162
1. «
Бос микрофон» тәсілі (Бұл сабақта диагностикалық деп санауға
болады. Балалар ынтамен айтып жатқан-жатпағанын қадағалай отырып,
оқушылар шығарманың авторлық ойы мен оның терең мағынасын түсінген-
түсінбегені туралы мұғалім қорытынды жасайды.)
Мұғалім қойылған сұраққа жауап күтіп, «Бос микрофон» ұсынады. Бұған
дейін сөйлей алмаған балалар ойларын айтуға мүмкіндік алады.
Оқушылар әңгімені оқығандағы әсерлерімен бөліседі: кейбіреулер көңілді
көңіл-күйде, басқалары кенеттен ойға берілген, тіпті өз-өздерін айыптап
сөйлейді...
(Менің ойымша, «Бос микрофон» әрбір сабақта болу керек.
Кабинетте «менің ойымша», «әсер етті», «жадымда қалды», «жүрегімде
қалды», «таңқалдырды» сияқты сөз тіркестері орналастырылған «көмекші-
сөздер» ауыспалы стенд ілінеді...)
Мұғалім:
-
Бұл шығарманы астарлы әңгіме деп атауға бола ма? (Оқушылар осы
жанрдың ерекшеліктерімен таныс болған жағдайда ғана сұрақ талқыланады).
Егер иә дейтін болсаңдар, онда ол не туралы?
-
«Хромой котенок» шығармасының атауы тақырыпты немесе негізгі
ойды ашып түр ма? Жұппен талқылаңдар және оның негізгі ойын көрсететін,
шығарманың басқа атауын ұсыныңдар.
2. Үй тапсырмасы.
Оқушылардың таңдауы бойынша шығармашылық тапсырма орындау:
-
оқыған әңгіме туралы пікір жазу;
-
К.Д. Ушинскийдің «Слепая лошадь» әңгімесін оқу. Шығармаларды
салыстыру;
-
бала мен марғаудың тағдыры қандай болғаны туралы шығарма-
жалғасын жазу;
-
сделать подборку рассказов той же проблематики, что и рассказ
«Хромой котенок» әңгімесіндегідей проблемаға қатысты әңгімелердің
іріктемесін жасау;
-
«Барлық адамдар құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж»
тақырыбына эссе жазу.
(Шығармашылық тапсырмалардың басқа нұсқаларын оқушылар ұсына
алады).
Достарыңызбен бөлісу: