226
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Мен сенен парасатылықты байқайтынмын, сол ақыл-
парасат сені әйтеуір бір Исламға бастар деген үмітімді
үзбедім» деді. Хазірет Халид сонша жылдан кейін
барып нағыз Халид екенін енді ажыратып еді. Ілтипат
үстіне ілтипат көргенге көңілі жадырап, бір жағы сол
уақытқа дейін жасаған қылықтарына деген өкініш те
бойынан сыр берді.
– Уа, расулаллаһ! Өзің де көргендей мен бүгінге
дейін үнемі ақиқатқа қарсы күресіп келдім. Мені
кешіруін тілеп Аллаһқа дұға етуіңді өтінемін.
Амр ибн Ас пен Осман ибн Талханы да сондай
сезім биледі. Пайғамбарымыздың қолына қолын
созған Амр ибн Ас бір мезет қолын тартып ала қойды.
Пайғамбарымыз себебін сұрағанда, Амр ибн Ас өзінің
шарттары бар екенін айтты. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
«Ол қандай шарттар?» деп сұрады. Ол болса
бұрынғы істеген істеріне қынжылған кейіпте «Мені
кешіруің» деді. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оның
қолынан ұстап: – Білмейсің бе? – деді, – Ислам өзіне
дейінгі қателердің барлығын өшіреді.
Хұдайбияның нағыз жеңіс екеніне енді бәрінің көзі
жетті. Тап сол күні Меккеге кіре алмай қайтса да, талай
адамның жүрегі Исламға жібіпті. Алдыңғы қатарлы
азаматтардың көбі Мәдинаға қарай бет бұрған бола-
тын. Бұдан кейін осы бір үрдіс жылдамдамаса, баяу-
ламады.
Достарыңызбен бөлісу: