397
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
– Ойбай, бұған барма. Егер Мұхаммед расында
пайғамбар болса, мына дұғадан кейін біз де, бізден
кейінгі ұрпағымыз да оңбайды, – десті.
Шынымен де солай еді. Осыншама белгілер хазірет
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
соңғы елші екенін
анық білдіруде болатын. Ендеше, қырсығамын деп
тұқымын тұздай етудің қажеті жоқ, сол себепті ойла-
на-ойлана Пайғамбарымызға келіп:
– Бізден не қаласаң, саған соны берейік, – десті.
Нәтижеде мұсылмандықты қабылдамаса да, Исламның
билігінде өмір сүруге көнген болатын. Осы себепті
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
олармен Режеп пен
Сафар айларында әкелетін етіп екі мың хұлла мен сол
мөлшерлес күмісті жизия салығы ретінде бекіткен
келісім шарт жасасты. Кері қайтқанда қолдарында
Аллаһ расулының өздеріне жазып ұстатқан
қауіпсіздіктеріне кепілде хат болды. Өздеріне берілген
құқықтар әрі олардың Пайғамбарымыздың алдындағы
жауапкершіліктерін қамтыды.
– Бізге бітім бойынша төлеуіміз керектерді апарып
табыстайтын адам жібер, – деді. Елшілер сұлтаны
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Сендермен мен шын мәнінде өте сенімді адамды
жіберемін, – деді. Сөйтті де:
– Қане, орныңнан тұр, әй, Әба Үбайда ибн Жарраһ!
– деді. Артынан Нәжрандықтарға қарап:
– Міне мына кісі үмбеттің сенімдісі, – деді.
Достарыңызбен бөлісу: