148
деп есептейік. Кітапхананы салған архитекторлар, құрылысшылар,
жоспарлаушылар мүгедектігі бар адамдарды қоғамның бір бөлігі деп
есептемеген. Бұл мамандардың осындай көзқарасы мен іс-әрекеттері адамды
мүгедек ететін қоршаған ортаны құрды. Егер пандус салынса, онда бұл
адамның осы жағдайда мүгедек болмайтыны анық, өйткені ол кітапханаға кез
келген басқа адам сияқты бара алар еді.
Адамды мүгедек ететін оның науқасы емес, біздің қоғамда олар үшін
ешқандай жағдайдың ойластырылмағаны, олар басқа адамдардың ортасында
өмір сүруге «жоспарланбаған», бірақ оған барлық құқықтары бар.
Ал сендер біздің қалада, басқа жерлерде осындай адамдарды көрдіңдер
ме?
(Балалардың жауаптары)
Иә, шын мәнінде, оларды көшеден сирек көресің. Енді сендер оның
себебін де білесіңдер.
Ал мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалар, ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балалар біздің қаламызда өте көп. Кейде біз оларды ‒
осындай балаларды жай ғана байқамаймыз. Біз оларды білмейміз.
Осындай балалар туралы роликтер көруді және ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балалар туралы не біліп, өзіміз үшін қандай қырларын
ашқанымызды талқылауды ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: