Аймақтық метаморфизмде жылудың, қысымның, ерітінділердің
әсерінен тақтатастар, гнейстер, гранулиттер, амфиболиттер,
мәрмәрлер, кварциттер, мигматиттер, эклогиттер қалыптасады.
Оларға тақтатастық, сирек шомбал бітім, әркелкі түйірлі құрылым,
кордиерит, андалузит, силлиманит, кианит, ставролит, омфацит,
альмандин, пироп сияқты типоморфтық минералдар тән.
Магмалық және шӛгінді жыныстар жердің терең қабатына түссе
немесе жаңадан кӛтерілген магмалық ыстық лебіне ұшыраса, олар
қысым күшінің және ыстық лептің әсерінен әр турлі ӛзгерістерге
ұшырап, ӛзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады, сонымен қатар
олардың минералдық және химиялық құрамы да ӛзгереді. Осындай
ӛзгерістен пайда болған жыныстарды метаморфтық жыныстар деп
атайды. Мысалы, ізбестас метаморфтық әсерден кристалданып,
тығыздалып мраморға айналады. Демек, мрамор — метаморфтық
жыныс. Сазтастар әсерінен жаншылып, кристалды тақтатасқ а
айналады. Граниттер мен құмтастар метаморфизм әсерінен
жаншылып, кристалданып тақталанады, оны гнейс деп атайды.
Габбро ӛзгергенде онан амфиболит атты жыныс шығады. Қазақстан
жеріндегі де кембрийлік белдемдерінің кешендері эпидот –
амфиболиттік, жасыл тастық фациялардың түзілу темп-раларына
сәйкес орта, жоғарғы қысым жағдайларында пайда болғаны
анықталған. Бұл кешендер белдеулік (Үлкен Қаратау,
ӛлытау) және
тең ӛлшемді [[[Мақбел]] (
Мақпал),
Шу, Кӛкшетау кӛтерілімдері]
болып бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: