243
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
шешім қабылдады. Көп өтпей Әбу Суфиян құлымен
бірге Мәдинаға жол тартты
98
.
Бергі жақта Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәдинада сахабаларына бұрылып: – Дәл қазір
Әбу Суфиян келісімді жаңалау әрі мерзімді ұзарту
мақсатында бізге келе жатыр, бірақ уысы бос болып,
ашумен қайтады, – деп, Меккеде болған оқиғаларды
маңайындағылармен бөлісті.
Өте бір сындарлы уақыт еді. Бұл жақтан жан-жаққа
жететін хабар оқиғаларға бағыт беретіндей маңызды
еді. Сондықтан Аллаһ елшісі сахабаларына осы хабар-
ларды әдейі айтып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: