Министерство науки и высшего образования республики казахстан



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата19.05.2023
өлшемі0,68 Mb.
#95282
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Түйінді сөздер: мүлікке тыйым салу, мәжбүрлеу шарасы, қылмыстық іс жүргізу, 
алдые алу. 
Аннотация: В статье рассматриваются вопросы, связанные с наложением ареста на 
имущество в уголовном судопроизводстве. Автор анализирует правовую сущность 
наложения ареста на имущество и приходит к выводу, что это мера процессуального 
принуждения, которая имеет предупредительный и обеспечительный характер, а не 
является следственным действием.
Ключевые слова: арест на имущество, мера принуждения, уголовный процесс, 
предупреждение. 
Abstract: The article discusses issues related to the seizure of property in the corner 
court of the work. The author analyzes the legal need of the state to seize property and comes to 
the conclusion that this is a measure of procedural coercion, which has a presumptive and 
presumptive nature, and is not the next action. 
Keywords: seizure of property, coercive measure, criminal procedure, warning. 
 
Қазақстан Республикасының Конституциясында (1-бап) адам және оның құқығы 
мен бостандығы ең жоғары кұндылық болып табылады. Тұлғаның жоғары құндылык 
ретіндегі құқығы мен бостандықтарын мақұлдауда мемлекеттің міндеті оны танып қана 
кою емес, сонымен бірге оны мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ осы құқықтар мен 
бастандықтарды қорғай білу болып та-нылады. Тұлғаның, оның құқықтары мен 
бостандықтарының артықшылығын жария ету, мемлекеттік қызметте осы құқықтар мен 
бостандықтарды бағдарлау мемлекеттің негізгі принциптерінің бірі болып саналады. ҚР 
Конституциясының 11-бабында, мемлекет Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын тану 
мен сақтауды міндетке ала отырып, сонымен бірге осы құқықтар мен бостандықтардың 
қорғалуына кепілдік береді. Кез келген қылмыстық әрекет қалыптасқан қоғамдық 
қатынасқа қол сұғады және оған жағымсыз өзгеріс әкеледі. Атап айтқанда, қылмыстық 
зардап қоғамдық қауіптіліктің негізгі элементі болып табылады, ал оның сипаты қайсыбір 
қылмыс зиян келтірген қоғамдық қатынастың мазмүнымен анықталады. Қылмыстық-
құқықтық санат ретіндегі шығын қоғамға қауіпті қылмыс зардабы түрлерінің бірі болып 
саналады. Қылмыстық құқық теориясында қоғамға қауіпті зардап заңмен қорғалатын 
қоғамдық қатынасқа келтірілетін шығын боп танылады [1]. 
Қылмыстың жасалуының нақты мән-жайларына байланысты келтірілген шығын 
мынадай түрлерге бөлінеді: адам денесіне, денсаулығына келтірілген зақымды емдеуге 
кеткен қаржы, мүліктік шығын, моральдық зиян. 


24
Дене шығыны азаматтың денсаулығына зиян келтірілуімен сипатталады. 
Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, біріншіден, оның мүліктік емес жеке 
игілігін кемітеді, мұның өзі жәбірленушіге келтірілген моральдық шығынның орнын 
толтыруды талап етуге құқық береді. Дей тұрғанымен, қарастырылып отырған жағдайда 
негізгі объекті денсаулыққа ақау келтіру немесе өлім мүліктік шығынға ұшырататыны 
белгілі, атап айтқанда, ол, еңбекақысын және өзге де кірістерін жоғалтумен, денсаулығын 
жөндеуге немесе жерлеу рәсіміне шығынданудан көрінеді. Егер жәбірленушіге ешқандай 
мүліктік шығын келтірілмей, тек қана денсаулығына күмәні жоқ шығын келтірілген болса, 
онда оньщ құқығы дене және адамгершілігіне кір келтірудің орнын толтыруды талап ету 
мүмкіндігімен шектеледі. 
Мүліктік зиян жәбірленушінің материалдық игілігіне, мүлкінен айрылуыдан 
көрінеді. Моральдық зиян азаматтың ар-намысына, абыройына нұқсан келтіру, көңіліне 
қаяу түсіру болып табылады [2]. 
Заң әдебиеттерінде мемлекеттік, муниципальдық және өзге де меншікке, 
азаматтардың өмірі мен денсаулығына қылмыспен келтірілген зиян, қоғамдық даму 
үрдісіне және материалдық игіліктерді өндіруге елеулі түрде нұқсан келтіретін 
болғандықтан қылмыскердің жауаптылығын ауырлата түсетіндей факторға айналатыны 
атап өтілген. 
Әлеуметтік тұрақтылықты бұзатын фактор ретінде қылмыстылыққа кең 
көзқараспен қарау, ең соңында келіп мынадай жалпы қорытындыға әкеп саяды: қол 
сұғушылықтың зардабы – бұл қылмыс құрбаны деген сөз. 
Қарап отырсақ, зиян дегеніміз адамды жәбірленуші деп танудың бірден бір негізгі 
элементі екен. Адамды жәбірленуші деп танудың жалғыз өлшемі – ол оған зиян келу 
фактісі. 
Жәбірленуші ұғымы зиян ұғымымен тығыз байланыста. Зиян жоқ жерде
жәбірленуші де болмауы мүмкін. 
Зиян туралы мәселе екі түрлі себептермен мейілінше маңызды орын алады. 
Біріншіден, жәбірленуші туралы ұғым төңірегіндегі пікірталастар, дәл осы зиян ұғымына 
анықтама беруге байланысты болып отыр Екіншіден, кейбір пікірлер бұл ұғымдардың 
процессуальдық заңдардағы анықтама төңірегінде болды. 
Мүлікке тыйым салу – бұл меншік иесіне немесе иеленушісіне оған билік етуге 
немесе пайдалануға тыйым салатын, сондай-ақ мүлікті алатын және оны сақтауға беретін 
іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары. 
Мүлікке тыйым салу негіздемелері сезіктінің, айыпталушыны тыйым салынатын 
мүлікті жасыруы, бүлдіруі немесе жойып жіберуі мүмкін деген негізді дәлелдемелер 
болып табылады. 
Қарастырылып отырған іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары мынадай мақсаттарда 
қолданылады: 
1. Азаматтық 
талапқа 
байланысты 
үкімнің 
орындалуын 
камтамасыз 
ету 
үшін. 
Заң 
мәжбүрлеудің 
бұл 
шарасын 
қолданылуын 
азаматтық 
талаптың 
болуымен 
байланыстырады. 
Сондықтан, 
егер 
азаматтық 
талап қойылмаған болса, мүлікке тыйым салуға болмайды. 
2. Басқа 
да мүліктік өндіріп алу талабын орындалуын қамтамасыз ету 
үшін. 
3. Қылмыстық 
жолмен 
алынған 
немесе 
қылмыстық 
жолмен 
жиналған 
мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету үшін. 
Қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес, қылмыстан мүліктік, моральдік зиян 
шеккен жәбірленуші оның өтеу туралы азаматық талап қоюға құқығы бар. Қылмыстық сот 
өндірісі, қылмыстардан зардап шеккен Тұлғалар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды 
мүдделерін қорғауға тиісті болғандықтан, мәлім етілген азаматық талаптың тағдырына 
қамқорлық жасауға міндетті. Соңғысы мүліктерді табу және оған тыйым салудан тұрады. 


25
Мүлікке тыйым салу әрекеті өзге де процесссуалдық әрекеттерінің тобына 
жатқызылған, сондықтан да мүлікке тыйым салу әрекеті біздің ҚІЖК тергеу әрекеті 
ретінде қарастырылмаған, яғни бұл әрекет процессуалдық әрекет ретінде жеке 19-
тараудағы процессуалдық мәжбүрлеудің өзге де шараларында қарастырылған. 
Мүлікке тыйым салуды сипаттағанда, оның орнын анықтағанда ең алдымен тергеу 
әрекеті мен өзге де процессуалдық әрекетін ұғымдарын, мақсаттарын бір бірінен 
айырмашылықтарын білуіміз керек. 
Процесссуалист ғалымдар өздерінің еңбектерінде тергеу әрекетінің әр түрлі 
ұғымдарын береді. Кейбіреулері қылмыстық іс жүргізу кезігде атқарылатын барлық 
әрекеттерді тергеу әрекеті ретінде қарастырады [3]. 
Жалпы қылмыстық іс жүргізудің теориясында мүлікке тыйым салуды тергеу 
немесе өзге де процессуалдық әрекетке жатқызылуы жайлы екі ағынға бөлінген қарама-
қайшы көзқарастар қалыптасқан. 
Бірінші ағындағы көзқарас мүлікке тыйым салуды тергеу әрекетіне жатқызады. 
Екінші көзқарастағылар мүлікке тыйым салуды процессуалдық әрекетке 
жатқызады. 
Бірінші ағындағы көз қарасты қолдайтын Р. X. Якуповтың айтуы бойынша мүлікке 
тыйым салудың мақсаты – қылмыстық жолмен (пайдақор-лық қылмыстарды жасау 
кезінде) табылған мүліктерді, ақшаларды, басқа да бағалы заттарды табуға, бекітуге 
бағытталған. Сондықтан мүлікке тыйым салудың хаттамасында көрсетілген қылмыстық 
жолмен табылған мүліктерді, ақшаларды тергеу мен сотта айыпталушының қылмыспен 
айналысқанын көрсететін дәлелдеме ретінде қолданғандықтан, осы әрекетті тергеу 
әрекетінің қатарына жатқызған жөн дейді [4]. 
Мүлікті пайдалануға тыйым салудың анықтамалық бағыттылығына шүбә 
келтіретін кейбір ғылымдар оны тергеу әрекеті деп есептемейді. Мәселен, Г. 
Абдумаджидов оның мынадай ерекшеліктерін көрсетті: ол тек қана қылмыспен келтірген 
мүліктік залалдың орнын толтыру ғана және мүмкіндігінше тәркілеуге бағытталған, 
тергеушінің дәлелдемелермен жұмыс істеумен байланысты емес [5]. 
Тергеу әрекеттері мәселелері бойынша әйгілі мамандардың бірі С.А. Шейфер 
мүлікті пайдалануға тыйым салуға байланысты осыдан 75 жылдан астам уақыт бүрын 
былай деп жазды: «Бұл өзінің шығу тегіне және мақсатына байланысты танушылық 
касиеті жоқ, тек қана мүлікті талан -тараждан сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық – 
нұсқаушылық әрекет» [6]. 
Мүлікті пайдалануға тыйым салудың ерекшелігін, оның дәлелдемелер жинаудағы 
тәсілдері ретіндегі басқа тергеу әрекеттерімен салыстырғандағы өзгешелігін кейін басқа 
да процессуалистер атап көрсеткен. 
Біріншіден, мүлікке тыйым салудың мақсаты азаматтық талапты қамта-масыз ету, 
мүлікті тәркілеу, басқа да мүліктік жазаларды орындау болып та-былады. Осыдан 
мынандай сұрақ туы мүмкін, егерде мүлікке тыйэім салудың мақсаты дәлелдемелерді 
жинауға бағытталмаған болса, неге заң шығарушы орган оны ҚР ҚІЖК 122-б. 
дәлелдемелердің қайнар көзіне жатқызған? Біздің ойымызша, мүлікке тыйым салу 
хаттамасын дәлелдемелердің қайнар көзіне дұрыс жатқызған деп есептейміз, себебі алдын 
ала тергеу барысында тергеуші қылмыстық жолмен табылған айыпталушының мүлкіне 
тыйым салуға құқысы бар, яғни қылмыстық жолмен табылған мүлік дәлелдеме болып 
саналады, сонымен қатар мүлікке тыйым салу мәжбүрлеу шарасы болып табылады, 
тергеулік әрекетке жатпайды, бірақ тергеулік әрекеттің элементтері бар. 
Қорытындылай келе, мүлікке тыйым салу әрекетін іс жүргізушілік әре-кетіне және 
тергеулік әрекетке жатқызатын себептерді, уәждерді атап кетейік. 
Іс жүргізудің өзге де мәжбүрлеу шарасы болып табылатынына мыналар себеп: 
1. ҚР 
ҚІЖК-нің 
талаптарына 
сай 
заң 
шығарушы 
орган 
оны 
тергеу 
әрекеттерінің қатарына жатқызбай, өзге де мәжбүрлеу шараларының қатарына жатқызған. 


26
2. Мүлікке 
тыйым 
салудың 
мақсаты 
дәледемелерді 
жинау, 
бекітумен 
бірге, азаматтық талап, басқа да мүліктік жазалар және мүлікті тәркілеуді орындау болып 
табылады. 
3. ҚР 
ҚІЖК 
200-бабында 
көрсетілген 
кейінге 
қалдырылмайтын, 
яғни 
кідіртілмейтін тергеулік әрекеттердің қатарына кірмейді. 
4. Шығу 
тегіне 
және 
мақсатына 
байланысты 
танушылық 
қасиеті 
жоқ, 
тек қана мүлікті талан-тараждан сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық – 
нұсқаушылық әрекет. 
Тергеулік әрекетке жататынына мыналар себеп: 
1. ҚР ҚІЖК-нің 122-б. мүлікке тыйым салу хаттамасы дәлелдемелердің қайнар көзіне 
жатқызылған, яғни мүлікке тыйым салу хаттамасында көрсетілген мән жайлар дәлелдеме 
болып табылады. 
2. Мүлікке тыйым салудың мақсаты азаматтық талап, басқа да мүліктік жазалар және 
мүлікті тәркілеуді орындауға бағытталғанымен зиянның орнын толтыру мақсатында 
қылмыстық 
жолмен 
табылған 
мүліктерге 
де 
қылмыстық 
істі 
тергеуде 
анықтаушы, 
тергеуші 
тыйым 
сала 
алады, 
яғни 
қылмыстық 
жолмен 
табылған 
мүліктер 
дәлелдеме 
болып 
табылады. 
Сонымен 
қатар 
мүлікке 
тыйым 
салу 
хаттамасында 
мүліктердің ерекше белгілері, құны, шыққан жылы көрсетіледі бұларда қылмыстық сот 
өндірісінде шығынның орнын толтыруда дәлелдеме болуы мүмкін. 
3. Мүлікке тыйым салу тергеулік әрекетке тән сипаты бар кідіртілмейтін шара болып 
табылады, 
яғни 
уақытында 
айыпталушы, 
сезіктінің 
мүліктеріне 
тыйым 
салынбаса 
олардың 
жоғалуына, 
талан 
таражға 
салынуына жол беріледі. 
Тергеулік іс-әрекеттердің аталған белгілерін (танымдылық бағыттылығын) назарға 
ала отырып, кеңестік қылмыстық іс жүргізу ғылымы да дәлелдемелерді табу, бекіту, 
тексеруге тікелей бағытталған әрекеттер ретінде түсіндіреді [7]. 
Қазақстанның ҚІЖК-сі тергеуілік іс әрекеттердін түсінігін өзгерткен жоқ, оларда 
қылмыстық іс жүргізу заңдарымен дәлелдемелерді жинау және тексеру жөніндегі 
қылмыстық істер жөніндегі заңдарға қарастырылған процессуалдық іс-әрекеттер ретінде 
анықтайды және оларды мемлекеттік мәжбірлеумен қамтамасыз етілген өкілетті Тұлғалар 
жүргізеді. 
Тергеулік әрекеттермен салыстырғанда мүлікке тыйым салудың ерекеліктері мен 
өзгешеліктері ескере отырып, ҚР ҚІЖК жобасын жасаушылар бұл процессуалдық іс-
әрекетті Кодекс жүйесінде орнын дұрыс белгіледі деп есептейміз. 2015 ж. жарияланған ҚР 
ҚІЖК-де мүлікті пайдалануға тыйым салу «Процессуалдық мәжбірлеу шаралары» 4 
бөлімнің 19 тарауына орналастырған. 
Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу пәні бойынша жазылған оқулықтарында 
мүлікті жасыру, сату, сыйлаудың алдын алатын және азаматтык талапты 
қанағаттандыратын немесе мүлікті тәркілеуді жүзеге асыратын күні бүрынғы 
(привентивная) шара ретінде белгіленеді [8]. 
ҚР ҚІЖК-де мүлікті пайдалануда тыйым салу процессуалдық мәжбірлеу 
шараларына жатқызылған, оны колданудың негіздемесі меп тәртібі «процессуалдық 
мәжбірлеудің өзге шаралары» деген 19 тараудың ауқымында реттелген. Заңгердің мұндай 
таңдауы төмендегі бір неше жалпы қортын-дыларды тұжырымдауға негіз береді. 
Біріншіден, ҚР ҚІЖК-де мүлікті пайдалануда тыйым салу тергеу іс-әрекеті ретінде 
карастырылмайды, ал ол процессуалдық мәжбірлеу шараларына жатқызылған. 
Процессуалдық мәжбірлеу шараларының жүйесі Кодекстің 4 бөлімінде бекітілген 
тұжырымдаманы есепке алғанда, мүлікті пайдалануға тыйым салу процессуалдық 
мәжбірлеудің өзге шаралары тобына кіреді. 
Екіншіден, заң шығарушы орган жекелеген әдебиеттерде кездесетін мүлікке тыйым 
салуды қылмыстық іс бойынша азаматтық талап институты шегінде қарастырмаған. 


27
Үшіншіден, мүлікті пайдалануға тыйым салуды алу, тінтуден тыс жүр-гізуге 
болатынын және процессуалдық мәжбүрлеудің өз алдына жеке шарасы ретінде 
қарастырған. 
Сөйтіп жоғарыдағы мәселелерді қортындылай келе, біз мына тұжы-рымдарға 
келеміз: 
- мүлікке тыйым салудың шығу тегіне және мақсатына байланысты 
танушылық 
қасиеті 
жоқ, 
тек 
қана 
мүлікті 
талан-тараждан 
сақтауға 
бағытталған 
ұйымдастырушылық 
– 
нұсқаушылық 
әрекет, 
яғни 
ҚР 
ҚІЖК-сі 
бойынша 
азаматтық 
талапты, 
басқа 
да 
мүліктік 
жазалар 
не- 
месе 
мүмкін 
болатын 
мүлікті 
тәркілеу 
бөлігінде 
үкімді 
орындауды 
қамтамасыз 
ету 
болып 
табылады. 
Мүлікке 
тыйым 
салудың 
міндет- 
тері 
дәлелдемелерді 
жинау, 
бекіту 
емес, 
керісінше, 
заң 
бойынша 
көрсетілген 
мүліктердің 
сақталуын 
сот 
үкімі 
шыққанға 
дейін 
қамта- 
масыз 
ету. 
Мысал 
ретінде 
келтіре 
кетсек, 
меншікке 
қатысты 
қыл- 
мыстар 
бойынша 
мүлікке 
тыйым 
салу 
арқылы 
дәлелдемелерді 
тап- 
паймыз, 
керісінше, 
заң 
бойынша 
мүлікті 
тәркілеу 
бөлігіне 
байла- 
нысты 
сезікті, 
айыпталушының 
мүлкіне 
тыйым 
саламыз, 
яғни 
ең 
басты 
міндеті 
сезікті, 
айыпталушы 
мүліктерін 
талан-таражға 
салма- 
сын 
дейміз. 
Сондықтан 
мүлікке 
тыйым 
салуды 
тергеулік 
әрекет 
емес, 
өзге 
де 
процессуалдық 
мәжбүрлеу 
шарасы 
ретінде 
қарасты- 
руымыз 
керек. 
Екінші 
көзқарасты 
үстанатын 
авторларды 
қолдай- 
мыз; 
- мүлікке тыйым салу мәжбүрлеу шарасы болып табылады, тергеулік 
әрекетке 
жатпайды, 
бірақ 
тергеулік 
әрекеттердің 
элементтерін 
өзін- 
де сақтайды. Бұған уәж ретінде жоғарыда себептерді атап кеттік; 

қылмыстық істер жүргізу заңы бойынша мүлікке тыйым салудың 
ұғымын 
былай 
бере 
кетуге 
болады: 
«Мүлікке 
тыйым 
салу 
дегеніміз 
– 
азаматтық 
талап, 
басқа 
да 
мүліктік 
жазалар 
немесе 
мүмкін 
бола- 
тын 
мүлікті 
тәркілеу 
бөлігінде 
орындауды 
қамтамасыз 
ету 
мақса- 
тында 
сезікті, 
айыпталушы 
немесе 
заң 
бойынша 
олардың 
әрекеті 
үшін 
материалдық 
жауаптылықта 
болатын 
адамдардың 
мүліктерін 
иемденуге 
шек 
келтіретін 
ерекше 
қамтамасыздандыру 
тергеулік 
және іс жүргізушілік элементтерін сақтайтын шараларын айтамыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет