Металдарды алудың жалпы әдістері



бет8/8
Дата07.01.2022
өлшемі47,67 Kb.
#19145
1   2   3   4   5   6   7   8
Техникалық әдіс: Mn - электрохимиялық вакуумда қайта балқытуға ұшыратылады. Электрохимиялық жолмен тазаланған металдың құрамында қоспа мөлшері 0,45% болуы мүмкін.

Рений сирек кездесетін болғандықтан ренийлі концентраттар мыс, молибден, вольфрам – өндірісіндегі қалдықтарды балқыту арқылы алады. Ол қалдықтар алдымен - өртеліп, Re2O7-айналдырылады да, соңынан ол сілтімен әрекеттестіру арқылы KReO4 калий перенатына айналдырылады. KReO4 – ауыр металл тұздарынан бірнеше қайтара кристалдау арқылы тазартылады.

2KReO4 + 7H2 = 2KOH + 2Re + 6H2O

Алынған рений ұнтағы ыстықтай престеу арқылы компактілі күйге ауыстырылады. Оны доғалық немесе электронды сәулелік вакуумды балқыту арқылы металл Re кесектеріне айналдырылады. Сол сияқты KReO4 пен MnHReO4 - электрохимиялық тотықсыздандыру арқылы және галогенидтерін термиялық диссоциациялау арқылы алуға болады. Галогендік әдіс таза рений алу үшін қолданылады.

Tc алу молибден мен рутенийді нейтрондармен атқылау арқылы алынады.
9842Mo+10n=9942Mo=9943Tc

10444Ru+10n=10443Tc+11H
Технецийдің негізгі бөлігі атом реакторларында алынады. Шығу өнімі 1кг плутонийға 25г Tc келеді.

Периодтық жүйенің VIIIВ топшасы темір, кобальт, никель, рутений, родий, палладий, осмий, иридий және платина металдарынан тұрады. Бұл топша элементтерінің электрондық конфигурациясы бірінші элементтер қатары үшін 3d деңгейшенің электронға біртіндеп толуымен сипатталады:

Fe [Ar]3d64s2, Co [Ar]3d74s2, Ni [Ar]3d84s2

Екінші қатарда палладий атомында 4d деңгейше электронға толық толады, бұл элементтердің электрондық конфигурациялары:

Ru[Kr]4d75s, Rh [Ar]4d85s, Pd [Ar]4d105s

Үшінші қатарда 5d деңгейшені электронға толуы жүреді:

Os [Xe]4f145d66s2, Ir [Xe]4f145d76s2, Pt [Xe]4f145d96s

Темірді алу әдістері

Өте таза темір темір пентакарбонилін ыдырату арқылы алынады:

Fe(CO)5 =5CO + Fe

Техникалық темірді алу әдісі темір кендерін тотықсыздандыруға негізделген. Темірді домна пешінде алу кезінде химиялық реакциялар:

3Fe2O3 + CO = 2Fe3O4+CO2

Fe3O4+ CO =3Fe + CO2



FeO+ CO = Fe + CO2

FeO + C = Fe + CO

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет