293
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Екеуін түрегеп тұрып қарсы алды. Артынан екеуін
қолдарынан ұстап мүлтазамға дейін барды. Сол жерде
қол жайып дұға етті.
Біршама уақыт сол жерде тұрғаннан кейін кері
қайтқан Аллаһ расулының жүзіндегі қуанышты
байқаған хазірет Аббас:
– Уа, расулаллаһ, – деді. Аллаһ қуанышыңды
ұзағынан сүйіндірсін. Жүзіңнен қуаныштың лебін
байқадым.
Пайғамбарлар төресі оған:
– Раббыма қол жайып, көкемнің мына екі баласын
маған қалдыруын өтіндім. Раббым сол тілегімді қабыл
алып, екеуін де өзіме қалдырды, – деді.
Сол күні Меккеден қашып кеткендер бар еді.
Абдуллаһ ибн Зибара, Икрима ибн Әби Жахил,
Сафуан ибн Үмәйя, Уахши ибн Харб, Зүл Жаушан,
Харис ибн Хишам, Сайыб ибн Сайфия, Ади ибн
Хыяр, Ұқба ибн Харис пен Мұғауия ибн Әби Суфиян
секілді Расулаллаһтың мейірімен қашқан кісілер бар
еді. Алайда осы кісілердің бәрі де бір себептермен
осы бір мейірбан жанның алдында тура жол тауып,
бұрынғы қателіктерін жуып-шайғылары келгендей
Расулаллаһқа толық бағынып, жаңа өмір бастады.
Достарыңызбен бөлісу: