384
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Бұл ықтияттылық та дұрыс. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұл ұсынысқа да оң қарады. Енді
жауынгерлерге жариялап айту ғана қалды. Тәбүкте бір
кісі жар салып, кімнің қолында артылған азық болса,
бәрін әкелуді бұйырды.
Көп өтпей бәрі қолына түскендерді әкеле баста-
ды. Ортада үш үйінді азық отыз мың кісілік әскерді
тойдыруға жетті. Осы сапарда жауынгерлер бірнеше
рет су мұғжизасына куә болды. Аллаһ расулының
дұғасынан кейін титықтап шаршаған түйелердің де
тыңайып, жылдам жүре бастағаны байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: