Микробиология


Медицинада қолданылатын заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту



бет87/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   216

Медицинада қолданылатын заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту.

Осы мақсатта стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.


Қолмен тазартқанда келесі ретпен жасалынады:

  1. Қанмен ластанған аспаптарды 0,14%натрий олеатының (таттану ингибиторы) ерітіндісіне 220С, 60 минутқа салу керек.

  2. Су ағымымен 0,5 мин. жақсылап шайады.

  3. “Биолот” жуғыш затына - 15 минутқа, (500С) батырады.

  4. 0,5 минут сумен жуады.

  5. Ағымды және дистилденген сумен 3 мин шайады.

  6. Ыстық ауалы стерилизаторда 800С - 85 0С та кептіреді.

Стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау. Медициналық аспаптарды , шприцтерді, инелерді, және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен, майдың кетпегенін судан 3 – пен сынама қойып анықтайды.

    1. Амидопириндік сынама – 5% амидопириннің спирттік ерітіндісін + 30% сірке қышқылын + 3% сутектің асқын тотығын бірдей мөлшерде араластырады. Нәтижесі оң болғанда – көгілдір –күлгін түс береді

    2. Азопириндік сынама

Бақылау:

      1. Термиялық – камераның ішіне термометр салып бақылау

      2. Химиялық тест арқылы, аталған байланыстардың біреуін пайдаланып жасалады: гидрохинон, шарап қышқылы, тиамочевина, левомицетин. Стерилизациялану тиімділігі орындалғанда тест түсін өзгертеді.

      3. Бактериологиялық – биотесттер ретінде 160 әС температурада 1 - 1,5 сағат ұстағанда өлмейтін шөп немесе картоп таяқшаларының спораларымен жұқтырылған, пробиркалар қолданылады.

Стерильдеуші заттардың көпшілігі мұндай өңдеуге шыдамсыз, сондықтан оларды булы стерилизаторда залалсыздандырады.
Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу ( бұрынғы аты- автоклав) -стерилдеудің әмбебап тәсілі.
Булы стерилизатор – қабырғасы мықты, герметикалық жабылатын, су буы және стерилдеуші камерадан тұратын металды цилиндр. Аппарат манометр , термометр және басқа да бақылау- өлшеу құралдарымен жабдықталған. Автоклавта жоғары қысым қайнау температурасын арттырады (6.2 - кесте)

Кесте 6.2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет