Сүйінбайдың інісі Оспан пысық, шаруаға икемділігімен көзге түсіпті. Ал екінші ағасы Жұмық
Р.С.Каренов
76
Вестник Карагандинского университета
Өмірді келген-кеткен аңламайсың,
Адамның болашағын болжамайсың.
Асыл сөздің білмейсің қасиетін,
Жаман ойға келгенде талғамайсың.
Қиял мінез, томырық, мұз секілді,
Қайтейін, осыныңа арланбайсың.
Төсекте жатып айтқан ақтық сөзінде ақын Жұмықтың өнер қадірінен бейхабар, ұғымсыздығын
бетіне басады.
Сүйінбайдың алғашқы үйленген зайыбының есімі — Жұпан. Одан ақынның тұңғыш ұлы
Малыбай туады. «Өсиет» деген өлеңінде [1; 51]:
Тұңғышым, тұлабойым — Малыбайым,
Өзіңе ақыл айтып неғылайын.
Малыбай балаларға əке болдың
Тəубаға құлшылық қыл, етпе уайым.
Жұмығым, Оспаным мен Жаманшалым,
Қиналды-ау бұл аурудан кəріп жаным, —
дейді ақын өлер алдында.
Жұпан ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болған соң, Сүйінбай алған əйелі Еңлікпен өмірінің
ақырына дейін отасады. Ол жөнінде:
Тұмау десем науқасым тұман болды,
Үйімнен кетпейтұғын құдам болды.
Еңлігім, қайрат қыл да, қамыңды істе,
Тұруым бұл науқастан күмəн болды, —
дейді ақын «Керуендей бір күні» атты өлеңінде [1; 50].
Еңліктен оның Жетібай, Əзірбай деген екі ұлы жəне Бағыжан, Қойжан деген екі қызы болады.
Сүйінбайдың өмір сүрген жылдары туралы мəліметтер
Өрен жүйрік айтыс ақындарының бірі — Сүйінбай Аронұлының қай жылы туып, қашан өлгенін
дəлелдейтін дерек жоқ. Оның шығармаларын жинау, зерттеумен айналысқандардың бұл саладағы
мəліметтері бір-біріне ұқсамайды. Əрқайсысы əр жылды көрсетеді.
«XIX ғасырдағы қазақ ақындары» атты жинақта [7] жəне «Қазақ Совет энциклопедиясының» 10-
шы томында [8] Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы
Қарақыстақ аулында туып, 1898 жылы сексен үш жасында дүниеден қайтты деп көрсетілген.
«Екімыңжылдық дала жыры» деген кітапта [3; 202] жəне «Жеті ғасыр жырлайды» деп аталатын
екі томдықтың бірінші кітабында [9] Сүйінбай ақын 1822–1895 жылдарда өмір сүрді делінген.
Профессор Х.Сүйіншəлиев «Қазақ əдебиетінің тарихы» деген оқулығында былай деп жазады:
«...Осы күнге дейін біз Сүйінбайды 68 жасында (1827–1895) өлді деп келдік. Сүйінбай 1827 жылы
емес, 1822 жылы туып, 1895 жылы қайтыс болған. Сүйінбайдың сүйегі Қарақыстақ аңғарының
жоғарғы саласындағы шағын обаның үстіне, көне бейітке қойылған» [10]. Белгілі бір тоқтамға келу
үшін бұл деректерді əлі де іздестіре, анықтай түсу керек.
Сүйінбайдың шөбересі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Садырбаев
халқымыздың ұлы ақыны Сүйінбай Аронұлының мұрасын жинауда көп еңбек етіп жүр. Көрнекті
əдебиетші ақынның жырларын құрастырып, екі рет «Жазушы» баспасынан шығарды. Оның айтуы
бойынша, «Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, Ұзынағаш
болысына қарайтын № 3 ауылда, яғни қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қарақыстақ
өзенінің шығысындағы Құлансаз жайлауында, дүниеге келген. 1898 жылы 83 жасында қайтыс
болған» [11]. Шөбересінің мұндай дəлдікпен айтуы тегін болмауға тиіс. Бала кезінен ақынның өлімі
мен жерленуін бүге-шігесіне дейін естіп-білгеніне шек келтіруге болмайды. Демек, Сүйінбайдың
туған-өлген жылдарын 1815–1898 деп тану орынды демекпіз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Ұрпақтан ұрпаққа өнегесі жайылған...
Серия «Филология». № 3(63)/2011
77
Достарыңызбен бөлісу: