Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет34/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   139
принципі.  Бұл  принцип  оқушылардың  білімді  саналылықпен  және 
белсенділікпен меңгеруін және оны күнделікті өмірінде, тәжірибесінде қолдана 
білуін,  сонымен  бірге  балалардың  бойында  еңбекке  қажетті  біліктер  мен 
дағдылар, шығармашылық бастама мен дербестік, ойлау, сөйлеу қабілеті және 
еңбек ету мәдениетінің қалыптасуын қамтамасыз етуді қарастырады [18]. 
Саналылық  және  белсенділік  принципі  негізінде  оқушының  өз  ақыл-ой 
белсенділігі  арқасында  игерілген  терең  де  әрі  өз  бетінше  ұғынылған 
білімдерден құралады.  
Кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәнін  оқыту  барысында  саналылық  және 
белсенділік принципінің келесі ережелері сақталуы тиіс: 
-  
орындалатын  жұмыстың  мақсаттары  мен  міндеттерінің  маңызы  мен 
мәнін оқушыларға түсіндіру, яғни баланың санасына жеткізе білу; 
-  
оқушының  жұмысты  орындау  жолдарын  түсінуі  немесе  орындау 
тәсілдерін  өздігінен  ойлап  табуы,  жұмыс  нәтижесінің  мән,  мағынасын, 
қолданылу аясын, қажеттілігін түсінуі; 
-  
танымдық  іс-әрекеттің  түрлерін,  талдауды,  салыстыруды,  біріктіруді, 
сәйкестендіруді пайдалану; 
-  
оқушы  сөздің,  сөйлемнің,  пәнге  байланысты  ұғымның  мағынасын 
түсінуіне, оларды дұрыс қолдана білуіне назар аудару және мағынасы түсініксіз 
ұғымдарды қолданудан аулақ болу; 
-  
оқушылардың  бірін-бірі  оқыту,  яғни  жұптық,  топтық  оқыту 
мүмкіндіктерді пайдалану, яғни дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын 
дамытуға жағдай жасау; 
-  
бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  белгісіз  жаңа  ұғымдарды, 
мәліметтерді бұрыңғы белгілілермен логикалық ұштастыру, себебі бұрын алған 
білім мен жаңа білімнің арасында логикалық байланыс болмаса, саналы оқу да 
болмайды. 
Саналылық принципін жүзеге асыру оқушыларды көркем еңбек сабағының 
мақсаты  және  міндеттерімен  таныстырудан  басталады.  Оқушылардың 
саналылығы  теориялық  материалды  өз  беттерінше  игеру,  тапсырмаларды 
орындау, шығармашылық міндеттерді шешу барысында көріне бастайды. Олар 
жұмысты  өз  бетінше  жоспарлауды,  оны  орындаудың  жолдарын  анықтауды, 
нәтижесін  бақылауды,  түзетулер  енгізуді  және  қорытынды  жасауды  үйренеді. 
Сонымен  қатар,  оқушыларды  технологиялық  процестерді  талдауға,  өзінің 
жұмыс орны мен жұмысын ұйымдастыруға, шығармашылық әрекеттер жасауға 
үйрету, саналылығы мен белсенділігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Оларды 
өнертапқыштық  біліктерге  және  құрылымдауға  үйретудің  ерекше  мәні  бар. 
Оқушылар  технологиялық  құжаттар,  бұйымдардың  сызбаларын  әзірлеу  және 
оларды  істеп  шығару  бойынша  орындалатын  жұмыстарға  қатысады,  оларды 
орындау  барысында  еңбек  біліктері  мен  дағдыларын  меңгереді.  Осылай 


95 
оқытудың арқасында оқушылар мұғалімнің көрсеткен жұмыс тәсілдерін, еңбек 
іс-әрекеттерін  механикалық  тұрғыда  ғана  меңгеріп  қоймайды.  Олар  оны 
бүтіндей барлық технологиясы мен оның жекелеген элементтерін толық түсініп 
орындайды. Оқушылар өздерінің іс-әрекеттерінің келешек нәтижесі мен оларды 
дұрыс  орындамауының  мүмкін  нәтижесінің  үлгісін  ұсынады.  Үлгінің  бар 
болуы,  оларға  өзін-өзі  бақылауды  жүзеге  асыруы  және  жіберген  қателерін 
түзеуіне мүмкіндік береді. 
Оқушылар техникалық-технологиялық білім алғанда жаңа терминдер мен 
анықтамаларды  есте  сақтап  қана  қоймай,  олардың  мазмұнын  ұғыну,  нақты 
еңбек  процестерімен  байланыстырулары  керек.  Олай  болмаған  жағдайда 
оқушылар  материалды  айтып  береді  (басынан  бастап  және  тек  ретімен  ғана), 
бірақ оның  мәнін  түсінбейді  және  іс жүзінде  қолдана  алмайтын  білімге  деген 
формализм дамитын болады. Формализмнің бір себебі мұғалімнің материалды 
догмалық  тұрғыда  баяндауы  (кейде  диктант  түрінде)  және  оны  оқушылардың 
ойша талдаусыз игеруі болып табылады. 
Оқушылардың  ойын  дамыту  және  білімді  саналы  меңгерту  құралы, 
олардың  алдына  танымдық  міндеттер  қою,  эвристикалық  әңгімелесуді  және 
материалды  проблемалық  баяндауды  пайдалану,  экспериметтік  есептер  құру 
және  шығару,  тәжірибелік  жұмыста  білімдерін  қолдану  және  т.б.  болып 
табылады. 
Оқушының  тілі  оймен  тығыз  байланыста  дамиды.  Оның  кемшіліктері 
ойдың  дамуына  кедергі  жасайды.  Сондықтан  мұғалімге  оқушылардың  тілін 
қадағалау және олардың терминдерді дұрыс қолдануы, өз ойларын дәл жеткізу 
дағдыларын қалыптастыру, қателіктерін түзету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет