425
Уақыт жақындады
дұшпандық еткенге сен де дұшпан екеніңді жарияла, –
деп дұға етті.
Қайта жолға шықты. Мәдинаға жеткенде үш рет
тәкбір айтып, былай деді:
– Аллаһтан басқа құдай жоқ, Аллаһ жалғыз, мүлік
те, мақтау да Аллаһтыкі, Аллаһтың барлық нәрсеге
құдіреті жетеді.
Раббымызға қайтушыларданбыз. Тәубе етіп
Аллаһқа бет бұрып, тек Аллаһқа ғана құлшылық
етеміз.
Аллаһ уәдесін орындады. Құлына көмек берді.
Ахзаб әскерін де жалғыз өзі быт-шыт етіп, жеңіліске
ұшыратты.
Осы дұғаның артынан Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
күндіздің бір уақытында қайтадан Мәдинаға
келді. Әуелі Нәбәуи мешітіне келіп, осында екі бас
намаз оқытқаннан кейін құтты шаңырағына бет алды.
Қажылыққа
дейінгі
құжынаған
көпшілік
Мәдинадан кейін қайта жанданды. Исламның әсемдігі
күн өткен сайын кең аймаққа тарай берді. Осы
мақсатта Жәрир ибн Абдуллаһ Йеменге жіберілді.
Хымияр патшаларынан Зүлкала ибн Накур мен Зу Амр
мұсылмандыққа өтті.
Достарыңызбен бөлісу: