Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет55/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100
 
11-сурет. Антидененің құрылысы жəне антидене-антиген комплестің түзілуі 
 
Антиген байланыстырушы сайттар үш бөлімнен тұрады. Ол 
антидененің антигендік комплементтілігін анықтап, вариабельді 
(VН    жəне VL) түзеді.  Əр L тізбек  константты  бөлігі  немесе 
домен (С2), ал əр Н тізбек – 3 константты бөлікті немесе домен 
(СН1 , СН2,  СН3 ) болады.  Антиденені  ферментпен  өңдегенде  
3 фрагмент түзіледі: 2 бірдей  Fав, əрқайсысы интакті L тізбекті, 
дисульфидті байланысқан СН2 жəне СН3 доменді Н тізбек. Fав-
фрагменті - антиген  байланыстырушы  қасиеті  бар.  Антигеннің 
интакті  антиденемен  байланысынан  кейін  келесі  иммунды 
жауап  реакциясы  басталады:  комплемент  жүйесі  белсенденеді. 
Ол  клеткалық  мембраналарды  бұзады.  Нəтижесінде    Fe    бөлігі 
антиденемен  байланысып,  Fe–рецептор  эффекторлы  жасуша 
бөтен жасушаны ерітетін бөлінді шығарады. Онымен синтездене 


 
78
молекуланың    Faв  бөлігі  байланысқан.  Байланысқаннан  кейін  
Faв  бөлігі  ерігіш  антиген  Fе–бөлігімен  қосылады.  Ол  антиген–
антидене комплексін бұзады.                 
Қазіргі таңда гибридома алу жəне моноклондық антиденелер 
алу  технологияны  жетілдіріп  медицинада  жəне  ветеринарияда 
пайдаланады.  Арнайы  антигенге  қарсы  моноклонды  антидене 
(МКА) алу үшін BALB/c линиясының тышқандарының денесіне 
оны  бірнеше  рет  егеді.  Осының  нəтижесінде  тышқан  организ-
мінде  антигеннің əрбір детерминанталарына қарсы бағытталған 
В-лимфациттер  түзіледі.  Иммундеу  аяқталған  соң  тышқанның 
көк  бауырынан  оның  лимфоцитерін  бөліп  алып,  оларды  ісік 
клеткаларымен  араластырады.  Сонан  соң  бұл  жасушаларға  бір-
бірімен  қосыла  алатындай  жағдай  жасайды.  Көп  қолданатын 
органикалық  қоспалардың  бірі – полиэтиленгликоль.  Бұл 
жасушалардың  гибридизациясы  электр  тогінің  əсерімен  де  іске 
асады. Олар жасуша мембранасын тесіп жасушалардың қосылуына 
себепкер болады. Дегенмен араластырылған екі түрлі клеткалар-
дың  бірлігі  бірдей  бір-бірімен  қосыла  бермейді.  Тек  кейбіреу-
лері ғана гибридомаларды түзейді. Гибридомаларды қосылмаған 
клеткалардан  бөліп  алу  үшін,  қоректік  ортаға  гипоксантин-
амидоптерин-тимидин  (ГАТ)  деген  қарапайым  қосылысты 
енгізеді.  Ісік  клеткалары  гипоксантин  гуанинфосфорибозил-
трансфераза (ГГФРТ) деп аталатын ферментті синтездік қабіле-
тінен айырылған, ал В-лимфоциттері жəне басқада сау жасуша-
лардағы  ГГФРТ  гипоксантинды  басқа  қосылысқа  айналдырып 
отырады,  жасуша  ішіндегі  гипоксантин  өзгеріске  ұшырамаса 
жасуша  үшін  улы  зат  болып  табылады.  Сондықтан  қосылмай 
қалған ісік жасушалары өледі, бірақ, будан  жасушаларымен В-
лимфоциттері  жоғарыда  айтылған  ферменттің  болғандығынан 
тіршілік  əрекетін  сақтайды.  В-лимфоциттер  біраз  уақыттан  соң 
өзінен-өзі  өледі,  өйткені,  ол  жасанды  ортада  өсе  алмайды, 
осылайша  гибридомалар  бөлініп  алынады.  Ісік  жасушасымен 
лимфоциттерді  бір-бірімен  қосып,  ГАТ  қоспасы  бар  қоректі 
ортаға  отырғызылған  соң  əр  будан  жасушада 10-14 күн 
арасында  клон  пайда  болады.  Будан  жасушалардың  ішінен 
антигенге  қарсы  антиденелер  жасап  жатқан  гибридоманың 
клондары  иммунологиялық  тəсілдерімен  анықтайды.  Клон  тек 
бір  түрлі  жасушалардан  құралғандықтан  жəне  жасайтын 


 
79
антиденелер  бір  текті  болғандықтан  осы  гибридома  өндіретін 
иммуноглобулиндерді  моноклонды  антиденелер  деп  атайды. 
МКА  көп  мөлшерде  алу  үшін  гибридоманы  сингенді  тышқан-
дардың бүйір қуысына енгізіп өсіреді. Бір тышқанның бүйірінде 
көбейткен  гибридомадан 40-50 мг  дейін  МКА  алуға  болады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет