Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет116/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
16.9. Ішкі (ағзалық) талдағыш. 
Организмнің ішкі ортасының сезімтал жүйесі – висцералдық сезгіш 
жүйесі. Ол ағзаның ішкі ортасының жағдайы туралы ақпаратты қабылдау
талдау және жинақтау қызметін атқарады, сөйтіп ішкі ағзалардың 
жұмыстарын реттеуге қатысады. Тітіркендіру түрлеріне қарай мынадай ішкі 
ортаның реттелетін жүйелерін ажыратуға болады: 1) химиялық орта; 2) 
температуралық; 3) осмостық қысым; 4) қан тамырларындағы қысым; 5) ішкі 
қуыс мүшелердің толған кездегі қысымы. 
Ішкі талдағыштың шеткі бөлімі әртүрлі ағзаларда, тамырларда, 
кілегейлі 
қабықшаларда, 
ОЖЖ-нің 
бөлімдерінде 
орналасқан 
кабылдағыштардан тұрады. Мысалы, ішкі ағзаларда әртүрлі химиялық 
заттарға (хеморецептор), механикалық тітіркендірістерге (механорецептор), 
температура өзгерістеріне (терморецептор), қысымға (барорецептор), 
осмостық қысымға (осморецептор), көлемге (волюморецептор) әсерленетін 
қабылдағыштар болады. 
Механорецепторлардың көбісі қуыс ағзалардың және қантамырларының 
ішіндегі қысым өзгерістеріне (барорецептор түрінде), олардың созылуы, 
деформациясы мен сығымдалуына әсерленеді. Хеморецепторлар – бұл аорта 
мен каротид шумағында, асқорыту жүйесі мен тыныс жүйесіндегі кілегейлі 
қабықшаларында, 
бас 
миының 
әртүрлі 
бөлімдерінде 
орналасқан 
қабылдағыштар. Олар ОЖЖ-не ішкі ағзалар мен тіндердегі химиялық 
өзгерістер туралы ақпаратты жеткізеді. Терморецепторлар ішкі ағзалардың 
барлығында бар, гипоталамуста орталық қабылдағыштары орналасады. Олар 


организмдегі жылуды реттеуге, дене температурасының тұрақтылығын 
сақтауға қатысады. 
Ішкі талдағыштың өткізгіш бөлімі. Ішкі ағзалардан шыққан 
афференттік серпіністер ОЖЖ-не көбіне вегетативтік жүйкелер (кезеген, 
құрсақ, жамбас) құрамында, аздап – аралас жүйкелермен (вегетативтік және 
соматикалық талшықтар) жеткізіледі. І нейрондар тітіркендіру түріне сәйкес 
сезімтал ганглийлерде, ІІ-сі – жұлында немесе сопақша мида орналасады. 
Олардың аксоны таламустың артқы медиалды ядросына барады (ІІІ нейрон).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет