446
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
де, әз елшінің өміріне жаңаша қарап әрі жан-жақты
қамтып, кең жазу керек екен деген ұйғарымға келдік.
Біз тек оқиғалардың астары арқылы Расулаллаһтың
өмірін сөйлетуге тырыстық. Ғибратты ғұмырын кең
түсіндірмелермен қазіргі оқырманға жеткізудің өзі
бөлек жұмыс. Еңбекте кеткен осындай олқылықтар,
бұйырса, ғалымдарды қамшылап, алда кең бір еңбектің
жазылуына түрткі болар.
Бұл еңбектің жазу адамға үлкен құлшыныс
сыйлағанын да айтпай кетуге болмас. Анығында,
бұндай кеңкөлемді еңбектің жазылуы бір-бірімен
тілектес, ниеттес жандардың бас қосып, осы мәселеге
мұқият назар аударуына да байланысты. Кім білсін,
бұндай арман да бір күні жүзеге асар.
Әлқиса, кеткен барлық кемшіліктерді мойынмен
көтере отырып, ізгі ниетпен жасалған осы еңбектегі
қателер болса, әуелі Адамзаттың мақтанышы хазірет
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әруағынан әрі жүрегі
сол кісіге жақын соққан абзал азаматтардан кешірім
сұрай отырып, дұға-тілектеріңізге мені де қосып
қойыңыздар деген өтініш айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: