6 ДӘРІС
М.ӘУЕЗОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Жоспар: 1. М. ӘУЕЗОВ - ХХ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ ЖАЗУШЫСЫ 2. М. ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 3. М.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ 4. әуезов-қазақ драматургиясының жаңашылы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға орасан зор еңбек сіңірген - ХХ ғасырдың ұлы жазушысы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға орасан зор еңбек сіңірген - ХХ ғасырдың ұлы жазушысы
Мұхтар Әуезов шығармалары
Қазақ әдебиетінің асқақ тұрған күмбезіндей «Абай жолы» роман-эпопеясы
Қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-ші 1947, 3-ші 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты «Қорғансыздың күні» жөнінде: «Осы әңгімеде тек құрдымға кеткен қайғы-мұң ғана емес, мұнда білінер-білінбес болса да бұлқынып жатқан қайсар күш бар, қарауытып тұнжыраған мылқау ағыстың астында жатқан табан толқын бар сияқты» Керімбек Сыздықов
«1921 жылы жазған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерілді» Сәбит Мұқанов «Задында шын мәніндегі нағыз үлкен талант өзінің өнер өрісінде жаттығу жасап, онша ұзақ күйбеңдемейтін болса керек. Әуезовтің осынау алғашқы әңгімесінің өзінде өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнер-машығы бар, кібіртіксіз көсіле жөнелген жорға қаламның ізі сайрап жатыр» Зейнолла Қабдолов