Мы торжественно отмечаем 550-летие образования



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата12.03.2017
өлшемі8,03 Mb.
#8979
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

37
ЕАЭО  ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2016 ЖЫЛДАН БАСТАП ЕАЭО ЕЛДЕРІ ҮШІН 
БІРЫҢҒАЙ САТЫП АЛУ ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
2016 жылдан бастап шектеулі режимде Еура-
зиялық экономикалық одақ елдері үшін бірізден-
дірілген бірыңғай сатып алып алу жүйесі жұмыс 
істей бастайды. 
Бұл туралы журналистерге Ресейдің  Монополияға 
қарсы федеральды қызметінің жетекшісі Игорь Артемьев 
Мәскеуде ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдар 
басшыларының қатысуымен өткен мәжіліс қорытынды-
сына сүйене отырып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды 
БЕЛТА. 
«Келесі жылы ол шектеулі нұсқада анық жұмыс істей-
ді – бірақ, мынандай жағдай болмайды, сен келдің де 
Мәскеу алаңында тіркелдің, сол уақытта бірден Астана-
да, Арменияда және басқа жерде тіркеле қалдың. Әрине, 
бұлай болмайды, бірақ қатысу және жұмыс істеу – мұның 
бәрі міндетті түрде болады», – деді Игорь Артемьев. 
Сондай-ақ, ол қазір басты мақсат – өзге елдің сауда-
ларына қатысуға ниетті кәсіпкерлер үшін қалған кедер-
гі-тосқауылдарды алып тастау екенін атап өтті. 
«Мұнда бұл кезеңдегі басты сұрақ – электрондық жаз-
балардың үйлесімділігі,  бұл мәселе, Беларусия мен Ресей 
арасында толықтай шешілді, қазір Ресей мен Қазақстан 
арасында бұл жұмыс аяқталуға жақын, ал Қырғыстан мен 
Армения бойынша жалғасуда», – деп атап өтті Игорь Ар-
темьев. Оның айтуынша, келесі кезең бірыңғай алаңдар 
мен порталдар құру болмақ.  
БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚ 
ЕАЭО БІРЫҢҒАЙ САНДЫҚ КЕҢІСТІГІН 
ҚҰРУДЫ ҰСЫНАДЫ
Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай 
сандық кеңістігін құру еуразиялық интеграциялық 
үдерістерді тереңдетудің және тосқауылдар мен 
шектеулерді жоюдың кілті болуы мүмкін. 
 Бұл туралы Мәскеуде ЕАЭО іскерлік кеңесі прези-
диуымының бірінші мәжілісінде Еуразиялық экономика-
лық комиссиясы (ЕЭК) Коллегиясының Мүшесі (Министр) 
Карина Минасян мәлімдеді. 
Оның сөзіне қарағанда, ЕЭЭО шеңберінде электрон-
дық сауданы, бірыңғай сандық инфрақұрылымды, сандық 
кеңістіктің экожүйесін дамыту және ЕАЭО мүше-елдердің 
бизнес-ортасын жақсарту үшін мемлекеттік реттеу мен 
бақылауда сандық технологияларды пайдалану бойынша 
мәселелерде жалпы тәсілдемелер түзу қажет. 
«Бірыңғай сандық кеңістік – бұл ЕАЭО мақсаттарын 
жүзеге асыру үшін  қосымша мүмкіндік. Ол бірыңғай на-
рыққа кедергілерсіз, шектеулерсіз жылжуға, жаңғырту-
лар, кооперациялар  мен МСП-ны дамытуға және жаңа 
жоғары білікті жұмыс орындарын құруға жағдай жасай-
ды»,  – деп атап өтті ЕЭК министрі. 
ЕАЭС Іскерлік кеңес мүшелері Одақтың жоғары ор-
гандары мен мемлекет-мүшелеріне ЕЭК-тің тиісті өкілет-
тілігін бөлудің мақсаты туралы кеңес пікірін жеткізуге ба-
сымдық берді. 
Сонымен қатар ЕАЭО-да бірыңғай сандық нарық 
(кеңістік) құру мәселелер бойынша  шешімдер мен кон-
цепцуальды құжаттарды және Одақ туралы Шартқа 
 
бірыңғай сандық кеңістік құру мәселелері бойынша жеке 
Хаттаманы тезірек дайындау қажеттігі айрықша атап өтілді. 
Осы ретте, басымдыққа ие жұмыс бағыттары болып: 
мүше-мемлекеттер экономикасының сандық трансфор-
мациялау және бірыңғай сандық кеңістік құру үшін қажет, 
мүше-мемлекеттер заңнамасын үйлестіру және ЕАЭО 
нормативті-құқықтық базасын дамыту;  электрондық са-
тылым құралдарын пайдалану арқылы өзара тауарай-
налымын ұлғайту үшін  негізгі каналдардың бірі ретінде 
бірыңғай сандық кеңістік құру;  жеке тұлғалар, қожа-
лық етуші субъектілер, мемлекеттік органдар арасында 
транс 
шекаралық өзараәрекеттесу тиімділігін арттыру 
үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
пайдалану тәжірибесін кеңейту; Одақ елдерінің эконо-
микаларын сандық трансформациялауға бағытталған, 
бірлес кен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және 
жүзеге асыру табылмақ. 
ЕАЭО ЕЛДЕРІНДЕ «ЛЕЙКОЗДЫ» 
СҮТТІ САТУҒА ТИЫМ САЛЫНБАҚ
ЕАЭО елдерінде «лейкозды» сүтті сатуға тиым 
салынады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық 
комиссия баспасөз-қызметі хабарлауда. 
Ведомства мәліметтері бойынша, Кедендік одақтың 
«Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы» Техникалық регла-
ментінде көрсетілгендей, шикі сүттерге қатысты талап-
тар, Кедендік одақ Комиссиясы шешімімен 2011 жылдың 
желтоқсанында қабылданған. 
Осы арада, атап өтерлігі, аталған техникалық регламент 
2013 жылдың шілдесінде өз күшіне енді. 2016 жылдың 1 
қаңтарынан бастап  КО тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы, 
«лейкозды» сүттер саудасына тиым салатын, техрегламент 
талаптары ЕАЭО елдерінде міндетті болып саналады. 
Осы құжатқа сәйкес, тек сау сиырлардан алынған, шикі 
сүттер сатылымға жіберіледі. Және де, малдың жұқпалы 
аурулары жоқ шаруашалық өнімдері. Осындай аурулар қа-
тарында лейкоз да бар. Ол КО техикалық регламентіндегі 
қауіпті аурулармен, атап айтқанда, аусыл, оба, бруцеллез 
сияқты аурулармен  бірге бір тізімнен табылып отыр. 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
38
ЕАЭО  ЖАҢАЛЫҚТАРЫ   
Мұндай шектеулер көптеген елдерде, мысалы, Еуро-
одақ елдерінде қолданыста. Одақтас елдердің сүт және 
сүт өнімдерін өндірушілерге  жаңа жағдайда жұмыс істеу-
ге дайындалу үшін біршама уақыт беріліп келді. 
Атап өтсек, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін 
ЕАЭО -ға «тамақ» техрегламентіне дейін қабылданған ұлт-
тық нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес сүт және 
сүт өнімдері айналымының шығарылымы мен өндірісі жі-
берілуде.  Яғни, жаңа талаптар бойынша бизнеске жұмыс 
істеуге дайындалуға мұрсат берген бұл өтпелі кезең төрт 
жылды құрап отыр.
2019 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ЕАЭО-НЫҢ ЖАЛПЫ ЭЛЕКТР 
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НАРЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕК
Одақ туралы Шартқа сәйкес жалпы электр энер-
гетикасы нарығы 2019 жылдың 1 шілдесіне қарай, 
ал жалпы газ нарығы, жалпы мұнай мен мұнай 
өнімдері нарығы 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай  
іске қосылмақ. Бұл туралы ҚР Экономика министр-
лігінің баспасөз-қызметі хабарлап отыр.  
Хабарламада бұл нарықтардың ұйымдастырылуы 
Одаққа мүше-мемлекеттер аумақтарында энергоресурс-
тардың еркін алмасуын қамтамасыз етуге, энергетика 
саласында бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, энер-
гожеткізушілер транзиті мен тасымалы бағытында табиғи 
монополиялар қызметтеріне тең дәрежеде қолжетімділік-
ті қамтамасыз етуге, сондай-ақ, инфрақұрылымды бірлесе 
дамытуға және келісілген тариф саясатын жүргізуге ықпал 
ететіні айтылған. 
Бұл дегеніміз, электроэнергиясы саудасы еркін екі-
жақты шарт арқылы, қала берді жаңа нарық сегменті – ор-
талықтандырылған электр энергиясы  саудасын, соның 
ішінде, сауданы тәулік бұрын ұйымдастыру арқылы жүзеге 
аспақ. 
 «Энергоресурстарының жалпы нарығын ұйымдасты-
ру Одақтың отын-энергетикалық кешенінің қызмет ету 
сенімділігін арттыруға, осы саладағы өзара сауда мен өза-
ра инвестиция өсіміне әкеліп, өндіріс шығындарын азай-
туға және энергоресурстарды баланстық тұтынуға жағдай 
жасайды, сондай-ақ, ЖІӨ өсіміне ықпал етеді», – деп атап 
өтті ведомствода. 
Атап өтерлігі, Еуразиялық одақ үлесіне әлемдегі мұнай 
қорының  7 % , оны өндіру және экспорттаудың 1/6 ти-
есілі. Газ қоры мен өндірудің 1/5 жуығы, оны экспорттау-
дың төрттен астам бөлігі, электроэнергиясы өндірісінің 5 
% және 2,5 % оның экпорты.  1/5 астам көмір қоры,  6 % 
оны өндіру және 1/6 экспорт, 1/5 астам уран қоры және  
2/5 астам оның қазбасы. 
Тұтастай алғанда Еуразиялық одақ бойынша 220кВ 
және жоғары кернеулі электржеткізу линиясының ұзын-
дығы 168 мың км, магистральды газқұбырлары – 197 мың 
км, магистральды мұнайқұбырлары – 66 мың км, мұнай-
өнімдері құбырлары – 21 мың км. 
ЖАҢА ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАР ШЫҒАРЫЛУДА
«ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ»
2015 жылдың 24 қарашасында Ресей Банкі ай-
налымға номиналы 100 рубльдік есткерткіш алтын 
монетасы мен номиналы 3 рубльдік «Еуразиялық 
экономикалық одақ» күміс монетасын шығарды. 
Монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың 
жұмыс істеп жатқанына жыл толуына орай шыға-
рылып отыр. Алтын монеталар таралымы – 500 
дана, күмістікі – 3 мың дана.
Күміс монетаның сыртқы бетінде Еуразиялық эконо-
микалық одақ эмблемасының айналасында Беларусь Ре-
спубликасының Минскідегі ұлттық кітапханасы ғимараты, 
Мәскеу Кремлінің Спасск мұнарасы мен Мәскеудегі Үлкен 
Кремль сарайы, Қазақстан Республикасы Президентінің 
Астанадағы резиденция ғимараты, Қырғыз Республикасы-
ның Бішкектегі Мемлекеттік тарихи мұражайы ғимараты 
және Еревандағы св. Месропа Маштоца атындағы (Ма-
тенадаран) көне қолжазбалар институтының ғимараты 
 
көрініс тапқан.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
39
Қазақстандық бизнес Еура-
зиялық экономикалық одақ 
шеңберінде бәсекеге қабілет-
ті ме?  Экономикалық инте-
грацияның келешегі қандай? 
 
ЕАЭО бес мүшесі арасында 
қыз меттер, жұмыс күші, капи-
тал, тауарлардың еркін қозға-
лысы болуы мүмкін бе? 
Осы және өзге де маңызды 
сұрақтарға ҚР Ұлттық экономика 
министрлігінің Халықаралық эко-
номикалық интеграция департа-
ментінің директоры Ернар БАКЕ-
НОВ жауап береді.  
–  Еуразиялық одақ Қа-
зақстан үшін маңызды болып 
табылады ма? 
Еуразиялық экономикалық ин-
теграция мемлекетіміздің эконо-
микалық дамуына  елеулі үлес қо-
сады. Еуразиялық экономикалық 
одақ интеграциялық процестерді 
саясаттандырмай, республиканың 
экономикалық мүдделерінің не-
гізінде ғана құрылуда. ЕАЭО тура-
лы шарттың мәні болып экономи-
калық ынтымақтастық мәселелері 
ғана табылып,  тараптардың ұлттық 
мүдделерінің есепке алынуы, тең 
құқықтық және егемендік теңдігі 
принципі қамтамасыз етілген. 
182 млн. астам халқы бар Еу-
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ИНТЕГРАЦИЯ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КАТАЛИЗАТОРЫ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
40
разиялық экономикалық одақтың  
экономикалық әлеуеті айтар-
лықтай  жоғары екенін атап өткім 
келеді. Мүше елдер экономикала-
рының жиынтық көлемі 2,2 трлн. 
АҚШ долларын,  сыртқы сауда 
айналымы 1 трлн. АҚШ долларын 
құрайды. Өнеркәсіп өнімін шыға-
рудың жалпы көлемі 1,3 трлн. АҚШ 
доллары көрсеткішіне жетеді. Қа-
зақстанның Еуразиялық кеңістікке 
бірігуінің экономикалық орын-
дылығы  мыналарды анықтайды. 
Біріншіден, Қазақстанның конти-
нентальдық тұйықтығы. Теңіз порт-
тарынан республиканың геогра-
фиялық алшақ орналасуы үшінші 
елдердің нарығына қол жеткізу 
мүмкіндігін төмендетеді, экономи-
калық өсу мүмкіндігін шектейді. Біз 
әлемдік нарықтарға қолжетімділік-
ті тежейтін және экономиканы 
әртараптандыруға ықпал ететін 
 
көлік шығыстарын төмендетуге 
мүдделіміз.  Еуразиялық интегра-
ция қазірдің өзінде пайда әкелуде. 
Қазақстаннан Еуропаға жүк тасы-
малдау кезінде ресейлік ішкі темір 
жол тарифін  қолдану  есептеулер 
бойынша біздің жүк жөнелтушілер 
үшін  жыл сайын 240 млн. АҚШ 
долларына дейін үнем жасайды. 
Транзит тарифін қолдана оты-
рып Ресей порттары арқылы  та-
сымалдаудың жалпы құны  –  905 
млн. доллар, ішкі тарифті қолда-
ну кезінде  – 662 млн. доллар қа-
зақстандық жүктер транзиттік та-
рифтен РТЖ-ның біріздендірілген 
тарифтеріне өткен кезде транзит-
тік тасымалдау құнының орташа 
 
төмендеу деңгейі 26,8% құрайды. 
Тиісінше, қазақстандық өнімдердің 
сыртқы нарықтардағы бәсекеге 
қабілеттілігі артады.
Екіншіден, республикамыз-
дың ішкі нарығының мүмкіндіктері 
жеткіліксіз,  мұнда тұтыну көлемі 
17 млн. адамды құрайды.  Кәсіп-
керлер үшін нарық шекарасын 
барынша кеңейтуден басқа, ЕАЭО 
құру шекарадағы транзакциялық 
және уақытша шығындарды төмен-
дету және  елеулі айналым қара-
жатын босату бөлігінде қосымша 
мүмкіндіктер береді,  олар қазіргі 
кезде бизнесті дамытуға жұмса-
луы мүмкін. Бірыңғай техникалық 
реттеу қағидаттары, ортақ вете-
ринариялық-санитариялық және 
фитосанитариялық қауіпсіздік 
жүйесі өнімді  бірыңғай талаптар-
мен және тең шарттармен  мүше 
мемлекеттердің аумағымен өткізу-
ге мүмкіндік береді. Осының бәрі 
ЕАЭО аумағында жаңа өндіріс-
терді, бірін-бірі өзара толықтыра-
тын кәсіпорындар кооперациясын 
дамытуға және интеграциялық 
деңгейлес корпорациялар құруға 
мықты ықпал жасайды. Келешекте 
бұл  әріптес елдердің  әлемдік на-
рықта өз өнімдерімен бәсекелес-
тік жасауына  мүмкіндік береді. 
Үшіншіден – әлемдік  экономи-
калық өсудің баяу үрдістерімен, 
Қазақстанның негізгі экспорт та-
уарларын тұтынатын әлемдік на-
рықтардың  тұрақсыздығымен бет-
пе-бет келіп отырмыз. Қазақстан-
ның Еуразиялық интеграциялық 
процеске қатысуы – бұл  экономи-
каны әртараптандырудың, шикізат 
емес секторларға инвестициялар 
тартудың  тиімді құралдарының 
бірі. 
2014 жылы  инвестициялық аху-
алды жақсартудың кешенді шара-
лары қабылданды. Корпоративтік, 
жер салықтарын және мүлік са-
лығын төлеу жүйесі жеңілдетілді. 
«Жалғыз терезе» қағидаты, «инвес-
тициялық омбудсмен» институ-
ты енгізілді, объект пайдалануға 
берілгеннен кейін инвестордың 
30 % дейінгі күрделі шығындары  
мемлекет тарапынан өтелуде.
ЕАЭО ортақ нарығын қалыптас-
тырумен қатар осы шаралардың 
 
республикамызға инвестициялар 
тарту үшін қосымша серпінге ай-
налатынына сенімдімін. Тұтастай 
алғанда, Еуразиялық экономи-
калық одақтың ортақ экономи-
калық пайдасы – бұл  өнім өткізу 
нарықтарын кеңейту, жалпы ин-
фрақұрылымға тең қолжетімділік-
ті белгілеу,  тауарлардың, жұмыс 
күшінің,  көрсетілетін қызметтер 
мен капиталдың еркін орын ауыс-
тыруы.
–  ЕАЭО-ның бес мүшесі 
арасында тауарлардың, капи-
талдың жұмыс күші мен қыз-
меттердің  еркін қозғалысын 
қамтамасыз етуге ұмтылы-
сы қаншалықты шынайы-
лылыққа жанасады?
– 
Қазақстан үшін қазіргі бар 
үрдістер мен мүмкіндіктер тура-
лы айтқан кезде оның Еуразиялық 
экономикалық одақ жағдайларын-
да жұмыс істеу тәжірибесін баға-
лау қажет. Жалпы алғанда, тауар-
лардың, капиталдың, жұмыс күші 
мен қызметтердің еркін қозғалысы 
арқылы бірыңғай  экономикалық 
кеңістік құруға бағытталған ауқым-
ды жұмыс атқарылды. Қазақстан-
ның  ЕурАзЭҚ-тен Кеден одағына, 
одан кейін  Бірыңғай экономи-
калық кеңістікке және  соңында 
 
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 
 
жұмыс істей бастаған Еуразиял-
лық экономикалық одаққа дейінгі 
сыр тқы  экономикалық  саясатының  
интеграциялық  саласы  экономи-
каны жаңғырту мен әртараптанды-
рудың, оның бәсекеге қабілеттілігі 
мен  экспорт әлеуетін  арттыра 
отырып, стратегиялық мақсаттары-
на  сәйкес келеді.
Республиканың 
қара пайым 
азаматтары да еуразия 
лық 
интеграция дан  белгілі бір пайда 
алатын болады. 
Мәселен, тұтынушы, ең ал-
дымен, өнімнің ассортиментін 
кеңейту есебінен  тауарлар мен 
қызметтерді таңдау мүмкіндігіне 
ие болады, соның нәтижесінде 
 
болатын жоғары бәсекелестік им-
портталатын және жергілікті өнім 
бағаларын  нарықтық ұстап тұруға  
алып келеді. 
Қатардағы азаматтар да жұ-
мысқа орналасу және жалпы ең-
бек көші-қоны мүмкіндіктерін 
кеңейту есебінен пайда табады. 
Адами капиталдың еркін жыл-
жуы адамдардың уақытын едәуір 
қысқартуға және ЕАЭО-ға мүше 
елдердің бірінде жұмысқа орнала-
су немесе оқу кезіндегі рәсімдерін 
жеңілдетуге мүмкіндік береді. 
Мысалы, Қазақстан азаматы 
алдын ала міндетті түрде тіркел-
мей  Ресейде 30 күнге дейін болуға 
құқылы. ЕАЭО-ға мүше елдердің 
барлық азаматтары  Қазақстанда, 
Беларуссия мен Ресейде  жұмысқа 
орналасқан кезде кейбір ерекшелік-
терді қоспағанда тең құқықтар мен 
міндеттерге  ие болады.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
41
ЕАЭО мүше мемлекеттен кел-
ген жұмысшы еңбек мигрантын қа-
былдайтын елдің жұмысшысы си-
яқты кәсіби және әлеуметтік пре-
ференцияларды  (еңбек ету, ба-
лаларды мектепке және мектепке 
дейінгі мекемелерге орналастыру, 
медициналық мекемелер қызмет-
терін пайдалану, салықтар төлеу 
міндеттемелері) пайдаланады.
Сондай-ақ, жалпы капитал 
нарығын қалыптастыру мәселе-
сінің де маңызы зор. 2014 жылы 
Қазақстан өңдеу өнеркәсібіне 
3,7 млрд. АҚШ долларымен тіке-
лей шетелдік инвестиция тартты. 
Осыған байланысты,  еуразиялық 
интеграция  инвестициялар ағы-
нына оң әсер етеді. 
ЕАЭО шеңберінде экономика-
лық салалардағы өзара іс-қимылға  
базалық негіз жасадық, олардың 
арасында энергетика, фармацев-
тика,  көлік, өнеркәсіп және ауыл 
шаруашылығы бар. 
ЕАЭО-да  электр энергетикасы 
салаларында 2019 жылға қарай, 
мұнай және газ салаларында 2025 
жылға қарай біртіндеп жалпы на-
рық қалыптасатын болады. 2016 
жылдан бастап GMP стандарты 
негізінде  жалпы фармацевтика на-
рығы жұмысын бастайды. 
Бұдан басқа, Еуразиялық эко-
номикалық одақ шеңберінде же-
келеген қызметтер секторларын-
да біртіндеп бірыңғай нарықты 
қалыптастыру 
қарастырылған.  
Ырықтандыруды қызметтер сек-
торларының жасалған тізбесі не-
гізінде  кезең-кезеңмен жүзеге 
асыру болжануда. 
Бұл ретте, жекелеген қыз-
меттер секторлары бойынша 
ырықтандыру  мемлекеттер бас-
шылары бекітетін Жол карталары 
негізінде мүше мемлекеттерде-
гідей талаптарды үндестіру бой-
ынша мерзімдерге және іс-шара-
ларға сәйкес  жүргізілетін болады. 
Бұл құралдар  өңіраралық бай-
ланыстарды дамыту, нығайту және  
экономиканың әртүрлі салаларын-
да  экономикалық қызметті терең-
дету үшін  ауқымды мүмкіндіктер 
береді. 
–  Қазіргі уақытта Қа-
зақстан мен Қырғызстан ара-
сында  тауарлардың, капи-
талдың, жұмыс күші мен көр-
сетілетін қыметтердің еркін 
қозғалысы үшін  қандай шек-
теулер бар?
Әрбір ел экономикалық инте-
грациядан белгілі бір пайда табу-
ды күтеді. Өз кезегінде Қырғыз Ре-
спубликасы өздерінің Еуразиялық 
экономикалық одаққа қатысула-
рын алдағы уақыттағы инвести-
циялар ағынына,  өткізу нарығын 
кеңейтуге және өнеркәсіп секто-
рын дамытуға деген сенімнен бай-
ланыстырады. Әрине, интеграция 
бір сәттік қана болмайды. 
Өтпелі кезеңдер – бұл қажетті 
шара, оның ішінде Қырғыз Респу-
бликасы экономикасының жаңа 
жағдайларға бейімделуі үшін де 
керек.
Мәселен,  өтпелі кезең ішінде 
Қырғыз Республикасы оларға қа-
тысты Еуразиялық экономикалық 
одақтың Бірыңғай кеден тариф-
терінде белгіленген баждар мөл-
шерлемелерінен басқа әкелу ке-
ден баждарын қолданатын  тауар-
лар мен мөлшерлемелердің тізбесі 
(бұдан әрі – Алып қоюлар тізбесі)  
166 тауар позициясын құрайды. 
Осы Тізбеге автокөлік құрал-
дары, фармацевтика, химия тауар-
лары, жабдықтар және ауыл ша-
руашылығы тауарларының кейбір 
түрлері  енгізілген. Алып қоюлар 
тізбесін Қырғыз тарапы ЕАЭО 
 
Бірыңғай кеден тарифінің мөлшер-
лемелеріне өткен сәттен бастап 
2020 жылға дейін қолдануды бол-
жап отыр. 
Тұтастай алғанда, Қырғыз тара-
пы Алып қоюлар тізбесі шеңберін-
де  кедендік құнның 0 % (кейбір 
жағдайларда 10%)  мөлшерле-
месін қолдануды болмайды. 
ЕАЭО-ның Кеден кодексіне 
сәйкес осы Алып қоюлар тізбесі 
шеңберінде  әкелінген тауар-
лар шартты түрде шығарылған 
болып табылады және  оларға 
қатысты Қырғыз Республикасы-
ның аумағында ғана пайдалану 
бойынша  шектеулер қолданы-
лады және 5 жыл ішінде кедендік 
бақылау сақталады. Көрсетілген 
тауарларды ЕАЭО мүше мемлекет-
тердің қалған аумақтарына өткізу  
ЕАЭО 
-ның Бірыңғай кеден та-
рифінде белгіленген баждардағы 
айырмашылықтарды  төлегеннен 
кейін ғана мүмкін болады. 
Еуразиялық экономикалық ко-
миссия кеңесі қазақстан-қырғыз 
шекарасында бұрынғы ветерина-
риялық бақылау жүйесі режимін 
мақұлдау туралы шешім қабыл-
дағанға дейін ветеринариялық 
бақылауды қолдану жалғасатын 
болады. 
–  Еуразиялық экономи-
калық одақ елдері әртүрлі ел-
дермен және интеграциялық 
бірлестіктермен ынтымақтас-
тықты қалайша дамытуға ни-
еттеніп отыр? 
–  Интеграциялық процес-
терді дамыту  әлемнің барлық 
елдерімен және өңірлерімен 
 
сауда-экономикалық өзара қа-
рым-қатынасты  дамыту  қажеттігін   
ерекше атап  өтуде.  ЕАЭО-ның 
 
Еуропаның, Азияның, Американың 
әртүрлі интеграциялық бірлестік-
терімен және мемлекеттерімен 
ынтымақтастықты дамытуында  оң 
перспективалар байқалуда. 
Отыздан астам ел, оның ішінде 
Үндістан, Египет, Иран бар  еура-
зиялық интеграциялық процеске 
қатысушы елдермен сауда-эконо-
микалық ынтымақтастықты кеңей-
туге ниет білдірді. Биылғы жылдың 
маңызды оқиғаларының бірі, ол 
29 мамырда Қазақстанда  өткізіл-
ген ЕАЭО мен Вьетнам арасында 
еркін сауда аймағын құру тура-
лы  келісімге қол қою болды. Бұл  
ЕАЭО-ның үшінші тараппен жа-
сасқан  преференциялық сауда 
шарттары туралы  бірінші ха-
лықаралық шарты. Вьетнаммен 
еркін сауда аймағы отандық өн-
дірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер 
ашатынын атап өту керек, олар 
 
алдағы уақытта  вьетнамдық на-
рықта өзіндік орынға ие болуы 
мүмкін. Біз еркін сауда аймағы Қа-
зақстан мен Вьетнам арасында 
бірлескен өндірістер құруға, өзара 
инвестициялар көлемінің өсуіне 
ықпал  етеді деп санаймыз. 
Қазіргі уақытта Еуразиялық 
экономикалық одақ шеңберінде 
басқа елдермен сауда-экономи-
калық ынтымақтастық бойынша 8 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
42
басым бағыт айқындалды. Олар-
дың арасында  Еуропалық одақ, 
ТМД, Азия-Тынық мұхит өңірі, 
Таяу Шығыс, Қара теңіз және Ка-
спий маңы өңірлері,  Солтүстік, 
Латын  Америкасы және  Афри-
ка бар. Қазақстанға Еуропалық 
одақ, Қытай, Үндістан және Иран 
ерекше  қызғушылық  танытады. 
Тұтастай алғанда, ЕАЭО-мен ынты-
мақтастыққа 30-дан астам ел қы-
зығушылық танытуда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет