Методология дегеніміз ғылыми танудың формасы, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. ҒЫлыми абстракция дегеніміз



бет5/10
Дата23.04.2023
өлшемі26,97 Kb.
#85782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ҰСЫНЫС ДЕГЕНІМІЗ- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны.
ҰСЫНЫС ДЕҢГЕЙІНІҢ ӨЗГЕРУІ ДЕГЕНІМІЗ – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.
ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗГЕРУІ ДЕГЕНІМІЗ – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.
ҰСЫНЫС ҚИСЫҒЫ ДЕГЕНІМІЗ – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.
ТЕПЕ-ТЕҢДІК НАРЫҚТЫҚ БАҒА ДЕГЕНІМІЗ - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға.
ИКЕМДІЛІК ДЕГЕНІМІЗ – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі.
ИКЕМДІЛІК КОЭФФИЦИЕНТІ ДЕГЕНІМІЗ – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш.
СҰРАНЫСТЫҢ БАҒА БОЙЫНША ИКЕМДІЛІГІ барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.
СҰРАНЫСТЫҢ ҚИЫЛЫСЫМДЫ БАҒАЛЫҚ ИКЕМДІЛІГІ ДЕГЕНІМІЗ сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.
ТАБЫСТАР БОЙЫНША СҰРАНЫС ИКЕМДІЛІГІ ДЕГЕНІМІЗ – тұтынушылар табыстарының көлеміндегі өзгеріске байланыстысұранылатын тауарлар көлеміндегі өзгеру дәрежесі.
БӘСЕКЕ ДЕГЕНІМІЗ - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.
ТАЗА ОЛИГОПОЛИЯ- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ОЛИГОПОЛИЯ- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.
КӘСІПКЕРЛІК ДЕГЕНІМІЗ - меншіктік және қарызға алынған қаржылар есебінен тауар өндіру және қызметтер көрсету үшін, осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет