Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного


Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132500
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
3 Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш 
сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар 
Балаларды жолда жүрудің қауіпсіз мінез-құлқына үйрету өте маңызды 
мәселелер қатарына жатады. Қазіргі кезде жолдағы көлік қозғалысының өте 
тығыз болуына байланысты, жолда жүру ережелерін білу және оны мектепте де, 
үйде де үйретудің қажеттілігі артып отыр. Баланың өмірі мен денсаулығы, өзін 
көшеде қаншалықты дұрыс ұстанатындығына, жолда жүру ережелерін дұрыс 
орындағандығына байланысты болады.
Өйткені педагог балаға білім беріп қана қоймай, жол қозғалы ережелерін 
сақтамаудың неге әкелетінін түсіндіруі, баланы жол заңдарын құрметтеуге 
тәрбиелеуі тиіс. Жол-көлік оқиғасының салдары зардап шеккен балалардың 
көпшілігі бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте жолдан жүгіріп өтуге 
болмайтындығы, көлік жүретін жолға шықпас бұрын алдымен солға, содан соң 
оңға қарап барып шығу керектігі туралы біледі, алайда көпшілік жағдайда жолда 
жүру ережелерін саналы түрде бұзады. 
Балалардың көшеде және жолда жүруінің қауіпсіз мінез-құлқы негіздерін 
қалыптастыру жұмысын пән сабақтарына кіріктіру арқылы жүзеге асыру келесі 
міндеттерді шешуді қарастырады: 
- білім алушылардың жолда дұрыс әрі қауіпсіз бағдарлануына мүмкіндік 
беретін танымдық қабілеттерін дамыту; 
- білім алшыларға көшедегі және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық негіздері 
туралы білім беру, дағдылар мен қабілеттер қалыптастыру; 
- жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, заңға бағынатын мінез-құлық 
тәрбиелеу.
Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу жөніндегі білім беру 
ұйымдарының жұмыс тәжірибесінде пән сабақтарында және сыныптан тыс 
уақытта әр түрлі жұмыс формаларын пайдаланылуы мүмкін. Олар жол 
қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету: 
- пән сабақтарында, яғни 
оқу қызметінде 
есептер шығару, жаттығулар 
орындау, әңгімелер оқу; 
- қала көшелері бойынша ауызша экскурсиялардың бағыттарын салу
фильмдер, бейне роликтер тамашалау, сынып сағаттарын өткізу, викториналар 
және басқа да жұмыстар ұйымдастыру, яғни 
сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;

ата-аналармен бірлескен іс-шаралар
арқылы жүзеге асырылады. 
Оқу қызметі
– бұл мұғалімдер мен білім алушылардың бөлінген уақыт 
ішінде және оқушылардың белгілі бір контингенті шегінде жүзеге асыратын 
қызметі. 
Оқу қызметі – өзінің мазмұны ретінде ғылыми ұғымдар саласындағы 
жалпылама іс-әрекет әдістерін меңгеруге ие қызмет. Сонымен қатар, оқу әрекеті 
білім алушыға, оның тұлға ретінде саналы түрде қоғамға пайдалы, танымдық, 
теориялық және практикалық іс-әрекетінің барлық түрлерінің мақсатты 
әлеуметтенуіне бағытталған болуы тиіс. Осы мақсатта бастауыш сынып білім 
алушыларының жолда жүру ережелерін меңгеруі және күнделікті өмірде дұрыс 


14 
қолдана білуі үшін пән сабақтарында да қауіпсіз мінез-құлық негіздерін 
қалыптастыру маңызды болып табылады. 
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған оқыту қазақ 
тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептерінің «Қазақ тілі» пәнінен 
үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, 
айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді 
меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті 
өмірде қолдану болып табылады [7]. 
Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім 
бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім 
беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі – Шаяхметова 
Жанар Боташевна 3 және 4-сыныптарда оқу пәнінің аясында жолда жүру 
ережелерін оқытудың келесі жолдарын ұсынады. 
3-сыныпқа арналған тапсырмалар 
Тақырыбы: Мəтін жəне оның түрлері (1-тоқсан) 
Оқу мақсаты
: 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар 
бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу 
Тапсырма
: Мәтінді мұқият оқыңыз. Мұғалімнің көмегімен жоспар 
құрыңыз. Мәтін бойынша мазмұндама жазыңыз. 
Бағдаршам – өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын 
біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам – жол элементтерінің 
ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Оның кескін-келбеті де, құрылысы да 
әлденеше рет жаңарды. Бағдаршамның жаяуларға және автомашиналарға 
арналған түрлері болады. Олардың айырмашылықтары көздерінде: адамдарға 
арналған бағдаршамның екі көзі болады, қызыл көзі жанғанда – тоқтайды, жасыл 
көзі жанғанда – жүреді. Ал, жүргізушілерге арналған бағдаршамның 3 көзі 
болады: қызылда – тоқтайды, сарыда – әзірленеді, жасылда – жүреді /65сөз/. 
 
Тақырыбы: Сөйлем мүшелері (2-тоқсан) 
Оқу мақсаты: 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және 
тұрлаусыз мүшелерін ажырату 
Тапсырма: Сөйлемдерді көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астын 
сызыңыз. 
Бағдаршам жол қозғалысын реттейді. Ол жол қозғалысына қатысушыларға 
өз жарығымен бағыт сілтейді. 
 
Тақырыбы: Етістік туралы білетінімді еске түсіремін (3-тоқсан) 
Оқу мақсаты:
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, 
етістік) табу 
Тапсырма:
Сөйлемдерді оқыңыз. Зат есімді бірінші бағанға, етістіктерді 
екінші бағанға теріп жазыңыз. 
Оқушыға арналған жадынама: 
1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін 
әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара. 


15 
2. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең 
қауіпсіз жолды таңдап ал. 
3. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен 
немесе жол жиегімен ғана жүр. 
4. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең
күте тұр. 
Зат есім 
Етістік 
Тақырыбы: Сын есім (3-тоқсан). 
Оқу мақсаты:
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, 
етістік) табу. 
Тапсырма:
Көп нүктенің орынына тиісті сын есімдерді қойып оқыңыз. 
... көзін ашқанда, 
Сынық сүйем баспа алға! 
... көзін ашқанда, 
Қарап қалма аспанға! 
... көзін ашқанда, 
Өте бергін, жасқанба! 
... – Тоқта! 
... – Сақтан! 
... – Жол ашық! 
Қажетті сөздер: Жасыл. Қызыл. Сары. Жасыл. Қызыл. Сары. 
Тақырыбы: Болымды жəне болымсыз етістік (3-тоқсан) 
Оқу мақсаты:
3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің 
айырмашылығын анықтау 
Тапсырма:
Болымсыз етістіктерді теріп жазыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет