Мифологиясы



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата03.03.2017
өлшемі13,35 Mb.
#6392
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

бағытымен үш рет айналып:
Жыл басы келді, хайыракан,
Жылан басы түледі, хайыракан.
Ақ тағам мол болсын, хайыракан,
Ақ сүг бозасы дәмді болсын, хайыракан, —
дейтін  [212,295-6.].
Көктемде нажағай ойнағанда хакастар үйді айналып шөмішпен қағу 
рәсімін жасаған. Олар жасынды жауыз-рухты қуып атқан Тэңірдің оғы 
деп  ұққан  [261,  37-6.].  Сахалар  да  күн  күркірегенде  үйдің  сыртына 
шығып пәле-жаланы қуып, ырым жасаған. Оларда нажағай иесі — Сюгэ 
Тойон [261, Б.ЗО-311. Бұндагы  Сюге моңғолша «сүх, сүхээ», яғни балта 
деген  ұғымды  білдіреді.  Сонымен,  нажағайды  аспандағы  рух-иенің 
оғы деп түсіну түрік-моңғол халықтарына ортақ.
Қыстан  қысылып шыққан бақташы халық көктемнің келуін жақсы-
лыққа  балаған.  Ал  алғашқы  күннің  күркіреуі  жайдары  жаздың  белгісі
саналады.  Сондықтан мал  көкке тойып, сүт мол болсын деген ниетпен
үйді  айналдыра ақ шашып, тылсым  иелерден  мейір тілейді.  «Сүт көп»
деген  сөз  осындай  ишараны  меңзесе,  «көмір  аз» дегені -  найзағайдың 
зауалынан қорғануы. Халық найзағайды Тэңірдің сайтанды ататын оғы 
деп түсінеді.  Күн  күркірегенде сайтан  қашып  келіп,  адамға паналайды 
да,  содан бейкүнэ жанға жай түседі деседі.  Мінеки, осындай себептер- 
ге  байланысты  алдын  ала  жайдың  отынан  сақтанып,  «көмір  аз»  деп, 
мінэжат етеді.
130

БеліЧлі  ғалым  Х.Әбішев  былай  деп  жазады:  «Көркем  аңыздарда 
ішкі  кисын  да  мығым.  Күн  күркіреп,  көк  дүркіреген  шакта  айғыр 
үйірге  салынады.  Дәл  осы  қарсаңда  (мамырдың  оны  кезінде)  бір  үйір 
жылқыдай  топ  жүретін  жеті  Үркер  «жерге  түсіп»,  көктен  жоғалады. 
Сүңғыла  жандардың  көкірегінде  көктемдегі  күннің  күркірегені  үйірін 
(Үркерді)  іздеп, таЬыр салып,  шапқылаған  көк  айғырдың азынағанын- 
дай болып бейнеленеді» [194,  18-6.].
Сонымен,  нажағайдың үнін  қазақ аспандағы  айғырдың  кісінеп,  та- 
сырлаған  дауысы  деп  ұкса,  жаңбырды  көк  биесінің  сүті  деп  түсінген 
сыңайлы.  Мәселен, балалар күн жауғанда былай дейді:
Жау, жау, жаңбыр, жау, жау,
Көк биенді сау, сау [248,  133-6.].
Жалпы,  балалар  өлеңінде  ежелгі  мифгік  танымның  сарқыны  сақ- 
талып  қалатыны ғылымда анықгалған  [248,  69-6.].  Ал  шорлар «Нажа- 
ғай  -   Улген  тэңірінің  ақ  боз  атының  қамшысы»  деп  түсінген  [267,
71-6.].
Кеңістік  тұрғыдан  әлемді  үшке  (жоғарғы,  ортаңғы,  төменгі)  бөліп 
түсініп,  жоғарғы  әлемде  ел  де,  мал  да  бар  деп  илану  дүние  жүзі  ха- 
лықтарында  кездеседі.  Мысалы,  египет,  африка  халықгары  аспанда 
киелі сиыр бар деп нанған. Үнді-ирандықтар аспанның сиыр-бұлтынан
жерге тэтті сүт ағады деген  [54,  88-6.].
Ал  моңғолдар  жауын-шашын  мен  күнді  күркірететін  айдаһар  деп
түсінген  [166,  64-6.;  65,  9-6.].  Ш.Уәлихановтың  «Күн  күркірететін
аждаһа  туралы  біз  естігеніміз  жоқ»  деуі  осы  мәселені  меңзейді  [2,
481 -б.].
Жалпы,  айдаһар  әлем  халықтарының  фольклорында  жиі  кезде- 
сетін  кейіпкер.  Әсіресе  батырдың  айдаһармен  соғысу  сарыны  мол.
В.Я.  Пропптың  анықгауынша,  айдаһар  отырықшы-диқаншы  қалалық 
мәдениетте  болған  халықтарда  пайда  болып  қалыптасады  [64,  Б.267—
268
]. 
„ 
ъщфтт
Расында,  егінші  халықтар  — қытайлык,  египеттік,  үндістандықгар 
айдаһарды  аузынан  от  шашқан,  қанаты,  төрт  сирағы  бар,  жаңбыр 
жауғызып,  кейде  құрғақшылык  жасап,  елге  апат  төндіретін,  нажағай
ойнататын бейне ретінде  түсінеді  [54,  166-6.].
Ал  бауьфлас  монғолдар  айдаһарды  «лу»  деп  атайды,  оның  сирағы
бар,  аспанда  ұшатын,  жаңбыр  жаудыратын,  құйрығын  қимылдатып, 
ақырғанда  күн  күркірететін  кейіпкер  ретінде  елестетеді.  Эрине,  моң- 
ғолдардағы  айдаһардың  бұндай  бейнесі  үнді-тибет  мэдениетінің
ықпалымен  қалыптасқаны  анық  [100,  318-6.;  100,  Б.  320-321].  Алтай,
телеуіт,  шор,  кумандар  осыған  ұқсас  бейнені  «улу-арджан»  (ұлу-
арасан.  — 
А.Т.),  «улу»,
  «кербалық»  деп  атаған  [70,  266-6.,  175,  74-6.]. 
Ал  тувалардағы  «улу»  моңғолмен  тура  ортақ  [212,  Б.312—313].  Рас, 
хуннулар  айдаһарға  табынған  деген  қытай  деректері  бар  [249,  9-6., 
250,  Б. 144-145].  Әйткенмен ол рух-иенің пішіні, түр-тұлғасы,  қызметі 
қандай болғандығы туралы фольклорлық сюжет  бізге белгісіз.
13! 
і

Қазақтардың  төл түсінігінде  айдаһар -  жыланның  алып  түрі  ғана. 
Оның жауын-шашын, нажағаймен қатысы жок. Қазақта он екі мүшелдің 
бірінің аты ұлу болғанымен,  оны  халық айдаһармен  байланыстыра ал- 
майды,  оңтүстік  өңірде  балық  жылы  дейді,  әйтеуір,  сумен  қатысты 
тылсым  тіршілік  иесі  ретінде  түсінеді.  Қазак  эйелдері  үлу  жылын 
«шолп етер» деп тергеп айтқан деген дерек  бар  [251,  179-6.].
Осы  ойларымызды  тереңірек  дэлелдеу  үшін  айдаһар  образының 
түпкі  мэні  мен  қызметіне,  ертек  пен  хикаядағы  функциясына  талдау 
жасайық.  Сан  қатпарлы  осы  күрделі  бейнені  жан-жаюгы  талдаған
С.А.  Қасқабасов  «Айдаһар  дегеніңіз  — түптеп  келгенде,  ғаламат  алып 
жылан»  [90,  178-6.] деп  жазғанындай,  қазақ ертегілерінде айдаһардың 
ерекшелігі  сол  —  ол  «алып  жылан»  түрінде  кездеседі.  Әрине,  кеи 
ертекте оның, халықаралық сюжеттерде кездесетініндей, суменкатысы 
бар.  Мысалы,  эйел  бейнесінде  қүбылып  жүріп,  жігітке  үйленеді, 
шөлге шыдамсыз, түнде түрып ап, үйдің шаңырағынан мойнын созып, 
өзеннен  су  ішкендігі  айтылады  («Айдаһар»)  [69,  Б.244—245].  Кейде 
ысқырып,  аспаннан  жаңбыр  жауғызады  («Айдаһар  қатын»)  [252,  Б.52— 
55].  Шөлден  қаталап,  жарылып  өлгенде  күн  бұзылып,  жаңбыр  жауып 
кетеді («Арғы мерген») [253]. Әлбетте, бүл сарындар диқан, отьфыкшы 
халықтарда кездесетін айдаһарды жауын-шашын, су иесі деп түсінетін 
үгымның  бізге  ауысқан  сарқыны  деуге  болады.  Барлығында  да  осы 
халықтар айдаһарды үшатын қанаты бар, аузынан от шашатын, сирағы 
бар  мақүлық  кейпінде  елестетеді.  Ал  қазақ  үғымындағы  айдаһар  не 
бары  алып  жылан  ғана  екендігін  аиттық.  Тіпті  көптеген  ертектерді 
айтушылар кейде жылан, кейде айдаһар деген атауларды қатар қолдана
береді. 
и>-1  •’'
Айдаһар  1   қазақ  ертектерінде  қауымнан  ауыр  салық  алып  түра- 
тын  қүбыжық.  Ол  «борандатып,  дауылдатып»  келеді.  Алдын  ала  жэ- 
бірленушілер  дайындап  қойған  калың  малды,  адамды  тірідей  жү- 
тады.  Әсіресе,  қыздарды  жалмайды,  тіпті  патшаның  қызын  да  жүт- 
қалы  жүртты  дағдарысқа  үшыратып,  эуре-сарсаңға  салады.  Онымен 
шайқасқалы  бел  буған  батыр  аңшыны  («¥шарханның  баласы»  [254], 
«Жарты  төстію>  [255],  «Кедейдің  үш  баласы»  [256]  т.с.с.)  айдаһар 
жүтқан  кезде,  ол  қырық  қүлаш  семсерін  серт  үстап,  ішіне  кіріп,  қак 
жарады да,  қауымды азат етеді,  айдаһарды өлтіргенінің белгісі репнде
жонынан таспа тіліп алады.
Алғашқы қауымда кәмелеттік сынақ өткізуге арналған салтта ішінен
неофит  өтетін  орынжай  алып  жылан,  яғни  айдаһар  пішінінде  болған. 
Сонымен  бірге,  айдаһар  төменгі  өлілер  элемінің  күзетшісі,  жанды  о 
дүниеге жеткізуші рух-ие екендігі де дэлелденген  [90,  179-6.].
Кейбір  қазақ  ертегілері  мен  хикаяларында  әйел  кейде  айдаһардың 
етіне  жерік  болады.  Айдаһар  етіне  жерік  болу  I   тотемдік  сенімнің 
қалдығы, ал  айдаһардың адамды  жүтуы -  кәмелеттік сынақ салтының
ізі  екендігі ғылымда анықталып отыр. 
Н Ц
Сонымен,  қазақтағы  айдаһар стадиялық даму сатысына сай  өзіндік
ерекшелікке  ие.  Қысқасы,  ол  жауын-шашынмен қатысты  аңыздалатьш 
моңғолдағы айдаһар бейнесінен  мүлде бөлек тұрпатта.

туралы
Казақтың
көтеріп  тұрған  көк  оұканың  демі  деп  ұққан  [іо э ,  /о^-о.]. 
. 
кейбір сюжетінде жел үңгірдегі алып адамның аруағынан пайда болған 
дәу-жыланның  демі  немесе  қайтыс  болған  батырдың  ашу-ызасының
V- • 
• 
• 
Г *
 
Г 1  Л  1 
Л Л П   г   ,  1 
ГУ  Л  А А   /"'  1  
________ _
түсшіктщ
түпкілікті  әу  бастағы  рух
моңғол халыктарында мүлде көмескіленіп кеткендіктен, оның нақтьшы 
бірегей бейнесі де көрініс таппағаны анық болды.
«Қүйын,  шамасы,  аласапыран  табиғи  құбылыс  кезінде  туатын, 
тэңірінің  бір  кейпі...  Құйынға тап  болғанда  қазақ  «тфу,  тфу,  тфу»  деп 
үш  түкіреді.  Кидандар  туралы  да  Васильев  мырза  осыны  айтады»,  -
деп жазады Ш.Уәлиханов  [2,481-6.].
Қазақта балалардың «Құйын, құйын, қүйын соқ, Пәлен таздың үйін 
сок!» деген өлеңі  бар.  Сонымен  бірге  «Құйынның  ішінде  шайтан  бар.
көктемде  далаға  ұиықтап,  құиынға  тап  оолған  адам  есінен  адасады», 
«Құйынға түкіріп, пышақ лақтырып едік, ол қанға малынып қалыпты» 
деген сөздер ел арасында айтылады. Бұдан біз қазақтың құйьшды арғы 
әлеммен байланыстырып, анимистік таным ауанында тірі бейне ретінде 
елестеткенін білеміз.  Қазақгың осы ұғымдары бурятпен үндеседі.
Буряттардың айіуынша,  адамның жақсы, орташа,  нашар деген  үш 
түрлі  рухы  бар:  жақсы  жан  адам  дүниеден  қайтқанда  аспанға  кетеді, 
орташа жан жер бетін шарлайды, ал нашар жан дене шіріген соң құйынға 
айналады да, ұршыкгай иіріліп жүреді-міс.  Олар құйын келе жатқанда 
«Долана  тікені  қадалсын,  жеті  жебе  қадалсын»  деп  айқайлайтын  [68,
Б.45-46; 68, 50-6.].
Эвенкілер  де  құйынды  «қаскөй-рух  сапары»  деп  жорыған.  Бұл  тү-
рік-моңғолға параллель ұғым  [261, 56-6.].
Ал  жауыннан  кейін  көрінетін  кемпірқосақты  австралиялықтар,  ма-
лайлар,  қытайлар, үнділер және т.с.с халықтар су ішкелі тұрған жылан 
бейнесінде  елестеткен  [54,  164-6.].  Көптеген  халықгар  оны  адамның 
жанына  қаскөйлік  жасайтын 
рух-ие  деп  қорыққан  [140,  135-6.]. 
Тувалар оны аспан құдайының арқаны, жаратқан  ие жердегі жандарды 
құрбандыққа  аларда  сол  бұғалықпен  тартып  алады  деп  ұққан  [212, 
10-6.]. Буряттар «һолонго» (кемпірқосақ) көк пен жер арасындағы көпір, 
онымен аспандағы рух-иелер жерге, жердегі бақсылар көкке көтеріледі 
деп  түсінген  [240,  94-6.].  Тува  бақсысы  сол  қолымен  кемпірқосақты, 
оң  қолымен  аспанды  ұстап,  басқа  әлемге  сапар  шегетін  [207,  52-6.]. 
Алтайлықтардың  түсінігінде,  бас  құдай  Улген  тәңірі  кемпірқосақ  пен
найзағайды жасаушы, оның сілекейі — жаңбыр [113,  10-6.].
Кемпірқосақ  туралы  қазақта  мынадай  сюжет  кездеседі.  «Аспанда 
ел  бар.  Арасында  алып  кемпір тіршілік  етеді.  Ол  бір  рет  ауқатганған- 
да  қырық  қойдың  етін,  қырық  таба  нан,  қырық  мес  қымыз  ішеді. 
Танауының  тесігінің  өзі  екі  салт  атты  қатар  сиятындай  үлкен.  Есі- 
мі  -   Мыстан  кемпір.  Бұл  кемпірдің  түрлі  түсті  қойлары  көп-ақ.  Ол 
қойларын  ылғи жаңбырдан  кейін  қосақтап сауады.  Жауын-шашыннан
кейін  көзге  көрінетін  кемпірқосақ — сол»  [193,  147-6.,  129,  295-6.].  Ал 
Г.Н. Потанин былай дегі жазады: «Монголы рассказывают, что у одного
133
і

человека была два жены, которые ссорились; старшую жену, у которои 
было три сына,  свекров  прокляла,  это же с двумяи  сыновями  ушла на 
небо со всем скотом, теперь она привязывает своих баранов на радугу»
[79, с.  127]. 
’ 
.  

Қазақ  сюжетінде  елдің  күнделікті  бақгашылык  тұрмысы  таоиғат 
құбылысына  телінсе,  моңғолда  да  сол  көрініс  суреттеліп,  оған  от-
басылық-әлеуметтік өмірдегі қайшылық қосарланған.
Түйіндесек,  халық  табиғат  құбылыстарын  да  мифтік  танымға  иек 
артып  сырлы  бейне  ретінде  елестеткен.  Моңғолдағы  жауын-шашын 
иесі  айдаһар  деген  ұғым  үнді-тибет  мэдениетінен  тамыр  тартқаны 
анықгалды.  Бұл ұғымның қазақга, тек ертегіде ғана елесі бар екен. Сол 
себептен де отырықшы-диқан елдерге тән жауын-шашын иесі айдаһар 
деген ұғым моңғолда бар болғанымен, түрік халықтарында кездеспеиді. 
Керісінше,  кемпірқосақ  туралы  ұғым  қазақ-моңғолда  ортақ  екені  ай- 
қындалды.  Нажағайды  екі  халық  құдайдың  жауыз  рухты  ататын  оғы 
деп ұққан. Буряттағы ерекшелік, оның иесі -  Хүхүдей мерген. Сонымен 
бірге  жел  туралы  ұғымдар,  ыдыраңқы  даму  стадиясына  сай,  қазақ- 
моңғол  мифологиясында көмескі,  шашыраңқы тұр.  Әйткенмен,  құйын 
туралы қазақ пен бурят ұғымы тіндес екені анықгалды.
Буряттарда  су  иесі  Уһа  Лосон  деген  дерек  бар  [257,  107-6.].  Уһа 
бурятша су деген сөз, Лосон деген есім Лубсан, Лобсага деген тұлғада 
кездескенімен,  ол  тибетгің  Клу-бцан,  яғни  «құдіретті  айдаһар»  деген 
сөзінен  шыққан  көрінеді  [258,  190-6.].  Су  иесі  Сүлеймен  ұғымы  моң- 
ғолдарда  мүлде  жоқ.  Алайда  осы  кейіпкердің  аты-жөні  алтай  бақ- 
сыларының «алкышында» кездесетіні кызыкты:
Балык сууда Палай-Каан,
Тал таптылу Талай-Каан,
Суу-энези Сулай-Каан [259,  108-6.].
Су енесі Сулай-Каан деген сөздің түбірі «су» деген сөзден өрбіп, су 
анасы (енесі) деген мағынаны береді. Хакастарда «Су и есі—Суғдай-хан, 
жел иесі -  Чилдей-хан» деген сөз бар [219,52-6.]. Омбылық татарларда 
Ертіс  пен Сүлеймен элемді жаратушьшар, екеуі бірігіп орманды, жын- 
періні, адамды жаратқан соң ұсқыны жаман Сүлеймен өзеннің тереңіне 
жасырынып, елге көрінбейтін болған деген аңыздау бар [260, Б. 144-146]. 
Бұл  сюжетте  де  Сүлеймен  судың  рух-иесі  ретінде  көрінеді.  Ал  түрік 
халықгарына  кең  таралған  бір  жұмбақтың  татардағы  нұсқасы  былай 
«Тауда Талайман курдем, Суда Сөләйман курдем». (Шешуі: аю мен ба- 
лық).  Ғалымдар  бұндағы  Сүлеймен  сөзінің  араб  тілінде  балық  деген 
мағына  беретінін  де  жазады  [37,  74-6.].  Демек,  түріктегі  байырғы  су 
енесі Сулай-Каанмен (Суғдай  хан) кэдімгі элемдік діндерде кездесетін 
(иудей,  христиан,  ислам)  Дэуіт  пайғамбардың  баласы  Сүлеймен 
патшаның бейнесі, сонымен бірге балық деген мағына беретін арабтың 
сүлеймен  сөзі  ғасырлар  керуенінде  түрік  мифологиясында  тоғысып, 
бас  қосып, өзгеше өрнек тапқан.
134

IV.  КИІЗҮИ:  ҚҮРЫЛЫМЫ, 
МИФОЛОГИЯЛЫҚ  ТҮПКІ  МӘНІ

Дәстүрлі баспана семантикасы
Халық мұрасының бай да салтанатгы  қазынасын  киіз үйден табуға 
болады.  Шын  мәнісінде,  киіз  үй  -   халықтың  көне  дүниетанымы  мен 
байырғы  түсініктері  тоғысқан  алтын  қазық.  Қазақ  киіз  үйін  Ш.Уәли- 
ханов,  Г.Н.  Потанин,  П.Маковецкий,  Ә.Марғүлан,  М.Мүқанов,  В.Вос- 
тров,  И.Захарова,  Х.Арғынбаев  сияқты  ғалымдар  зерттеген  [276]. 
Бүлар  киіз  үйді  материалдық  мэдениет  түрғысынан  тексерген.  Ал  біз 
басқа  аспектіде,  нақтылап  айтқанда,  рухани  мэдениет  тұрғысынан 
зерттеп,  дэстүрлі  баспананың  мифологиялық-ғүрыптық  арғы  мәнін 
зерделеп,  онда  шоғырланған  халқымыздың  ежелгі  наным-сенімдер 
жүйесін  тексермекпіз.  Бүл  бағытта  Б.Ибраев  [190]  алғаш  рет  пікір 
білдірсе, этнограф Н.Шаханова қазақ киіз үйін символикалық түрғыдан 
зерттеуге түңғыш қадам жасаған. Ол, негізінен, шаңырақ пен бақанньщ 
таңбалық қызметін ауқымды талдап, киіз үйді ер мен әйелдің бірігуінің,
өсіп-өнуінің рэмізі деген түйін жасаған  [277].
Жалпы,  дәстүрлі  баспана  атаулының  түпкі  мэні  ерлі-зайыптының 
некелесуі, бірігуі, өсіп-өрбуі екендігін зерттеушілер бірауыздан мақүл- 
даған.  Ескерте  кетсек,  элемдегі  дэстүрлі  баспананың  символнкалық 
қызметі  тарихи-типологиялық  түрғыдан  үқсас  екендігі  ғылымда 
әлдеқашан  дэлелденген  ақиқат  [278].  Ал  біз  ел  аузынан  жазып  алған 
тың материалдарды қолданып, киіз үйдегі кеңістіктер мен символдарды 
кешенді  зерттеп,  халықтың  байьфғы  түсінігіндегі  баспананың  түтас 
түлғасын,  кесек  келбет-бітімін  анықтап,  өзіндік  дара  ерекшелігін
сараламақпыз.
Алдымен  айтарымыз:  киіз  үй  үш  түрлі  материалдан  жасалғанын 
байқаймыз.  Олар:  ағаш,  жүн,  тері.  Ағаш  өсімдік  текті,  ал  тері  мен 
жүн -  мал өнімі.  Ағаштан киіз үйдің сүйек-қаңқасы, жүннен  киіз жаб- 
дықгары  жасалады.  Тері,  біріншіден,  керегенің  көгіне,  екіншіден, 
шаңырақ  тоғымының  қоспасын  таңатын  таспаға  жарайды.  Тағы  бір 
айқындалған  мәселе  — еркек  киіз  үйдің  қатты  ағаш  қаңқасын,  ал  әйел 
жүннен жасалатын жұмсақ жабдықтарын жасаумен айналысады екен.
Леви  Стросс:  «  ...  Біз  айтып  отырған  тайпаның  ерлері  -   мүсінші, 
әйелдері  суретші  болып  қалыптасқан...  Кадиувеу  өнерін  зерттегенде 
дуализм  байқалады:  бұл  өнерді  жасаушы  ерлер — мүсінші,  ал  эйелдер 
ою-өрнек  салатын  суретші  екендігі  айқын  көрініп  тұр»,  -  деп  жазады 
үндістер жайында зерттеуінде  [279, Б .81-84].
136

Осыган  тура  ұқсас  жайтты  өз  мәдениетімізден  де  табамыз.  Үйдің 
ағаштан  жасалатын  сүйек-қаңқасы  -   еркектің,  киізден  жасалатын 
жабдығы  әйелдің  рэмізі  екендігін  байқаймыз.  Қазақга  «сүйек  экенікі, 
ет ананікі» деген үғым бар.  «Руың кім?» дегенді  «сүйегің кім?» деп те 
айтады.  Түйіндесек,  түтастай  алғанда  киіз  үйдің  қатты  ағаш  сүйегі -  
еркекті,  биязы  жүмсақ  жүннен  жасалатын  жабдығы  әйелді  рәміздеп, 
үй  тігіп,  отау  көтеру  салты  ер  мен  әйелдің  бірігуін,  некелесуін,  өсіп-
өрбуін түспалдайды екен.
Тағы бір шындық -  киіз үйдің бір тал  шеге қағылмай, темір атаулы
араластырылмай  жасалатын  элемдегі жалғыз баспана екендігі.  Ежелгі 
дэу ірде діни киел і ғимараттарды тұрғызғанда, темір қосуға қатаң тыйым 
салынған  [117,  217-6.].  Осы  байырғы түсініктің ұшқынын  көшпелілер 
баспанасының  сэулет  ерекшелігінен  де  байқаймыз.  Бір  ғана  бұл  емес 
баспананың  ғибадатханаға  ұқсас  көптеген  қырлары  бар  екендігін  ға- 
лымдар  дэлелдеген.  Дэстүрлі  мәдениет  өкілдері  баспана тұрғызғанда, 
діни киелі ғимараттарды салғанда жасайтын жора-жосындарды, жүйе- 
жүлгелерді  түгелдей  қайталап,  оған  негіз  етіп  ғаламның  бейнесін 
көшірмелейді екен. Яғни кез келген баспана тұрғызылған жер -  әлемнің 
оргалық  кіндігі,  үйге  космостың  қүрылымы  көшіріледі,  оның  хақ 
оргасында мэңгілік өшпейтін ғұрыптық от маздауға тиіс [57,  11-6.].
Қазақ  үйінің  де  бірегей  бітімінен  осындай  алғышартгарды  түгел- 
дей  кезіктіре  аламыз.  Киіз  үй  отбасы  мүшелерін  ыстық-суықган  ғана 
емес, табиғаттағы  қаскөй рухтардан да қорғап-сақтайтын  киелі  нысан
екендігін аңдаймыз.
Дэстүрлі  дүниетанымда  ғалам  бейнесі  үдайы  жұптық  тайталас
ауанында  түсіндіріліп,  кеңістік  игеріледі  [55,  Б.233-234].  Баспана  да 
адамның  қоршаған  ортаны,  яғни  ғалам  кеңістігін  саналы  игеруінің 
нэтижесінде өмірге келген. Киіз үйдің тұтас тұлғасы ер мен әйелдіңбас 
қосып бірігуінің рэмізі екендігін айттық.  Сонымен бірге үйдегі  кейбір 
айрықша кеңістіктегі  бұйымдар да ерлі-зайыпты  жұпты тұспалдайды. 
Айталық, оң босаға -  еркекті, сол босаға эйелді рәміздейдк Осы түсінік 
элем  халықтарының  көбіне  ортақ.  Африкалық  ндембу тайпасы  мудьи 
мен мукула деген екі ағашты әйел мен еркектің рэмізі ретінде үлықтап, 
осы қос ағашты біріктіру арқылы отау көтеру рэсімін бастайтын болған 
[56,  38-6.].  Ал  қазақ  киіз  үйінің  сол  босағасында  әйелге  қатысты,  оң 
босағасында  еркекке  қатысты  заттар  орналасады.  Сол  жақгы  «қазан- 
аяқ  жақ»  деп  те  атайды.  Осы  жақта  қара  қазан,  сар  баланың  бесігі, 
саба-торсық,  асадал,  астау-күбі,  ыдыс-аяқ,  қап-қоржын  («қапқа түссе — 
қатындікі»)  бар.  Бүл  қуыс заттарға  ылғи да  ырыздық-несібе,  қүт енеді 
[280]. Сондықган ақсақалдар «Сабаң жиылмасын, іркітің басылмасын, 
жанторсық жаныңнан  кетпесін,  қойың  өрістен  кетпесін,  биең желіден 
кетпесін,  сауғаның  бие  болсын,  жиғаның торсық болсын!» — деп  бата 
береді [77,185-6.].  Яғни  үйдін бүл бөлігін құт-несібені құйып алатын, 
жиып  алатын  «кіріс  кеністігі»  десек  те  болады.  Көне  мэдениетті 
зерттеушілер  үйдегі  куыс  заттар,  басқаша  айтқанда  ыдыс-аяқ  әиелді
түспалдайтынын жазған [57,75-6.].
137 
,
ІШ - 
.  \

¥затылатын  қыз:
Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар!
Кұлын тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын атамыз, жар-жар!
Айналайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар!
Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар!
Құлын тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар!
Айналайын шешемдей болмақ қайда, жар-жар!, -
Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар!
Құлын тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын ағамыз, жар-жар!
Айналайын ағамдай болмақ қайда, жар-жар!
Жазғытұры ақша қар жаумақ қайда, жар-жар!
Құлын тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да абысыным, жар-жар!
Айналайын жеңгемдей болмақ қайда, жар-жар!  [174, 7-6.], -

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет