар  үні»  150 
томдық сериясының алдында «Бабалар сөзі» жүзтомдығын 
дайындау  барысында  жинақталған  тәжірибені  пайдала-
на  отырып,  алдын  ала  Нұрпейіс  Байғанин  секілді  халық 
ақындарының  шығармаларын  жүйелі  түрде  жинақтап,  ар-
хивтер мен қолжазба қорларындағы мәліметтерді саралап, 
үлкен дайындықпен келу керек. Ауыз әдебиеті өкілдерінің 
шығармашылық  лабораториясын  зерттейтін  жұмыс  тобын 
құру қажет болады.
Халық ақындарының өмірбаяндары жер-жердегі жинау-
шылар  немесе  институт  қызметкерлері  арқылы  жазылып 
алынды, оның ішінде Тіл, әдебиет институтының ғылыми 
қызметкері Оразгүл Нұрмағамбетова 1960 жылы 24 наурыз-
да  жазған  Нұрпейістің  өмірбаяны  Ғылыми  кітапхананың 
1113-бумасында,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және 
өнер  институты  қолжазба  қорының  369  және  370-бума-
сында  жинақталған.  Қазақ  КСР  Мемлекеттік  бақылау 

44
Әдебиеттану
министрлігіне  директордың  орынбасары  Ғ.Мұсабаев 
халық  ақыны  Н.Байғаниннің  шығармалар  жинағын  дай-
ындау  Қаз  КСР  Министрлер  кеңесінің  қаулысы  бойын-
ша Тіл және әдебиет институты мен Қазақстан Кеңес жа-
зушылары  одағына  тапсырылғанын,  1947  жылғы  баспа 
жос-парына  енгізілмей,  қаржы  қарастырылмағандықтан 
1948 жылы ғана Байғанин шығармаларын жинауға кірісіп, 
1949  жылғы  2  шілдеде  институттың  Ғылыми  кеңесі 
шешімімен  Қоғамдық  ғылымдар  бөліміне  ұсынылғанын, 
қазір  жұмыс  баспада  екенін  айтып  түсінік  берген.  Қазақ 
КСР ҒА президентінің көмекшісі А.Сыздықовтың тапсыр-
масымен О.Нұрмағамбетова жазған анықтамаға қарағанда, 
1947  жылдан  бастап  институт  қызметкерлері  Байғанин 
шығармашылығын  зерттеумен  айналысып,  1950  жылы 
Н.Байғаниннің  шығармалар  жинағын  қазақ  тілінде,  1956 
жылы  Н.Байғанин  шығармалар  жинағының  түзетілген 
2-басылымын  дайындаған,  осыдан  кейін  ақынның 
шығармаларын жариялаумен айналыспаған екен.
Халық    шығармашылығы  бөлімінің  аға  ғылыми 
қызметкері,  қазақ  қолжазбаларының  жанашыры,  эпос-
танушы  Мәлике  Ғұмарованың  қолымен  1957  жылдың 
16  қарашасында  қарындашпен  жазылған,  талапта 
көрсетілгендей бөлімге 500 метр емес, 5000 м магнитофон 
таспасы  қабылданғаны  жөнінде  берген  анықтаманы  (осы 
бумада сақталған) ғылым тарихы мен деректануға қатысты 
қызықты  мәлімет  ретінде  қабылдауға  болады.  Қазақ  КСР 
Орталық мемлекеттік архив бастығының міндетін атқарушы 
А.Самойловтың қолы қойылған 1955 жылғы 19 наурыздағы 
өтініш  негізінде  институтқа  Н.Байғаниннің  сегіз  фото 
көшірмесін берген. 
Ұлы Отан соғысы кезінде халық ақындарының жеңіске 
үндеген үгіт өлеңдері орыс тіліне тез арада аударылып жат-
ты, сол секілді Н.Байғаниннің рухты жырлары орыс тіліне 
аударылып,  «Известия»  сияқты  орталық  басылымдарда 
жарияланғаны белгілі, Ғылыми кітапхана қорының 886-бу-

45
Әдебиеттану
масында  сақталған  Ш.Бекмұхамедов,  М.Тарловский,  Бе-
кишев,  Л.Копыткин  жасаған  Байғанин  шығармаларының 
аудармасы  аударма  сапасы  мен  көркемдік-мағыналық 
сәйкестігі  тұрғысында  талдануы,  арнайы  зерттеудің  ныса-
ны болуы тиіс. Қазіргі кезде аудармашы Қайрат Жаңабаев 
Нұрпейіс  өлеңдерін  орыс  тіліне  аударумен  айналысып 
жүргені  2010  жылы  ақынның  150  жылдығына  арналған 
институт  ұйымдастырған  дөңгелек  үстел  барысында  сөз 
болған еді. Келешекте «Байғанин шығармаларының аудар-
малары» деген тақырыпта іргелі зерттеулер жазылуы тиіс.
Жыршылық  дәстүрді  жете  меңгерген  төкпе  ақын 
Нұрпейіс  Байғаниннің  әдеби  хатшылары  әр  жылдары  та-
ланттты  ақындар  Мәриям  Хакімжанова  мен  Қуандық 
Шаңғытбаев болған. Ғылыми кітапхана қорының 711-бума 
1-дәптерінде араб әрпінде жазылған қолжазбаны 1941-1944 
жылдары М.Хакімжанова жинаған.
ӘӨИ-дің ҚҚ 169-бумада 1943 жылы 6 наурызда Қуандық 
Шаңғытбаевтың Қазақстан кеңес жазушылары Одағы Пре-
зидиумы  төрағасы  Сәбит  Мұқановқа  орыс  тілінде  жазған 
мәлімдемесі  сақталған.  Ресми  қағаздар  орыс  тілінде  тол-
тырылушы  еді  ол  кезде.  Онда  Мариям  Хакімжанова  екеуі 
Байғаниннің  қолжазбасын  қарап  шығып,  редакциялық 
түзету енгізгені, 10 баспа табақ қолжазбаның дайын екені 
айтылған. 
Осы бумада тағы бір құнды жәдігер бар, ол – Қазақстан 
Жазушылар  одағы  Президиумы  Нұрпейіс  Байғанинді 
Сталиндік  сыйлыққа  ұсынғаны  жөнінде  Қазақстан  ком-
партиясы (б) Орталық Комитетіне жазған шығармашылық 
мінездемесі. 
1940 жылы 2-5-наурызда 6-Ақтөбе коммунистерінің кон-
ференциясында Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық 
Комитетінің  лекторы  Мустафин  Нұрпейіс  Байғаниннің 
шығармашылығын,  шәкірт  дайындаған  еңбегін  баса  айта-
ды,  шалқарлық  Ашубай,  Ойыл  ауданынан  Ысмағұловты 
атап  көрсетеді.  Нұрпейіс  Байғаниннің  сөйлеген  сөзі  орыс 

46
Әдебиеттану
тіліне  аударылған,  1949  жылы  9  тамызда  дұрыстығын 
куәландырып  қол  қойылған.  Ғылым  академиясы  бухгал-
тер  орталығының  бастығы  К.Т.Ташеновке  әдебиет  секто-
ры  меңгерушісі  М.С.Сильченко  Н.Байғаниннің  қаржылық 
мәселелеріне байланысты жазбаша түрде сұрау жүргізген.
Жинақтай  келгенде  «Ғылым  ордасы»  РМК  Ғылыми 
кітапхана  мен  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институтының қолжазба қорларында сақталған халық ақыны 
Нұрпейіс  Байғаниннің  мұрасын  төртке  бөліп  қарастыруға 
болады. Олар: 1) өз шығармалары (өлеңдері мен поэмала-
ры), 2) Нұрпейіс жырлаған жыр нұсқалары, 3) оның өмірі 
мен  шығармашылығы  жөніндегі  деректанулық  материал-
дар, 4) кеңес кезеңінде ақынның шығармалары жарияланған 
жинақтар мен кітаптардың көшірмелері.
Екі  бірдей  қолжазба  қорларындағы  Нұрпейіс  Байғанин 
шығармашылығына  қатысты  бумаларды  ақтарғанда  терең 
зерттеуді қажет ететін дүниелердің бар екенін анықтадық. 
Ғылыми қорларда, мұрағаттарда жинақталған қолжазбалар 
өскелең ұрпақтың бабалар мұрасын қастерлеуге, бағалауға, 
игеруге ықпал жасайды. Ғасырлар қойнауынан қалған әдеби 
жәдігеріміз өткен тарихтан сыр шертеді. Қолжазба қорында 
сақтаулы  рухани  шежіремізді  тарқатып  айтып,  насихаттау 
қажет. 
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Дүйсенов  М.,  Лизунова  Е.В.,  Нарымбетов  Ә.,  Мало-
вичко А.Л. Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдебиет // Қазақ со-
вет әдебиеті тарихының очеркі. – Алматы: ҚазССР ҒА ба-
спасы, 1958. – 70-86 б.
2. Сейдеханов К. Қазіргі қазақ поэзиясы // Қазақ әдебиеті. 
Энциклопедия. – Алматы: 1999. – 347-352 б.

47
Әдебиеттану
Сәулембек Г.Р.
ІЗДЕНІС ІЗДЕРІ
(Немат  Келімбетовтің шығармалары негізінде)
«Жаратқан  пендесіне    көтере  алмайтын  жүк  бермейді» 
деген  қасиетті  жазбалардағы  сөздің  шын  мәнісіне  таудай 
тауқымет  арқаласа  да  жігері  жасымаған,  мүгедектің  аза-
бын  тартса  да  ешкімге  ауырлығын  артпай,  қайта  елге  өз 
саласы  бойынша  мол  еңбек  етіп,  туған  халқына  аянбай 
тер  төккен  тау  тұлғаларды  көргенде    терең  дендегендей 
боласың. Кеңестік дәуір тұсында ауыр дертіне қарамастан 
әйгілі  «Құрыш  қалай  шынықты»  романымен  танымал 
болған  жазушы  Николай  Островскийдің  өнегелі  өмірі  сол 
дәуірдегі ұрпақ тәрбиесінде үлкен рөл атқарды. 1930 жыл-
дары  жазыла  бастап  1934  жылы  «Молодая  гвардия»  жур-
налында  жарияланған    романның  алғашқы  бөлімі    жарық 
көргенде 36,4 млн. данамен таралған екен. Романның киноға 
лайықталған нұсқасы 1942 жылы Ұлы Отан соғысы жыл-
дарында  түсіріліп,    мыңдаған  кеңес  әскеріне  жауынгерлік 
рух берді. 1957, 1973, 1975, 2000 жылдары бұл роман бой-
ынша  фильм,  сериалдар  түсірілді.  Режиссерлердің  бұл 
романға әр жылдары қайта-қайта оралып отыруы романның 
өміршеңдігінің, ұрпаққа берер сарқылмас өнегесінің  айғағы 
іспеттес. Шығарманың жазылу тарихының өзі оқырманына 
шуақ  дарытып,  қайсарлыққа,  табандылыққа  тәрбиелейді. 
Қолына қалам ұстауға дәрмені жетпеген жазушы романды 
транспоратордың  көмегімен  жазып  шығады.  Тағдырдан 
көрген теперішке менсінбей қарап, рухы мұқалмаған жазу-
шы: «Самое дорогое у человека – это жизнь. Она дается ему 
один раз, и прожить ее надо так, чтобы не было мучительно 
больно за бесцельно прожитые годы, чтобы не жег позор за 
подленькое и мелочное прошлое, чтобы,  умирая смог ска-
зать: вся жизнь и все силы были отданы самому прекрасно-

48
Әдебиеттану
му в мире – борьбе за освобождение человечества. И надо 
спешить  жить.  Ведь  нелепая  болезнь  или  какая-либо  тра-
гическая случайность могуть прервать ее»[1,125], – деп ой 
түйеді. 
Әрқилы  жағдайда  мүгедектікке  ұшырағанмен  рух 
асқақтығымен ерекшеленетін тұлғалар қазақ топырағында 
да  баршылық.  Техника  ғылымының  докторы,  профессор, 
Ұлттық  Ғылым  академиясының  академигі,  Қазақ  КСР-нің 
еңбек  сіңірген  қайраткері  Шахбаз  Әлімгерейұлы  Ершин, 
кино  майталманы,  актер  Кененбай  Қожабеков,  жазушы 
Бибігүл Иманғазина сияқты қайраткер тұлғалар әрқайсысы 
өз  саласы  бойынша  толайым  еңбек  атқарған,  өмірлері 
тағылымға толы жандар. Міне осындай батыр тұлғалардың 
бірі – Немат Келімбетов. 
Әдебиет    тарихын    жүйелеуде    өлшеусіз    үлес    қосқан  
түркітанушы-ғалым,  қарымды жазушы,  шебер аудармашы,  
ұлағатты ұстаз, филология  ғылымдарының  докторы, про-
фессор, Қазақстан Республикасы гуманитарлық ғылымдар 
академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың 
иегері    Немат    Келімбетовтың    әдебиетке    қосқан    үлесін  
бағамдау    бүгінгі    ұрпаққа      парыз    екені    даусыз.    Оның  
қатал тағдыр сынына тайсалмай,  қайыспас  қара  нардың  
жүгін    арқалап,    қазақ    халқының    бай    әдебиетінің    түп-
негіздерін  сонау  сақ,  ғұндардың  тәңірлік  дәуірінен  бері  
қарай  жүйелеуі  де,  келер  ұрпаққа  аманат  етіп  қалдырған  
философиялық  толғамдарға  бай  көркем  шығармалары  да,  
әдеби-танымдық  еңбектерінен  бөлек  аударма,  көсемсөз  
саласындағы  еңбектері  де  жеке-жеке  зерттелуге  лайық  
еңбектер  болса,  жеке  басының  өмір  тарихы  ұрпаққа  мәңгі  
өнеге  боларлық  ерлік  пен  өрлікке,  парасат-пайымға  толы. 
Түрколог  ғалым  сақтар  мен  ғұндар  дәуірінің  әдеби 
жәдігерлерін тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан терең зерттеу 
арқылы  қазақ әдебиетінің қайнар бастаулары осыдан жи-
ырма  жеті  ғасыр  бұрын  ғұмыр  кешкен  сақтар  мен  ғұндар 

49
Әдебиеттану
дәуірінде  өмірге  келген  әдеби  туындыларда  жатқанын 
дәлелдеп  берді.  Бұл  сөзімізге  ғалымның  әр  жылдары 
жарық  көрген  «Қазақ  әдебиетінің  ежелгі  дәуірі»  (1986), 
«Ежелгі  түркі  поэзиясы  және  қазақ  әдебиетіндегі  дәстүр 
жалғастығы»,  «Ежелгі  әдеби  жәдігерліктер»  атты  т.б. 
ғылыми еңбектері айғақ бола алады. 
Шындығында солай сақтар мен ғұндар және көктүріктер 
дәуірінен  бізге  жеткен  қаһармандық  дастандар  мен 
қазақтың  батырлық  жырлары  арасындағы  мазмұндық, 
тілдік, стильдік, т.б. ұқсастықтарды, яғни көркемдік дәстүр 
жалғастығын  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдеп  шыққаны  үшін 
Немат  Келімбетовке  «Филология  ғылымдарының  докто-
ры»  ғылыми  дәрежесі  және  «Күлтегін»  атындағы  сыйлық 
берілді. 
1974  жылы  «Шәді  ақын»  атты  ғылыми  еңбек  жазып, 
ақынның  шығармашылығын  терең  зерттеуге  үлес  қосты. 
Сондай-ақ Н.Келімбетов қаламынан көптеген көркем әдеби 
шығармалар туды. «Үміт үзгім келмейді», «Жарлы емеспін, 
зарлымын»,  «Ұлыма  хат»,  «Қариялар»,  «Күншілдік» 
шығармаларында  жарық  дүниеге  құштарлығын,  ел  мен 
халыққа  деген  махаббатын,  ұлттық  рух  пен  ұлттық 
құндылықтар, адамзаттық, азаматтық асыл мақсат-мұраттар 
туралы сөз болады.
Ғалымдығына, жазушылығына қоса аударма саласында да  
табысты еңбек етті. Атап айтар болсақ, Леонид Гурунцтың 
«Шіркін біздің Шушикент», (повесть, Алматы, 1977), Укра-
ин  қаламгері  Василь  Козаченконың  «Найзағай»,  (повесть, 
Алматы,  1979  ж),  өзбек  жазушылары  Саид  Ахмадтың 
«Көкжиек»,  Пірімқұл  Қадыровтың    «Жұлдызды  түндер» 
(Алматы, 1986)  романдарын қазақ тіліне тәржімәлады. 
Жазушылыққа  қадам  басқан  сәттегі  тырнақалды  ту-
ындысы  «Үміт    үзгім    келмейді»  (1981)      хикаят-моно-
логы    –    жазушының    өз    өмірінен    алынып    жазылған  
автобиографиялық  шығарма. Бұл шығарманың жазылу та-

50
Әдебиеттану
рихы жайлы жазушы өз шығармасында былай деп келтіреді: 
«...Сонау ауылдан анаңыз өмірден өтті деген хабар келген-
де  мен  жұлын-омыртқама  аса  күрделі  нейро-хирургиялық 
операция жасатып, төсекте шалажансар болып жатыр едім. 
Екі аяғым бірдей жансызданып, сал болып, екі қолымның 
саусақтары дірілдеп, әрең қимылдайтын, өмірден әлі дәмем 
болса  да,  қозғалуға  дәрменім  жоқ.  Алыстағы  ауыл  түгілі, 
мені дәл мына күйімде осы қала ішіндегі ауруханаға «жедел 
жәрдем»  машинасымен  жеткізудің  өзі  қиямет  еді.  Алайда 
қазақ өлікті көп түнетпейді. Міне сол үшін мен анама дәл 
бүгін жетуім керек деген тас түйін шешімге келдім. 
Ақыры мен шалқамнан жатқан күйімде «жедел жәрдем» 
машинасының зембіліне салып алып әуежайға жеткізді. Не 
керек  сондағы  жол  азабы  маған  көр  азабынан  кем  болған 
жоқ. Ақыры өлдім-талдым дегенде ауылға да жеттік. Анам 
марқұм табытта жатыр екен. Бетін жауып қойыпты. Туыс-
тарым  маған  арнайы  бөлме  дайындаған  екен.  Алайда  мен 
анамның  жанына  жатқызуды  өтіндім.  Сонан  анамды  жер-
леуге алып кеткенше жанында болдым. Бала кезімде осы-
лайша  анамның  жанында  жатуды  ұнатушы  едім.  Ал  қазір 
біріміз  табытта,  біріміз  табыт  секілді  зембілде  жатырмыз. 
Арадағы  бар  айырмашылық  мен  сөйлеймін,  анам  үнсіз 
ұйықтап  жатқан  сияқты.  Сол  жылы  мен  анаммен  емес, 
өмірімнің оралмас тұтас бір кезеңімен қоштасқандай болып 
қайттым. Тағдырыммен егескендей күйге түстім. Енді анам 
үшін де, өзім үшін де өмір сүргім келді. Өмір үшін, тіршілік 
үшін, бала-шағаны асырау үшін іштей тістеніп алып, қасірет 
кітабын жазуға кірістім. Менің «Үміт үзгім келмейді -  мо-
нологым осылайша өмірге келген еді» [2, 267-268].
Автордың  өзі  баяндағандай  өмірдің  ащы  сынағы 
тегеурінді таланттың жігерін жасыта алмады, өмірге ғашық 
етіп, ілгері қадам басуға жетеледі. Жазушының «Үміт үзгім 
келмейді»  атты монологқа негізделген шығармасы мыңдаған 
жүректердің  үміт  отын  маздатып,  күш-қуат  сыйлады.  Он 

51
Әдебиеттану
екі мүшең сау кезде бағасына жете бермейтін «Өмір» атты 
баға  жетпес  қазынаның    қадір-қасиетіне  терең    бойлауға 
шақырды.  Кейіпкерлерінің  бір-біріне  деген  алғаусыз 
пейілінің оларды жеңіске бір табан болса жақындата түскені, 
сын сағатта бір-біріне  деген ыстық ықыласын жоғалтпаған 
жұбайлардың жарасымды тіршілігі де – өнеге. Хикаяттың 
оқырманға берер тағлымы жайында әдебиеттанушы-ғалым 
Қ.Әбдезұлы:  «Тағдыр  тауқыметіне  душар  болған  бас 
кейіпкердің мұқалмаған ерік-жігері, қайсарлығы, ең басты-
сы, рух қуатынан айырылмаған азаматтық келбеті, болмыс-
бітімі қазақтың қаншама буынына үлгі, өнеге болатыны ай-
дан анық. Адал еңбегіне сенген, ұлы мақсаттар жолындағы 
қиыншылықтардың барлығын жеңе білген адамның қандай 
биіктерге көтерілетінін суреттейтін осынау повесть оқырман 
жүрегін шынайы баурады.
Барлық туындыларына өз өмірін, өз тағдырын арқау еткен 
қаламгер  әрқашанда  адамның  жақсы,  жарқын  қасиеттерін 
алдыңғы қатарға шығарады. Осы арқылы мынау қамшының 
сабындай қысқа ғұмырдағы адам тіршілігінің баға жетпес 
құндылығына,  мағынасы  мен  мәніне  терең  талдау  жасай-
ды», - деп пікір білдіреді [3, 3-7].
Шығармадағы  Ержанның    прототипі    жазушының    өзі. 
Гаухардың  прототипі  –  жазушының  жұбайы  Қуаныш. 
Кейіпкер  Ержанның  балаларының  есімі  Мұхит  пен 
Қайрат  шынайы  өмірдегі  есімдерімен,  өзгеріссіз  берілген. 
Шығармаға арқау болған сюжет – небәрі  отыз  бес  жаста  
мүгедектіктің  қамытын  киіп,  сары төсек  сал  болып  қалса  
да    жігері    жасымаған,    тауаны    шағылмаған,    нағыз    ер-
азаматқа  тән  қайсарлықпен  тіршіліктің  етегіне  жабысып  
тірі  қалудан  бөлек,  отбасы  алдындағы  жауапкершілігін,  
елінің  алдындағы  парызын  орындай  білген  жазушының өз 
өмірі.  Жұлынында ісік пайда болған кейіпкердің операцияға 
дейінгі және операциядан кейінгі өмірі бірінші жақтан ба-
яндалып,  адами  құндылықтар  мен  адам  бойындағы  асыл 

52
Әдебиеттану
қасиеттер  жайлы  ой-толғамдарын  ішкі  монолог  арқылы  
ер-азаматының  басына  түскен  ауыр  қайғыны  бөлісіп, 
отбасының таудай тауқыметін арқалап  жарына рухани демеу 
бола білген Гауһарға ақтарыла сыр ғып шертеді. Шығарма  
бас кейіпкердің бірінші жақтан баяндалған  ішкі  моноло-
гынан,  ішкі  ой  ағысынан  тұрады. Бұл қазақ әдебиетінің 
кеңестік  дәуіріндегі    баяндау  тәсіліндегі  жаңашылдық, 
әдебиеттің бағытына сай бағаласақ модернистік сипатқа ие 
шығарма.  Шығарманың  жанрлық  сипаты  хикаят-монолог 
деп  берілгенімен,  расында  да  монологтық  сипаты  айқын 
болғанымен кейіпкердің бір оқиғадан бір оқиғаға ауысып, 
бір ойдан бір ойға жалғасып кете беретін сана ағынын да 
байқауға  болады.  Бірақ  мұндағы  модернистік  сипат  күйкі 
тірліктің мағынасыздығынан жалыққан рухани дағдарысқа 
ұшыраған кейіпкердің сана тасқыны емес, рухани дағдарысқа 
ұшыраса  да  мойымаған  жанның  сана  тасқыны,  яғни  бұл 
әдіс  түбегейлі  мән-мағынасымен  емес,  аздап  өзгеріске 
ұшырап  жүзеге  асқан.  Мысалы,  операция  алдындағы  күн 
бейнеленген бөлім ауа райы, бау-бақша ішін, бүр жарғалы 
тұрған  алма  ағаштарын  сипаттаумен  басталып,    әкесінің 
бағбандығына  ойысып,  содан  алма  ағаштары  мен  табиғат 
құбылысының  адам  жанына  әсерін,  көршілес  палатада 
жатқан жігіттің «тірі қалмауың мүмкін» деген дәрігерлердің 
кесіміне  қарамастан  операция  үстеліне  жатып,  ажалмен 
соңғы демі қалғанша күресе білген қайсарлығын айта келе 
өзінің де ота алдындағы дүдамал күйінен, жан тебіренісінен 
хабардар етіп отырады. «Ал мен ше? Өлмей тірі қалу үшін 
қолымнан  келгеннің  бәрін  істедім  бе?  Өзімді-өзім  алдап, 
үрейге құл болып кеткем жоқ па? Ертеңгі операция да менің 
өмірдегі соңғы мүмкіндігім емес пе? Ауыр науқасқа душар 
болғанымды сезгелі бері күндіз – күлкі, түнде – ұйқы бер-
мей тіс құртындай жанымды қоярға жер таптырмай, өзімді 
әлекке салып қойған ауыр ойлардың ақтық шешімі күні ертең 
айқындалары хақ. Ол үшін тәуекелге бел буып шығу керек 

53
Әдебиеттану
болып тұр. Соны істеуге менің жүрегім дауалай ма?» [2, 26]. 
Ішкі тебіренісімен арпалысқа түскен кейіпкер Ержан сонау 
соғыстан екі аяғынан айрылып келген ағасы Қаратай жайлы 
оқиғаны да жұп-жұмыр етіп ой елегінен өткізіп, оны майдан 
госпиталінен  арқалап  әкелген  жас  жауқазын  келіншектің  
қайсарлығына бас ие отырып өзінің қандай күйге түсерін, 
мүгедек бола қалса жары Гауһардың қалай қабылдарын ой-
лап, оған іштей ақтарылады. Осыдан соң палаталас көршісі 
Ақылбек  тағдырына,  оны  мүгедектікке  дейін  жеткізген 
Раушандай  әйелінің  қатыгездігі  де  сөз  болады.  Арасын-
да  шындық,  өтірік,  бақыт  туралы  ой-толғаныстарымен 
өріліп, тағы да өз досының басынан өткен оқиғаға орала-
ды. Шығармадағы табиғат суреті, болмыс туралы кейіпкер 
ойлары  бір-біріне  қатысы  жоқ  жеке-жеке  оқиғалар  тұтаса 
келіп  Ержанның  сана  тасқыны  арқылы  шығарманың 
біртұтастығына  қызмет  етіп  тұр.  Шығарма  еуропалық 
Франс Кафка қоғамының марапатына ие болуының да бас-
ты себебі осында жатса керек. «Үміт үзгім келмейді» хика-
ят-монологы негізінде жазушы драмалық туынды да жазып 
шығып, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында 
тұсауы  кесілген  шығарманы  қалың  көрермен  ықыласпен 
қабыл алды. Өйткені шығарманың қай жанрда жазылғанына 
қарамастан оқырманына берер тағылымы мол. Кейіпкердің 
қамшының сабындай қысқа ғұмырда адамның он екі мүшесі 
сау кезінде бағасына жете бермейтін құндылықтар мен кісі 
басына іс түскенде ашыла кететін адам бойындағы абзалдық 
пен  аярлық  қасиеттерінің  ара-жігі  туралы  пайымдары, 
сондай-ақ  бір  отбасының  еңсесін  езген  ауыртпашылықты 
қажымай жеңе білуі, бір-біріне рухани демеу бола білуімен 
қатар парасат биігінен көріне алуын суреттейтін шығарма 
оқырманының жігерін жанып, қайраттандыратыны кәдік. 
«Ұлыма  хат»  эссесі  «Үміт  үзгім  келмейді»  хикаят-
монологының  заңды  жалғасы  іспеттес  шығарма.  Мұнда 
жазушы  өз  әкесінің  тағылымын,  өнегесін  бойына  сіңіре 

54
Әдебиеттану
отырып    баласына  да  тегін  білмеген  тексіз,  жеті  атасын 
білмеген жетесіз болады деп, ықылым заманнан жалғасып 
келе  жатқан  ұрпағына  тегін,  тарихын  танытуды,  тәрбие 
беруді  мақсат  тұтып,  «Міне,  мен  саған  өз  хатымда  «мың 
өліп, мың тірілген» қазақ халқының рухани тарихынан өз 
білгенімше  сыр  шертпекпін.  Ал,    тұтас  бір  халықтың  сан 
ғасырлық тарихынан хабардар болу үшін әрбір отбасының 
«шағын тарихын, яғни ата-тек шежіресін» білуі шарт» [2, 
253], - деп оны ұлына хат түрінде  жеткізеді. 
Көрнекті  ғалым  Сейіт  Қасқабасов  шығарманың  басты 
ерекшелігі  оның  дидактикалық  мақсат  көздейтінін,  келер 
ұрпағына рухани тарих, өзінің ата-тегі, шежіресі, туып-өскен 
ауылының  тарихы  сияқты  тақырыптар  бұл  эсседе  тамаша 
тілмен,  ойлы  адамның  жетесіне  жеткізе  әңгімеленгендігін 
айта келе: «Автор бұл тұста өзін жазушы ғана емес, білімі 
мол,  арғы-бергі  тарихты  зерделеуші  ретінде  танытады. 
Баласы  білуге  міндетті  деп  есептеп,  өзінің  әкесі  туралы, 
ауылдағы ағайын-туыстары, сол ауылдың өткені мен бүгіні 
жайында толғана да, қинала да жазады, оны ауылдың қазіргі 
жай-күйі, жастар проблемасы алаңдатады. Әңгімені осылай 
нақты тақырыптан бастап, бірте-бірте қазақ халқының бүкіл 
тарихына,  Қазақстанның  өзі  ғана  емес,  көршілес  жатқан 
Орта Азия мен Үндістан, Қытай, Мысыр, секілді елдердің 
ежелгі заманғы өміріне көшіп, қазақ ұлтының бүгінгі күнге 
қалай жеткенін көрсетеді... Міне, осының бәрі  «Ұлыма хат» 
атты эссенің міндеті мен мақсаты – келер ұрпаққа тағылым 
беру екенін айғақтайды»[4], - деп баға береді.  
Бұл  шығарма  формасы  және  стильдік  жағынан  1082-
1083  жылдарда  жазылған  «Қабуснамаға»  [5]    ұқсайды. 
«Қабуснаманы»  Гилан  ру-тайпасынан  шыққан  Кейқаус 
63 жасында өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазады.  Тәлім-
тәрбиелік  мәні  жағынан  ХІ  ғасырдағы  шығыс  педагоги-
касы  тарихында  аса  құнды  шығармалар  қатарынан  орын 
алатын «Қабуснаманы» жазар алдында өзінен бұрын өткен 

55
Әдебиеттану
ғалымдар  мен  зиялылардың  еңбектерімен  терең  танысып, 
өткен  дәуірдің  педагогикалық  еңбектерімен,  заманының 
білімі асқан мемлекеттерімен танысады. Сол кезеңнің үлкен 
мәдениет  ошақтары  болып  табылатын  Бұхар,  Самарқанд, 
Хорезм  өлкелерінде  болып,  ондағы  ғұлама  ғалымдармен 
сұхбаттас болады. Сондай-ақ ғылым мен ілім және тәрбие 
жөніндегі  ой-пікірлер  жинақталған  «Саходатнама»,  «Руш-
нойнама» шығармаларына ерекше назар аударады. 
Жоғарыда атап көрсеткен «Қабуснамадағы» ерекшелікті 
«Ұлыма  хат»  эссесінен  де  көруімізге  болады.  Шығарма 
ұлыма  хат  деп  аталғанымен  өн  бойында  әрбір  қазақ  ба-
ласы  білуі  тиіс  қазақ,  қала  берді  ұлан-ғайыр  түркілердің 
сан  ғасырлық  шежіресіне  куә  боламыз.  Ұлы  Тұран  дала-
сын  Иран  әскерінен  қорғап  қалған  Алып  Ер  Тоңға  тура-
лы,  Ескендір  Зұлқарнайынның  ерен  шабуылына  тойтарыс 
беріп  Шу  өңірін  сақтап  қалған  Шу  батыр  туралы,  Еуро-
паны  көктей  өтіп,  бағындырған  Еділдің  (Аттила)  даңқты 
жорықтары  туралы  көне  жыр  дастандармен  таныстырып 
шығады. Автор шығармасына ұлының әкесі кім екенін, ата-
сы кім екенін таныстыра отырып, өмірден алынған мысал-
дармен, қызғылықты әңгімелермен, мақал-мәтел, шешендік 
сөздермен,  шығыстың  һәм  батыстың  ежелгі  ойшыл-
ғұламаларының, 
пәлсапашыларының, 
шешендерінің  
қанатты сөздермен айтпақ ойын сабақтап, насихаттарымен 
ой-тұжырымдарымен  бөліседі.  Мысалы,  данагөй  Қорқыт 
даналық қуаты мол тәмсілдерімен, шығыс ғұламалары Әбу 
Әли ибн-Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Наср әл-Фараби, 
Махмұт  Қашқари,  Жүсіп  Баласағұн,    Қожа  Ахмет  Иасса-
уи, Бабыр, Хайдар Дулати жайындағы деректі хикаяттарға 
қанықтырып,  ежелгі  әдеби  жәдігерліктер  арқылы  қазақ 
елінің өз алдына отау тігіп хандық құрғанға дейінгі шежірелі 
тарихының  тұтас  бейнесін  жасап  шығады.  Жазушы 
шығарманы жазу үшін бүкіл түркі дүниесінің арғы-бергі та-
рихын, руханиятын зерттеп-зерделеп, әлем ғұламаларының 

56
Әдебиеттану
сан ғасырлар сынынан сүзіліп, жарқыраған інжу-маржан ой 
моншақтарын термелеп, оған өзінің парасат биігінен көз та-
стай отырып көркем туындыға айналдырады.
Түйіндей  айтқанда  Немат  Келімбетов  қалдырған  мол 
мұра  келешек  ұрпаққа  сан  жылдар  рухани  азық  болары 
сөзсіз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.  Островский Н. Как закалялась сталь. – Киев: Изда-
тельство ЦК ЛКСМУ «Молодь» 1954. 201 с. // Royallib.ru
2.  Келімбетов Н. Үміт үзгім келмейді: Хикаят-монолог. 
Эссе –Алматы: Раритет, 2005. -432 бет.
3.  Әбдезұлы  Қ.  Профессор  Немат  Келімбетов  және 
қазақ руханияты. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, 
№4 (134). 2011 ж.  3-7
4.  Қасқабасов С. Рух биіктігі http://adebiportal.kz
5.  Кейқаус. Қабуснама / Өзб. Ауд. Т.Айнабеков. –Алма-
ты: Балауса, 1992. -160 бет. 

57
Өнертану
Р.А.Ергалиева 
ОРНАМЕНТ И ЖИВОПИСЬ: ИЗ ОПЫТА 
ТРАНСФОРМАЦИИ
Система орнамента 

 представить суть, формулу вещей в 
видимых, визуальных образах 

 для изобразительного искус-
ства всегда была приемом или даже принципом, демонстри-
рующим потребность художника к мощному обобщению, аб-
страгированию от реального мира, а значит к созданию даже 
не  столько  декоративного,  сколько  максимально  условного 
абстрактного произведения. Отражение окружающего мира 
в орнаменте подчинено своим сложным законам, предельно 
математически  точным  и  изощренно  эстетически  выверен-
ным.   
Упорядоченная  структура,  ритм,  симметрия,  сведение 
предмета к геометрической фигуре, устойчивость символов 
в вариативном многообразии комбинаций, эти и другие вы-
разительные  средства  орнамента  всегда  вызывали  интерес 
художников, работающих в разных видах искусства. Стили-
зация как единый и основной закон орнаментальной системы 
разных этнокультурных ареалов также всегда была предмет-
ным уроком для разных поколений живописцев, искавших в 
орнаментальном творчестве новые приемы для обогащения 
своего изобразительного языка или творческого метода.    
Квинтэссенцией сути в найденной форме - формуле, от-
точенной  и  отшлифованной  орнаментальным  творчеством, 
безусловно,  интересовались  не  только  казахские  живопис-
цы, наследующие традиции обобщения форм, заключенные 
в народной системе орнаментики, декоративно-прикладном 
искусстве казахов, но и большинство западно-европейских и 
американских  художников ХХ-го века, изобилующего сме-
лыми и подчас экстремальными экспериментами в области 
формальных  художественных  решений.  Вне  сомнений,  идя 
по пути трансформации орнаментальных форм в искусстве, 

58
Өнертану
казахские художники не могли обойти мировой опыт, учиты-
вали в своих поисках находки всемирно известных мастеров. 
Процесс интерпретации орнаментальных форм в живопи-
си Казахстана имеет глубокие корни, начало ему было поло-
жено уже в первых опытах в живописи казахских художни-
ков. Специфика этого фактора для казахской художественной 
школы заключается в том, что вопрос отношения – изображе-
ния, интерпретации, трансформации орнаментальных форм 
в новых видах искусства всегда был и оставался для казах-
ской художественной школы ХХ века вопросом националь-
ной идентификации. 
Казахский орнамент как важнейшая составляющая нема-
териального культурного наследия  всегда оставался для жи-
вописцев  неким индикатором отношения к своей культуре, 
осознания самобытности своего национального лица и исто-
рии. Для исследования трансформации орнамента как систе-
мы мировосприятия и  художественного формотворчества в 
казахской  живописи  наиболее  важны  следующие  факторы. 
В первую очередь, это связь орнамента с мифологическими 
представлениями,  фольклорным  и  обрядовым  комплексом. 
Также согласившись с исследователем казахского орнамента 
К.Ибраевой [1; с.18] в том, что необходимо «рассматривать 
древнейшие  пласты  орнамента  как  графические  параллели 
первобытным мифам», а также с тем, что «… орнамент – ху-
дожественная  система,  обладающая  высокой  знаковой  на-
грузкой» [1; с.19], базируем изучение орнаментальных форм 
в  живописи  на            интерпретации  художниками  не  только 
художественно-эстетических принципов орнамента, но и его 
семантики, смыслового истолкования. 
Еще об одном интересном свойстве казахского орнамента, 
имеющем значение для понимания его трансформации в жи-
вописи, пишет исследователь Басенов Т.: «Казахский орна-
мент «податлив к использованию в различных материалах с 
одинаковым художественным эффектом. Один и тот же узор 
может быть применен в мягком и жестком материале, не вы-

59
Өнертану
зывая изменений в структуре и стиле орнамента» [2,с.29]. 
Важным  принципом  исследовательского  метода  к  опре-
делению  уровней  и  динамики  трансформации  системы  ор-
намента является также историко-хронологический подход, 
так как, безусловно, пути вхождения казахского орнамента в 
профессиональное изобразительное искусство отражают ре-
альные этапы разнопланового влияния орнамента на живо-
пись. Заметной координатой в этом аспекте изучения также 
становятся  вопросы  самоидентификации  казахского  искус-
ства,  напрямую  связанные  с  интересом  и  уровнем  творче-
ской интерпретации орнамента. 
Интерес к орнаменту как сильнейшей составляющей род-
ной традиционной казахской культуры был заключен уже в 
первых  шагах  профессиональной  художественной  школы. 
Несметное количество прямых зарисовок разных видов, ти-
пов и композиций казахского орнамента принадлежит перво-
му казахскому живописцу Абылхану Кастееву. Сохранились 
его красочные, выполненные в технике акварели зарисовки 
орнамента с предметов казахского декоративно-прикладного 
искусства, традиционной одежды. 
Тщательные рисунки Кастеева с текеметов и ковров, муж-
ской одежды, архитектурного декора стали ему подспорьем 
в создании эскизов ковров, дверных занавесок, орнаменталь-
ных декоративных розеток. По сохранившимся в богатом ка-
стеевском наследии зарисовкам орнамента видно, что изуче-
ние  колористики  и  композиционной  структуры  казахского 
орнамента художник воспринимал как школу художествен-
ных принципов и приемов организации ритма и цвета, ком-
позиционной гармонии, достижения бесконечного многооб-
разия при сохранении традиционных устойчивых канонов. 
Интерес  и  внимание  Кастеева  к  казахскому  орнаменту 
как важнейшей составляющей культурного наследия казахов 
проявлялось и в косвенном участии орнаментального деко-
ра в его жанровых произведениях на темы народного быта. 
Сколько  в  его  разных  жанровых,  бытовых  и  исторических 

60
Өнертану
полотнах и акварелях проявлено косвенного внимания и бе-
режного отношения к этой сфере культурного наследия труд-
но и невозможно перечислить. 
Есть  работы  Кастеева,  словно  сделанные  на  стыке  двух 
жанров.  Начавшись  практически  как  этнографические  за-
рисовки или штудии, такие произведения как «Внутренний 
вид юрты» (1929), «Портрет сестры» (1930), «Две казашки» 
(1935),  «Молодая  казашка  в  нарядном  костюме»  (1937)  по 
ходу работы становились самостоятельными завершенными 
в художественном отношении произведениями. 
Подчас ставя себе задачу создать жанровую работу, живо-
писец вдруг обнаруживал такой глубинный интерес к тради-
ционной орнаментике, что главным героем его произведений 
отчетливо  становился  любимый  народный  орнамент  «Вну-
тренний вид юрты» (1936). Заполняя собой все пространство 
произведения,  излучая  радостный  свет  и  яркий  лучистый 
цвет,  словно  репрезентируя  все  возможные  виды  и  формы 
традиционной орнаментики, он наполнял акварель подлин-
ным народным духом, ощущением счастья родного привыч-
ного быта. 
В  напрямую  связанной  с  казахским  фольклором  акваре-
ли «Повозка Кыз-Жибек» (1939) А.Кастеев дает себе волю в 
изображении орнамента, щедро украшающем саму повозку 
героини, тройку везущих ее сказочных лошадок,  убранство 
коня Тулегена. Кастеев так увлекается орнаментальным узо-
рочьем в этом произведении, что кажется даже серо-голубые 
крапинки на белых конях превращаются им в красочную и 
ритмичную орнаментальную вязь. Или такие работы мастера 
как  «Портрет  Абая»  (1954),  где  фоном  изображению  поэта 
служит вышитый тускииз, без слов говорящий о корнях и ис-
токах творческого гения Абая, о его корневой связи с родной 
культурой. 
На начальных этапах формирования и развития казахской 
профессиональной  живописи  обращение  к  изображению 
казахского  орнамента  носило  характер  обозначения  среды 

61
Өнертану
представленного действия, возникало как часть привычного 
интерьера героев – обитателей картины или этюда. Иначе го-
воря, несло на себе функцию рассказа о национальном укла-
де жизни, традиционном быте казахского народа. 
Вторым  пунктом  внимания  живописцев  к  казахской  ор-
наментике  стали  предметные  зарисовки,  своего  рода  ху-
дожественные  исследования  народного  орнамента.  Но  с 
постепенным движением школы к реалистическому профес-
сионализму  этот  интерес  ушел  в  сферу  этнографии  и  при-
кладного искусства. 
Наиболее  кропотливые  образцы  зарисовок  казахского 
орнамента сохранило нам творчество Абылхана Кастеева и 
мастера  народного  декоративно-прикладного  искусства  Ла-
типы Ходжиковой. На основе коллекций фондов Централь-
ного музея Казахстана (ныне ЦГМ РК) известной казахской 
художницей А.Галимбаевой были созданы тщательные зари-
совки предметов женской, мужской одежды, обуви, головных 
уборов,    изделий  ювелирного  искусства.  Украшающий  их 
орнамент с большим искусством и предельным вниманием 
передан художницей. По этим зарисовкам в 1976 году был 
издан альбом «Казахская национальная одежда»[3]. 
В творчестве Г.Исмаиловой, как в живописи, так в сцено-
графии, эскизах и костюмах к кинофильмам интерпретация 
казахского орнамента сыграла свою немаловажную роль [4]. 
А.Галимбаевой и Г.Исмаиловой казахский орнамент воспри-
нимался и адаптировался в систему выразительных средств 
других видов изобразительного искусства как неотъемлемая 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет