Минимальная норма оснащения школьных кабинетов для реализации госо методическое пособие



Pdf көрінісі
бет46/98
Дата31.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#22747
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98
Орта мектеп бітірушісі:  

̵ жалпы  адамзаттық,  өмірдің  рухани  құндылықтарының  мәнін  түсінуі; 

адами өзара қатынастарды ажыратып, бағалай білуі;  

̵ қоршаған  ортадағы  адамдармен  оң  қарым-қатынас  құра  білуі;  командада 

еңбектене білуі; өзінің топтағы, ұжымдағы мәртебесін сай бағалай білуі;  

̵ өз отбасын құру маңызын және өзінің болашақ ересек өмірінің келешегін 

түсінуі;  

46 



̵ өзінің  мінез-құлығын,  дене  және  писхикалық  күйін  басқара  білуі; 

эстетикалық  талғамын,  жақсы  тәрбиесін  білдіре  алуы;  күнделікті  тұрмысты 

әсемділік заңдарымен кешуге; өз ойлары мен сезімдерін еркін білдіре алуы;  

̵ қоршаған ортамен үйлесіміділікте өқмір сүру маңызын түсіну;  

̵ өз көзқарастары мен айқындамаларын қорғай білуі;  

̵ өз  өмірін  салауатты  өмір  салтына  сай  ұйымдастыра  білуі;  сыныпта, 

мектепте,  үйде  денсаулықты  сақтайтын  ортаны  құру  және  оны  қолдау  үшін 

жағдай жасау біліктері мен икемдерін қолдана білуі;  

̵ өзін  жетілдіру  мақсатымен  ақпараттық  және  коммуникациялық 

технологияларды шығармашылықпен және өнімді пайдалана білуі;  

̵ қиын жағдайларда азаматтық айқындамасына сүйеніп, жауапкершілікпен 

шешім қабылдай білуі;  

̵ нақты  жағдайды  бағалай  білуі,  түрлі  мәселелер  шешімдерін  іздестіруді 

жүргізе білуі; қалыптан тыс жағдайларда қалыпқа сыймайтын шешім қабылдай 

алуы тиіс.  

Талаптар  оқытудың  материалдық-техникалық  құралдарын  кешенді 

қолдану, жаттанды оқу әрекетінен өзіндік, ізденіс-зерттеу жұмыстарына ауысу, 

оқу  әрекетінің  талдамалық  бөлігіне  мән  беру,  оқушылардың  түрлі  ақпарат 

көздерімен  жұмыс  істей  алу  білігін  дамыту  мен  қатысымдық  мәдениетін 

қалыптастыру  міндетінен  туындайды.  5-9  сыныптарда  өзін-өзі  тану  бойынша 

оқу үрдісінің материалдық-техникалық қамтамасыздығы осы міндеттерді шешу 

үшін  жеткілікті  болуы  керек,  сол  себептен  де  ұсыныстарға  осы  уақытта  ғана 

шығарылатын нысандар ғана емес, келешектегілер де енген.  

Талаптарды  дайындау  барысында  «Бөбек»  ҰҒПББСО-ның  Алматы  және 

Астана  қалаларындағы  және  Қазақстанның  басқа  да  өңірлеріндегі  «Өзін-өзі 

тану»  пәнінің  мазмұны  мен  әдістемесін  эксперименттік  байқаудан  өткізу 

нәтижелерінің жетістіктері ескерілді.  

Бұл  талаптар  белгілі  бір  білім  беру  мекемелерінің  ерекшелігіне, 

қаржыландыру  деңгейіне  сай  және  сол  оқу  мекемесінің  материалдық-

техникалық  базасының  дайындалуы  мен  жинақталуына  қарай  нақтыланып, 

толықтырылуы  мүмкін  (соның  ішінде,  оқушылармен  құрылатын  мультимедиа 

өнімдері, электрондық кітапханалар, бейне қоры және т.б.).  

Талаптардағы  оқу  құралдарының  саны  бір  оқу  кабинетіне  арнап 

есептелген  түрінде  келтірілген.  Көрсетілген  техникалық  құралдардың  басым 

бөлігінің  қолданысы  пәнаралық  міндеттермен  қатар,  жалпы  оқу  міндеттерін 

шешуге де пайдаланылады. «Өзін-өзі тану» кабинетінің оқытудың техникалық 

құралдарымен  жабдықталуы,  сол  білім  беру  мекемесін  жалпы  материалдық-

техникалық 

тұрғысынан 

қамтамасыздығының 

бір 

бөлігі 


ретінде 

қарастырылады.  Көрсетілген  материалдық-техникалық  жабдықтау  құралдары 

мен  нысандарының  нақты  саны  сыныптың  орташа  толықтығын  ескерген  

(10-


15 оқушы).  

10-


11  сынып  оқушыларына  арналған  «Өзін-өзі  тану»  оқу  кабинеті 

бақытты  отбасылық  қатынастарының,  адамзаттық  жарқын  жетістіктерінің 

фотосуреттерімен,  аттары  әлемге  таныс  гуманисттердің  дәйексөздерімен 

безендіруге болады.  

47 



10-

11  сынып  оқушыларына  арналған  «Өзін-өзі  тану»  оқу  кабинеті  –  бұл 

ерекше, оң энергетика кабинеті, онда жоғары сынып оқушылары өзінің өмірлік 

орнын  түсініп,  өзінің  бақытты  болашағын  жоспарлай  алатындай,  жастардың 

белсенді  азамттық  айқындамасы  мен  өз  Отанына  пайда  келтіру  қалауын 

тудыратындай болуы тиіс.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет