412
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Жоқ, тапсырмамен жүрген қызметкер ретінде
келдім, – деген кезінде түскен аяттарды оның қолынан
алып, екеуі бірге Меккені бетке алып жүріп кетті.
Тауаптар жасалып, Сафа мен Мәруа арасындағы
сағилар да орындалды. Арафатта уақфа жасалып,
Мүздалифада қонақтап, соңында Минаға келді. Құрбан
малдары сойылған орынға келген хазірет Али сол күні
Жамраның жанында тұрып, Аллаһ расулының жеткіз
деп тапсырған мәселелерін жеке-жеке жиылған жұртқа
естіртті. Сөзінде былай деді:
– Ешбір кәпір жұмаққа кіре алмайды!
Осы жылдан кейін ешбір мүшрік қажылық жаса-
майды!
Бұдан кейін Бәйтуллаһты ешкім тыр жалаңаш
тауап жасамайды!
Кімнің Расулаллаһпен келісімі бар болса, сол
келісім мерзімі біткенше күшін сақтайды!
Мерзімі белгіленбеген келісімдерге тағы төрт ай
уақыт беріледі!
Бұлардың сыртындағы әр мүшрікке аман-есен,
қауіпсіз жағдайда елдеріне қайта алуы үшін өздеріне
хабарланған уақыттан бастап төрт ай мұрша беріледі!
Бұдан былай ешбір мүшрікпен келісім де, қорғауға
алу да жасалынбайды. Өйткені Аллаһ пен расулы
мүшріктерді қорғауына алмайды!
Осы негізде Расулаллаһтың қалауы орындалды.
Сол күн үшін бұл айтылған жайттар пұтқа табыну
түсінігінің Харам аймағынан тұтастай аластатылғанын
білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: