117
а) жауап беруге қиналамын ‒ 10/9,3%
б) иә, толық келісемін ‒ 69/63,9%
в) ішінара келісемін ‒ 20/18,5%
г) жоқ, толық келіспеймін ‒ 0
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды бірлесіп оқыту және
тәрбиелеу процесі ерекше білім беру қажеттіліктері жоқ балаларға қалай әсер
етеді?» деген сұраққа ата-аналар төмендегідей жауап берді:
а) балалар мейірімдірек болады ‒ 51/47,2%
б) басқаларға көмектесуді үйренеді ‒ 62/57,4%
в) төзімді болуды үйренеді ‒ 48/44,4%
г) аяушылық, тілектестік білдіруді үйренеді ‒ 60/55,6%
д) балалардың өмір туралы түсініктерін кеңейтеді ‒ 53/49,1%
е) жақсы жақтары жоқ ‒ 0.
«Сіз қалай ойлайсыз, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен
ерекше білім беру қажеттіліктері жоқ балалар бірлесіп оқитын және
тәрбиеленетін жалпы білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтар,
тәрбиешілер қандай қосымша дағдылар мен біліктерді меңгеруі тиіс?» деген
сұраққа айтылған пікірлер мынадай жағдайды көрсетті:
а) олар балаларды жақсы көру және шыдамды болу керек ‒ 69/63,9%
б) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері
туралы арнайы білімдері болу тиіс ‒ 83/76,9%
в) қолдау көрсету, қақтығыстарды болдырмау дағдылары керек ‒
64/59,3%
г) жауап беруге қиналамын ‒ 9/8,3%
Достарыңызбен бөлісу: