Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет10/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
Үйрету теориясы. И. П. Павлов, Д. Б. Уотсон, Б. Ф. Скиннер жұмыстары 
мадақтау 
мен 
жазалау 
жүйелеріне 
негізделіп 
(үйрету 
теориясы) 
орындаушының  әрекеттерді  ақылмен  шешу  қабілеті  және  басшы  мен 
бағынушы  арасындағы  кері  байланысқа  құрылу  қажеттілігімен  анықталады. 
Үйрету  теориясы  негізінде  рефлекс  ұғымы,  яғни  тұлғаның  сыртқы 
құбылыстарға  жауап  беруі  жатады.  Рефлекстер  туылған  (шартсыз)  және 
тәжірибеден  жинақталатын  шартсыз  рефлекстер  болып  бөлінеді.  Туылған 
рефлекстер  ессіз  акты  кезінде  сезімнің,  эмоциялардың,  қалаулардың  қиын 


толқынымен  байқалып,  шешім  қабылдау  мен  еріктілік  көрсететін  кезде 
байқалады.  Шартты  рефлекс  осы  теорияны  жақтаушылардың  көзқарасы 
бойынша  ойлау  мен  өзін  ұстаудың  стереотипын  құрап,  адамның  алға 
ұмтылушылық жүйесінің бөлігі болып табылады. 
Павловтың  пайымдауынша  адамның  өзін  ұстауда  мақсат  рефлексі  басты 
болып  саналады.  Ол  адамның  еңбек  жолында  білімділігі  мен  тұрақтылығын 
айқындайды.  Бұл  күшті  рефлекс  өнертапқыштар,  коллекционерлар,  тіптен 
ғашықтарда да байқалады. 
Белгілі  тұлға  теориясымен  айналысушы  неміс  –  америка  психологы  К. 
Левин  басқару  үлгісінің  концепциясын  құрастырып  сипаттады.  Ол  тәжірибе 
жүзіндегі ақпарлары бойынша 3 негізгі үлгіні бөліп көрсетті: 
- Авторитарлық ( директивті); 
- Демократиялық ( әріптестік); 
- Нейтралды (босәурелік). 
Басқарудың  бір  үлгісін  екіншісінен  айыратын  критерий  ол  басшының 
шешім  қабылдауы  болып  саналады.  Шешім  қабылдаудың  әмірлі  және 
демократиялық  жолдары  бар,  бірақ  ғалымдар  екеуінің  де  тиімді  жағынан 
қарастырғысы  келеді.  Біреулері  демократиялық  жол  дұрыс  шешім 
қабылдауға  көмектеседі  деп  шешсе,біреулері  кері  пікірде.  К.  Левинның 
теориясы  осыған  орай  өзінің  қарапайымдылығы  мен  нақтылығына 
қарамастан бірнеше кемшіліктерге ие: 
1.  Демократиялық  басқару  үлгісі  әрдайым  әмірлі  басқару  үлісіне 
қарағанда  тиімді  бола  бермейді.  К.  Левинның  өзі  екі  үлгінің  де  өнімділік 
көрсеткіші бір деңгейде деп пайымдаған. 
2. Кейбір жағдайда авторитарлық үлгі демократиялыққа қарағанда тиімді. 
Ол мынадай жағдайда болады: 
А) тез арада шешім қабылдауда; 
Б)  жұмысшылардың  кәсіптік  дәрежесі  мен  мәдениет  деңгейі  төмен 
болғанда; 
В) тұлғаның ерекшеліктері осыны талап еткен жағдайда. 
3.  Екі  үлгінің  де  шын  мәнінде  басқару  үрдісінде  қолданылмайтыны 
бекітілген.  Әрбір  басшы  өзінің  жеке  қасиеттеріне  байланысты  демократта, 
әміршіде  болады.  Кейде  басшының  қандай  бағытта  басқаратынын  түсіну 
қиын. 
Басқару  үлгісі  формасы  мен  мазмұны  сәйкес  келмейтін  жағдайлар 
болады:  әмірлі  жүйеде  басшы  өзін  демократша  ұстайды,  немесе  керісінше. 
Көп жағдайда көп нәрсе жағдайға тәуелді: бір жағдайда басшы әмірші болса, 
бір жағдайда демократ болуға тырысады. 
Р.  Блейко  мен  Д.  Мутонның  басқару  теориясы.  Америкалық 
зерттеушілер  Р.  Блейк  пен  Д.  Мутон  кез  –  келген  басқарушы  әрекетті  екі 
өлшеммен  өлшеуді  ұсынды  –  өндіріске  көңіл  бөлу  мен  адамдарға  қамқор 
болу. 
Өндіріске  көңіл  бөлу  -  ол  басшының  көптеген  сұрақтар  жүйесіне 
қатынасы,  яғни  кадрлар  таңдауда,  адамдарды  ұйымдастыруда,  өндірістік 


үрдістерде  және  шығаратын  өнімнің  көлемі  мен  сапасына  қатысты  шешім 
қабылдауда тиімдісін таңдау болып саналады. 
Адамдарға  қамқор  болу  жұмысшылардың  мақсаттарына  жетуіне,  өзіне 
құрметпен  қарауда,  жауаптылықты  дамытуда,  жақсы  еңбек  жағдайын 
туғызуда, тұлға аралық жақсы қатынастарда болуды меңзейді. 
Екі  параметр  бойынша  да  жоғары  көрсеткіштер  тиімді  басқару  белгісі 
болып табылады. 
Соңғы  жылдардағы  басқару  критерилерінің  тиімділігін  толықтыру 
ғылыми өңдеулерді көрсетеді. Оларды толық қарастырайық. 
Тиімді  басқару  теориясы.  Америкалық  ғалымдардың  эксперименталды 
зерттеулеріне  сүйене  отырып  жапондық  зерттеуші  Т.  Коно  тиімді  бақару 
концепцияын ұсынды. Өзінің «Жапон өндірісіндегі құрылым мен стратегия» 
атты кітабында басқарудың типін сипаттайды: 
- Жаңашыл – талдаушы; 
- Жаңашыл – интуициялы; 
- Консервативті – талдаушы; 
- Консервативті – интуициялы 
Т.  Кононның  ойынша  басқарудың  жаңашыл  –  талдаушы  типі  ұйымға 
нарықтық  бәсекелестіктің  ең  қатты  кезінде  де  дамуына  үлес  қосатын  тиімді 
үлгісі  болып  саналады.  Ол  өзіне  келесі  менеджерлік  тәртіп  элементтерін 
қамтиды: 
- ұйымға берілгендік; 
- қуаттылық және жаңашылдық; 
- жаңа ақпарлар мен идеяларға шапшаңдық: 
- көптеген идеялар мен жаңалықтарды жалпыландыру; 
- шешімді тез қабылдау; 
- топтық әрекеттерді сәйкестендір; 
- мақсаттарды таңдаудағы нақтылық; 
- басқалардың пікірімен санасушылық: 
- сәтсіздіктерге шыдамдылық. 
Жалпы  айтқанда  бұл  теория  қолданылмайды.  Тек  мысал  жүзінде 
белгіленген  қасиеттері  көрсетіліп,  қызметкерлерді  басқару  жүйесіне 
араласуға  мүмкіндік  беру  керек  деген  тұжырымды  көрсетеді.  Негізгі 
белгілері: 
А) басшының бағынушылармен әрдайым кеңесуі; 
Б) басшы мен бағынушы арасындағы ашықтық; 
В)  бағынушыларды  ұйымның  қабылданатын  шешімін  зерттеуге  және 
талқылауға қатыстыру; 
Г) басшының бағынушылармен кей өкілеттілікті бөлісуі; 
Д)  қатардағы  жұмысшлардың  ұйым  жиналыстарын  ұйымдастыруы  мен 
жүзеге асыруына қатысуы; 
Е)  мәселені  шешуді  өз  еріктерімен  зерттеп,  шешімдер  нұсқасын  ұсына 
алатын торптар құру. 
Берілген  концепция  жақтастарының  ойынша  концепцияны  жүзеге 
асырудың 3 факторлы ұстанымы бар: 


- басшылық белгілері; 
- бағынушылар белгілері; 
-  топтың  алдындағы  шешілуге  тиіс  мәселелер  белгілері.  Басқару 
теориясын жүзеге асыра алатын басшы келесі қырларымен көрінуі тиіс: 
А) өзіне сенімділігі; 
Б) жоғары білімді; 
В) бағынушылар ұсыныстарын бағалай алуы; 
Г) қызметкерлердің шығармашылық қасиеттеріне бағыт бере алуы. 
Қосымша  басшылық  бағынушылардың  белгілі  бір  типіне  тиімді  болып 
келеді. Бұл үлгі келесі адамдарға тиесілі: 
А) білімі, біліктілігі, тәдірибесі жоғары орындағы; 
Б) тәуелсіздікке қажеттілік; 
В) шығармашылыққа, жеке көтерілуге қатты құмарту; 
Г) стратегиялық мақсаттарға жөн сілтей алуы; 
Д) қатынастағы тепе – теңдікке талпыну 
Қосымша басқару үлгісі белгілі бір тапсырмалар типіне сәйкес келеді: 
А) шешімнің көптігі; 
Б) жоғары мамандандырылған орындау мен теориялық талдау; 
В)орташа күш жұмсалатын жұмыстар 
Басқару  іс-әрекетін  талдауға  деген,  оны  іс-әрекет  пен  ұйымдастыру 
деңгейінде  қарастыруды  білдіретін  психологиялық  тәсіл  құрылымдық-
морфологиялық  талдау  ұғымымен  белгіленеді.  Ол  басқару  іс-әрекетін  оны 
талдаудың  басқа  тәсілдерімен  (оның  жеткіліксіздігінен)  сабақтастыра 
қарастыру негізінде қолданылады.  
Басқару  іс-әрекетін  талдауға  рөлдік  тәсіл.  Бұл  тәсілді  алғаш  рет 
Г.Минцберг  «Еңбекті  басқару  табиғаты»  еңбегінде  ұсынды.  Ол  рөлді  нақты 
мекемеге немесе нақты қызметке тиісті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы 
ретінде  анықтайды.  Ол  3  категорияға  біріктірілген  10  негізгі  басқару 
рөлдерін атап көрсетеді. 
Тұлғааралық рөлдер: 
Бас  жетекшінің  рөлі.  Символикалық  түрде  құқықтық  немесе  әлеуметтік 
сипаттағы қарапайым міндеттерді орындайтын жетекші. 
Көшбасшы 
рөлі. 
Қарамағындағылардың 
мотивациялануы 
мен 
белсенділенуіне қызметкерлерді таңдау мен дайындауға жауапты адам. 
«Байланыстырушы буын» рөлі. Сыртқы байланыстар жүйесі мен ақпарат 
көздерінің жұмысын қамтамасыз етуші адам. 
Ақпараттық 
рөлдер
«Ақпарат 
қабылдаушы» 
рөлі; 
Ақпарат 
таратушының рөлі; Уәкілдің рөлі. Осы сала  мәселелері бойынша сарапшы. 
Шешім  қабылдауға  байланысты  рөлдер:  Кәсіпкер  рөлі.  Жетілдірудің 
алуан  түрлі  жобаларын  жасайды  және  бақылайды;  Тәртіп  бұзушылықты 
жоюшы рөлі. Маңызды шешімдер кезінде іс-әрекетті реттеуге жауапты адам; 
Ресурстарды  таратушының  рөлі;  Келіссөз  жүргізуші  адам  рөлі.  Г.Минцберг 
бойынша  бұл  рөлдерді  жүзеге  асыру  тәсілі  дегеніміз  –  басқару  іс-әрекеті 
процесінің мазмұны екендігін айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет