Міреев, Ж. Темірбеков эпидемиология Жалпы эпидемиология 1 т о м алматы жоғары аттестациялық комиссияның баспа орталығЫ 2000



Pdf көрінісі
бет35/46
Дата06.03.2017
өлшемі31,46 Mb.
#8194
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46

вакцина 

адамдар мен хайуанаттарда ауру қоз- 

дыру  қабілеттілігін  жоғалтқан түйнеме  бацилласының түрақты  му- 

тантынан  алынады.  Бұл  иггамды  селекциялау  әдісін  Н.Н.Гинсбург 

ашқан.  Вакцинаны  ампулада  қүрғақ  түрінде  шығарады,  тоңазьггқ- 

ышта сақтайды. Дүрыс сақтағанда және тасымалдағанда (4°С  мүзда- 

тқыигга)  ол  жарамдылығын  2  жыл  сақтайды.  Препарат  сарғыш-ақ 

түсті кеуекті масса түріңде болады, еріткіш қосқанда 2 -3  мин.  ішінде 

гомогенді суспензияға айналады.  Шикізат (тері, жүн) өндейтін меке- 

мелердің ет  комбинатыньщ мал  соятын  жөне  мүшелейтін  цехтары- 

ның жүмысшылары, түйнеме бойынша түрақты жүғу қауіпі бар ай- 

мақтарда  мал  шаруашылығымен  айналысатын  адамдар  осы  ауруға 

қарсы  егіледі.  Вакцинациялау тері  астына  немесе тері  бетіне  тамы- 

зып,  скарификациялау  өдісімен  жүргізіледі.  Ревакцинациялау  бір 

жылдан  кейін тиісті көрсеткіштерге  қарай  орындалады.

8.4. 


Обага 

қарсы  вакцина 

обадан  қайтыс  болтан  баланың  орга- 

низмінен  бөлініп  аттенуацияланған  “Е”  штамынъщ  негізінде  дай- 

ындалган, қүрғақ түрінде шыгарылады. Дүрыс тасымалдатанда және 

6  0 С  томен  температурада  сақтағанда  3  жылға  дейін  жарамдылық 

мерзімі сақталады, ал 20-25 °С жағдайында 2 айға дейін-ақ сақтала- 

ды.  Вакцинаны бір рет тері бетіне  немесе тері астына енгізу арқылы 

қолданады,  қайталап  вакцинациялау  12  айдан  кейін,  ал  эпидемия- 

лык  қажеттілік  жағдайда  6  айдан  кейін  жүргізіледі.  Егілуге  тиісті 

топты  нақты  бір  эпизоотиялық жөне  эпидемиялық жағдайға  карай 

анықтайды:  (түрғын  жердің  маңында  кең  таралған  немесе  жедел

427


эпизоотия бар болса, адамдардың арасында сы рқапы лы қ болғанда). 

Бірінші кезекте қойшылар, геологгар, жол салушылар, газ жөне мүнай 

іздеушілер  егілуге  тиісті.  Эпидемиялық  қажеттілікке  қарай  обамен 

сырқаттылық қауіптілігі бар аудандарға немесе соңдай слдерге бара- 

тыңцар егіледі.  Егу топтарьш жөне  иммунизациялау төсілдсрін нақ- 

тылы  жағдайға  қарай  анықтайды.

8.5.  Кене  энцефалитіие  қарсы  вакцина  —  қүрамында  өзіндік 

антигені  бар,  дақылдық,  инактивацияланған  препарат.  Ол  адсор­

бент  жөне  шамалы  мөлшерде  антибиотик  қосылған  сүйық  немесе 

адсорбентсіз қүрғақ түрінде шығарылады. Сүйық және ерітілген вак­

цина аздап жылтыраған қызғылт түсті болып келеді.  Оны тері асты- 

на енгізеді,  жыл  сайын  ревакцинациялайды.  Кене  энцефалиті  бой- 

ынша  эндемиялы жерлерде алдын  ала  егу жүргізеді.  Осы  аудандар- 

дың  түрғьшдары  және  көсіби  қызметі  орманды  жердегі  жүмыстар- 

мен  байланысты  адамдар  жөне  де  осыңдай  жерлерге  пгүғыл  түрде 

баруға  тиісті  болтан  жағдайда  көктем-жаздық  маусымда  вахцина- 

цияланады.

8.6.  Ку  қызбасына  қарсы  тірі  вакцина  — П.  Ф. 

Здродовскийдін 

басқаруымен  шығарылған.  Ол  ампулада  қүргақ  түрде  сарғыш  таб­

летка  түрінде  шығарылады.  Егуді  иықтың  тері  астына  скарифика­

ция әдісімен ерітілген вакцинаны тамшы арқылы жүргізеді. Бір реттік 

вакцинация 2—5 жылға дейін иммунитет қалыптастырады.  Ревакци- 

нацияны  эндемиялық  жөне  эпизоотиялық  көрсеткіштерге  қарай 

жүргізеді.  4-10 °С температурада  қүрғақ вакцина  12  айға дейін жа- 

рамды.  Ку  қызбасына  қарсы  егуді  осы  инфекция  бойынша  қолай- 

сыз аудандардың түрғындарына,  сонымен қатар ауыл  шаруашылық 

жөне осы аймақта ет комбинаттарында ауыл шаруашылық өнімдерін 

өңдейтін,  сүт  тағамдары  мекемелеріндегі,  тері  жөне  жүн  өңцейтін 

зауыттың  жүмысшыларына  жүргізеді.  Егумен  16-дан  60  жасқа 

дейінгілерді  қамтиды.

8.7. Бруцеллездік тірі вакцина қүрғақ күйінде шығарылып түрған 

болатын.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 

бүйрығына сөйкес бруцеллезге қарсы егу тоқтатылды, өйткені оның 

тиімділігінен  гөрі  зияны  көп  екені  біздің  ғылыми  зерттеуімізден 

дөлелденді.  (С.Әміреев,  1989).

428


9.  Еижарлы иммунизацнялау препараторы

Иммунды  сарысулар  мен  иммундыглобулиндер  енжар  иммуни­

тет түзу үшін қажет,  оларды енгізгеннен кейінгі иммунитет бірнеше 

күннен  4—6  аптаға  дейін  сақталады.  Төжірибелік  мақсатқа  қарай 

оларды  екі топқа бөледі:  гомологиялық (адам қан  сарысуынан дай- 

ындалады)  хөне  гетерологиялық  (гипериммундалған  хайуанаттар- 

дың  қанынан  алады).  Бірінші  топқа  жататын  препараттардың  бар- 

лык дозасын бірден, ал екіншісін -  Безредка өдісі бойынша енгізеді. 

Алдымен тері ішіне 1:100 сұйытылған 0,1 мл жылқы сарысуын енгізеді, 

20 минут реакциясын байқайды. Егер енгізген хердің қызару диаметрі 

1  см хөне одан да үлкен  болса,  сынама оң нөтижелі деп есептеледі. 

Сынама теріс нөтижелі болғанда сарысуды тері аетына 0,1 мл сарысу 

енгізуден бастайды, егер 30 минут ішіңде ешқандай реакция болма- 

са,  сарысудың  қалған  бөлігін  бүлшық  ет  ішіне  енгізеді.  Теріішілік 

сынама оң нөтижелі болғанда сарысуды шартсыз көрсеткіші бойын­

ша,  ягни  осы  препаратты қолданбаса,  науқас  өміріне  қауіп төнетін 

жағдайда енгізеді. Ол үшін алдымен теріішілік сынамага қодцаныла- 

тын сүйытылған сарысуды 0,5; 2 хөне 5 мл көлеміңде 20 минут уақыт 

аралығында тері асгына енгізеді.  Осы инъекциялар науқасты десен- 

сибилизациялайды.  Бгер осы дозаларға реакция болмаса, тері асты- 

на 0,1  мл сүйытылмаған емдік сарысуды енгізеді,  30 минугган кейін 

барлық тағайындалған дозаны енгізеді. Емдік сарысудьщ аталған до- 

заларының біреуіне реакция пайда болса, оны наркоз арқылы енгізеді, 

ол кезде адреналин мен эфедрин қүйылған шприцті дайындап түру 

қажет.

Эсер  ету  бағытгылығына  қарай  препаратгарды  антитоксиндік, 



антивирустық,  антибактериялық деп  бөледі.

9.1. 

Гетерологиялық анпггоксиццік препараттар. 

СіреСПелік анти- 

токсиндік  сарысуды  сіреспелік  антигенмен  (анатоксинмен  немесе 

уымен)  жылқыларды  птериммунизациялау  жолымен  алып,  тазар- 

тады жөне қоюлаңцырады.

Гашреяага қарсы паливалеитті сарысуды 

(перфрингенске, эдемат- 

иенске  хөне  септикумге  қарсы)  кешенді  гангреналық  антигендер- 

мен жылқыларды  гипериммунизациялау әдісімен дайындайды.



Ботулизмге қарсы моновалентгі 

(А,  В,  С,  £,  F) сарысуларды өдет- 

тегідей  хылқыларды  гипериммунизациялаумен  алады,  ал  полива-

429


лентгі сарысуларды — тиісті қатьшаста моноваленттілерді араластыру 

немссе антигендер қоспасымен жылқыларды иммунизациялау жолы- 

мен дайындайды.

Сарысудың алдын  алу дозасына өр түрдің  1000-2000  ME  кіреді. 

Емдік дозасының қүрамында А, С, Е түрлерінің өрқайсысы  10000 ME, 

В  түрі  -   5000  ME,  Ғ түрінде  -   3000  ME  көлемінде  болады.

Дифтерияға қарсы  антитоксиндік сарысуды жылқыларды дифте- 

риялық анатоксинмен гипериммунизациялау  өдісімен дайындайды.

Заттекті  (керексіз)  белоктарды  шығарып  тастау,  антитоксиндік 

сарысудың тиімділігін жоғарылату жөне өзіндік қарсыденелер деңгейі 

жеткілікгі болуы  үш ін препарат  “диаферм”  (диализ,  ферментативті) 

өдісімен тазартылады.

Бірақ  сарысуда  керексіз  белоктардың  кейбір  мөлшерінід  қалып 

қоюына байланысты сарысу реактогенділігін толық жоймайды жөне 

де сарысу қүрамындағы белсенді пепсиннен толық тазартылмайтын- 

дықтан,  ол сарысуды сақтау кезінде  өз өсерін жалғастыра береді де, 

қарсыденелер деңгейінің  (титрінің)  төмендеуіне  өкеп  соғады.

Кейінгі жылдары  антиденелерді  арнайы  ерімейтін  иммундысор- 

бентгерге бекітілген антигеңдерге төндік сорбциялау (сіңіру)  жолы- 

мен дайындау ьщғайлы өдіс деп саналады. Иммундысорбенттер сары­

суды керексіз заттардан тазартып, қарсыденелерді қоюландыру үшін 

қолданылады.



9.2.  Вирусқа  кдрсы  гетерологиялық препараттар. 

Қүтыру вирусы- 

на  қарсы  иммундыглобулин  жылқыларды  тиісті  антигенмен  гипе­

риммунизациялау  жолымен  дайындалады.  Препараттың  ең  төменгі 

белсенділігі  -   800  МЕ/мл.

Аса қауіпті жерлері  (бас терісі,  мойын,  бет) тістелгенде  кеселдің 

жасырын кезеңі қысқаруы мүмкін (7 күннен 35 күнге дейін),  соның 

нөтижесінде егуден кейінгі иммунитет дамып үлгіре алмайды.  Осын- 

дай  жағдайда  қүтыруға  қарсы  егудің тиімділігін  күшейту  үшін  им­

мундыглобулин қолданылады.



Кене  эицефалитіне  қарсы  имммундыглобулмнді 

де  тиісті  антиген­

мен  (кене энцефалит вирусымен) жылқыларды гипериммунизация­

лау  өдісімен дайындайды.



9.3.  Гомологнялық  препараттар. 

Гомологиялық  препараттарды 

донорлардың тамырынан  және  плацентадан  алынган  қаннан,  түсік

430


кезінде  кеткен  қаннан  және  плацентаның  сығындысынан  дайын- 

дайды. Аталған заттардан үйыған бөлшектерін алып тастап, сарысуын 

алып  мүздатады,  сонан  соң  гаммаглобулиндық  фрахциясын  бөліп 

алады.


“Адамның қалыпты иммундыглобулинінде”  (ДЦҮ термині)  10% 

белок  болады  жөне  ол  1000-нан  кем  емес  адамдардан  алынған  бас- 

тапқы материалдың қосындысынан дайыңцалады. Соның нөтижесін- 

де  қарсыденелер  құрамыньщ біркелкілігі  қалыптасады жөне  имму- 

нологиялық  белсенділігі  бойьшша  жеткілікті  стандарттылығы  қам- 

тамасыз етіледі. Препаратгы қызылшадан, гепатитгің А түрінен, көк- 

жөтелден сақтану мақсатында,  ал гипо- жөне  агаммаглобулинемия- 

ны  емдеу  үшін  қолданады.  Тиімділігі  аздау  болса  да  бүл  препарат 

эпидемиялық паротит,  желшешек,  скарлатина ошақтарында қолда- 

нылады.  Аллергиялық  реакцияларға  бейімділігі  бар  немесе  бүрын 

осындай  препаратқа күшті реакция берген  балаларға соңғы жылда- 

ры иммундыглобулин тагайындау шектелген.  Препарат зиянсыз бо- 

луы  үшін  қүрамындағы  плацента  антигені  мен жыныстық  гормон- 

дардан тазартылуы қажет.

Гриппке қарсы 

иммундыглобулинді  грипптің А2  жөне  В  тірі  вак- 

цинаналарымен бірнеше  қайтара иммунизацияланган донорлардың 

қанынан алады.

Төңдік қарсыденелер препараттың қүрамында жоғары  концент- 

рациада  болады,  сондықтан  оньщ  емдік  және  алдын  алу тиімділігі 

жетюлікті  Емдеу үшін мүмкіндігінше аурудың бастапқы кезінде бүл- 

шық  етке  енгізеді.  Оны  қолдануға  ешқандай  қарсы  көрсеткіштер 

жоқ.

Стафилококка қарсы иммундыглобулин 



стафилококкгық анаток- 

синмен  иммунизацияланган  донорлардың  қаньшан  дайындалады. 

Препаратты  өр  түрлі  стафилокоисгы  инфекциялармен  ауырғандар- 

ды  емдеу  үшін  қолданады,  дозасын  кеселдің  клиникалық  даму  ба- 

рысына қарай анықтайды. Науқастың аллергиялық жағдайы өте ауыр 

болса,  препарат қодданылмайды.

Сіреспеге  қарсы  адамнан  алынган  иммундыглобулин 

(СҚАИ  -  

ПСЧИ) тазартылған сорбцияланган сіреспелік анатоксинмен ревак- 

цияланған донор адамдардьщ қанының гаммаглобулиңдық фракция- 

сьшың (10-16 %) ерітіндісінен түрады.  Бүл препарат егілмеген бала-

431


лар  мен  ересектерде  шүғыл  енжар  иммунитет  қоздыру  үшін  жөне 

сіреспені  емдеуге  қолданылады.

Кене энцефалитіне қарсы адам иммундыглобулинін 

осы ауруға қарсы 

вакцинацияланған  адамдардың  қанының сарысуынан  дайындайды. 

Препаратты  шүғыл  алдын  алу жөне 

емдеу 

мақсатында  қолданады.



Тамыр  іпііне  енгізуге  арналған  қалыпты  иммундыглобулиннің 

қүрамында қарсыкомплемеңтарлық қасиеті төмендетілген глобулин- 

нің Jg G  фракциясы бар. Сондықтан препарат ареактогенді, ол жедел 

фазасында ауыр вирустық жөне бактериялы-токсикалық инфекция- 

ларды,  гипо-  немесе  агаммаглобулинемияларды  емдеуге  арналған. 

Оны тек қана аурухана жағдайында көк тамырга тамшылап енгізеді.

Қүрамында  қарсыденелердің  болуына  байланысты  төндік  өсер 

етуімен қатар, иммуңдыліобутшндердің төнсіз қасиеті бар, соған қарай 

препарат екі жакты өсер етеді. Иммундыглобулиңдердің емдік қасиеті 

олардың  қарсыаллергиялық  белсенділігінен  (тіндер  мен  клеткалар- 

дың аллергендерімен сенсибилизациялануын тежейді), аллергиялық 

реакциялардьщ медиаторларының (гистамин, ацетилхолин, серотонин) 

өсерін  бейтараптауынан  байқалады.  Гистоглобулин  — иммундыгло- 

булиннің  қарсыаллергиялық  препараты  аллергия  кезінде  пайдалы 

өсер етеді. Түсіктік-плаценталық препаратгар қалқанша бездің қыз- 

метін жақсартады.  Иммундьгглобулиндердің интерферонгендіх өсері 

бар,  олар  кейбір  антигендерге  қарсы  иммундыгенезді  күшейтеді.

Иммундыглобулиндерді  енгізгеннен  кейін  болатын  жағымсыз 

жөне өдеттен озгеше реакциялардьщ жеткілікті түсіндірмесі жоқ.  Бші- 

кім, ондай жағдайлар препараттьщ дүрыс сақталмауымен қатар, дай- 

ындау  кезінде  оған  әр түрлі  қоспалар  (плаценталық  белоктар,  кон- 

серванттар,  антибиотиктер)  араласуымен  байланысты  болар.

Серологиялық алдын алу (сарысулар мен иммундыглобулиндерді 

енгізу)  нөтижесінде  жылдам  енжар  иммунитет  жасалынады.  Сары- 

суларды  тамырға  енгізгенде  иммунитет  инъекциядан  кейін  бірден 

пайда болады, ал бүлшық етке жөне тері астына енгізгеңде қарсыде- 

нелердің ең жоғары  шогырлануы  12-24  сағаттан  кейін түзіледі.

Серологиялық  алдын  алдуың  кемшілігі  -   одан  кейінгі  иммуни- 

теттің үзаққа созылмауында.  Гетерологиялық сарысуды енгізгеннен 

кейінгі  иммунитет  1-2  апта,  ал  гомологиялықтан  кейін  -   4—6  апта 

бойы  сақталады.

432


10.  Бактервофагтар  (фагтар)

Бактсриофагтар  енгізілгеннен  кейін  адам  организмінде  бірнеше 

күн  сақталып,  патогенді  микробтарды жояды.

Бактсриофагтар  микробтардың  клеткаішілік  паразиті  (“жауы”) 

болып табылады.  Кейбір жұқпалы аурулардың алдын алу жөне олар- 

ды емдеу үшін  қосымша дөрмек болып табылады.  Олар  организмде 

жағымсыз  реакциялар  тудырмайды,  сондықтан  оларды  қолдануға 

байланысты  қарсы  көрсеткіштер жоқ.

Препарат  қүрамында тек  фагтардьгң бөліктері  ғана  емес,  бакге- 

риялар  лизистанған  (бұзылған)  кезде  босаған  антигендер  де  бар. 

Сондықтан бактериофаг өсері тек фаг бөлшектерімен ғана емес, бак­

терия  антигендерімен  байланысты.  Ішке  қабыддаған  фаг  3—5  күн 

сақталады.  Эсер етуін ұзарту үшін қайталап қабылдау керек. Сүйық 

бактериофагты  пайдаланған  кезде,  препараттың  өр  түрлі  бактерия- 

лардын өсіп-өнуіне қолайлы қоректік орта екенін есте сақтау керек, 

сондықтан ашылган флаконды дереу пайдалану қажет,  ал ол лайла- 

нған  болса қолдануга болмайды.

Препарат жарамдылығы: 2—10 °С температурада жыл бойына сақ- 

талады.

Қолдану  әдісі:  бактериофагты  тамақ  ішер  аддында  1,5—2  сағат 

бүрын  қабылдайды,  оны  қабылдау  аддында  25—30  мл  3  %  сода 

ерітіндісін  ішу  керек.  Таблеткалы  қүрғақ  бактериофагтың  асқазан 

сөлінің  жөне  ішектің  сілтілік  ортасының  еріткіштік  өсерінен  қор- 

ғаушы  төзімді  қабыхднасы  бар.  Сондыкган  оны  қабылдаған  кезде 

асқазан сөлін  бейтараітгаудың қажеті жоқ.



10.1.  Ішектік бактериофаггар 

— іш сүзек қоздыргышына белсенді 

эсер  ететін  өр  түрлі  фаготиптер  қосындысы  ауру  ошағыңда  алдын 

алу мақсатында қолданылады.

Сальмонеллез бактериофаги (А, В, С, Д, £  топтары) — сальмонел- 

лалардың бірнеше  серологиялық түрлерінің фаголизатының қоспа- 

сы,  ауруларды емдеуі, тасымалдаушыларды санациялауға жөне  эпи- 

демиялық қажеттілігіне  қарай инфекция ошағында қолданылады.



Коли-протейлік  бактериофаг 

—  энтеропатогенді  ішек  таяқшасы 

мен протейдің бірнеше серологиялық топтарына қарсы белсенді өсері 

бар фагтардың қоспасы. Жедел ішек инфекцияларымен жөне іш отуі 

(диарея)  басым  болатын  ауруларды емдеуге  пайдаланылады.

433


10.2.  Жарақаттық  бактериофаггар 

стафилококктық  бактериофаг 

әр  түрлі  стафилококктарга  қарсы  белсенді  өсер  етеді,  аурудьщ  ал- 

дын  алу жөне  емдеу  үшін  қолданылады.

Стрептококктық  бактериофаг  стрептококк  инфекцияларымен 

ауырғандарды  (баспа,  скарлатина)  емдеу үшін  қолданылады.

Коли  бактериофагтың  энтеропатогенді  ішек  таяқшасыньщ  кең 

таралған серологиялық топтарьгаа белсенділігі болады, емдеу-алдын 

алу  мақсатында  пайдаланылады.

Протейлік  бактериофаги  протей  таяқш асының  кең  таралған 

түрлеріне  (мирабильді жөне вулгарлы)  қарсы өсер етеді,  емдеу-алдын 

алу мақсатында қолданылады.

Пиоцианеус  бактериофаги  көкірің  таяқшасы  (синегнойная  па­

лочка)  қоздыратын  ауруларды  емдеуге  қолданылады.  Ж арақатгық 

бакгериофагтарды  сүйық күйінде  қолданады.

11.  Еіуді  үйымдастыру,  вакциналарды  енгізу  әдістері, 

егу  нәтижесін  есепке  алу

Біздің  республикамызда  халықты  иммунизациялаудың  жалпы 

басшылыгы мен бақылауы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қара- 

сты  мемлекетгік санитарлық*эпидемиологиялық қадағалау Бас бас- 

қармасының  нүсқауы  бойынша  атқарылады.  Егу  жүргізілуге  тиісті 

жүқпалы  аурулардың тізімі,  халықты  иммунизацияға жататын  кон- 

тингентін еіу күнтізбесі,  медициналық қарсы көрсеткшггері жөне т.  б. 

мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық  бақылаудың  Бас  бас- 

қармасының нүсқауымен анықталады. Мемлекеттж, облыстық, қала- 

лы қ жөне  аудандық деңгейдегі  СЭС  мекемелеріндегі  эпидемиолог- 

тын  біреуі  егу  жүмыстарын  үйымдасгыруға  жөне  препараттармен 

қамтамасыз  етуге жауапты  болады.

Егуді жүргізу төртібі бойынша иммунизациялау, емдеу-алдын алу 

мекемелердід үй-жайында атқарылуы керек.  Медициналық қызмет- 

кері  жоқ  немесе  шағын  жерлерде  жөне  халықты  емдеу-алдын  алу 

мекемеге  алып бару қиын немесе  мүмкін  болмаған жагдайда,  қүра- 

мында  кем  дегенде  бір  дөрігер  жөне  орта  дөрежелі  медициналық 

қызметкер  бар,  көшпелі  бригада  егу  жүмысын  жүргізеді.  Бригада 

барған жерде  арнайы  бөлме  бөлінеді.

434


Егу  жүргізілетін  күн  халыққа  жөне  де  балалардың  ата-аналары 

немесе қамқоршыларына алдын ала хабарланып,  олардың арасында 

түсінік жүмысы жүргізілуі керек.

Ересек түрғындардың арасында cry жұмысын жалпы емдеу меке- 

мелерінің немесе өндіріс орыңдарындағы медицина-санитарлық бө- 

лімдердің  қызметкерлері  жүргізеді.  Сіреспе  мен  құтыруға  қарсы 

шүғыл  алдын  алу  шаралары  емханалардың  жарақаттанғандарды 

қабыддау бөлмссінде немесе аурухана жанындағы жарақат емдейтін 

бөлімшелерде жасалады.

Препараггармен  қамтамасыз  ету  орталықтан  атқарылады.  Егу 

кабинетгері,  жарақат  емдеу  пунзсгтері  мен  кабинеттері,  денсаулық 

пункттері қажетті препаратгарды СЭС-ке берілген мөлімдемесі бой- 

ынша алады.

Дайындалу кезеңінде егу кестесін орындауға халық пен қызмет- 

керлерді  міндеттейтін  бүйрық  шығаратын  көсіпорын  басшылықта- 

рымен,  үкіметтің  жергілікті  органдарымен  медициналық  қызмет 

арасында тығыз байланыс болу керек.  Үкіметгің жергілікті органда- 

ры барлық шараларды  өткізуге  көмек көрсетеді.

Халық арасында вакцинациялаудың қажеггілігі, тәртібі мен мер- 

зімі туралы,  сонымен  қатар дене  тазалығын  сақгау қажет  екендігін 

түсіндіргеннен  кейін,  үй-жай дайыңдауға  кіріседі.  Осы  кезде  егіле- 

тіндерді  тексеретін,  егу жүргізетін,  егілгендерді тіркейтін  бөлмелер 

жабдықталуы  тиіс.  Бөлменің  қабырғаларын,  еденді  жөне  үстелді 

ыстық сабынды сумей жуу керек немесе 0,2 % хлорамин, ол болмаса 

2 % лизол ершндісімен сүрту қажет. Жиһаздардан: препарат енгізгенде 

ауыр реакциялар пайда болған жағдайға  қажетті төсекше  (кушетка) 

жөне  алғашқы  көмек  қүралдарын  сақтайтын  шкаф  пен  иммунды 

препараттар түратын тоңазытқыш  міндетті түрде  болуы  керек.

Егу шараларын жүргізуге қатысатын медицина қыэметкері тиісті 

нүсқаумен  таныстырылуы  қажет.  Егу  жүмысына  басшылық  ететін 

дөрігер барлық қызметкерлерге иммунизациялау үшін СЭС-тен алы- 

нған  егу  препараггарын  сақтау  төртібі,  оларды  сүйылту  өдісі,  егу 

кезіңде  болуы мүмкін жағымсыз реакциялар мен асқынулар туралы 

түсініктеме беруге  міндетті.

Егуді жүргізуге  терісі мен  кілегей  қабатында  іріңді  зақымдануы 

бар, баспамен жөне респираторлы инфекциямен, сонымен қатар егу 

жүргізуге арнайы рүқсаты жок медицина қызметкерлері жіберілмейді.

435


Егу жүргізугс жіберілген қызметкер залалсыздаңдырылған халат- 

пен,  қалпақпен немесе орамалмен қамтамасыз етілу керек, қолында 

сақина, білезік, са^ат болмау керек, тырнақтары тұгырланып қырқы- 

луы  керек,  қолды сабындап жуып,  саусақтары спиртпен немесе  иод 

түндырмасымен  өнделуі  қажет,  қол  жууды  өр  12—15  инъекциядан 

кейін  қайталап  отырады.

Қызметкерлерге нүсқама (инструктаж) жасалғаннан кейін, егілуге 

жататын адамдардың тізімін жасау керек.  Ол үшін денсаулық пункті 

мен медициналық-санитарлық бөлімнің қызметкерлері тиісті көсіп- 

орындар  мен  мекемелердің  кадр  бөлімімен  байланысып,  керекті 

мөліметтерді  алады.

Препаратгы бүлшық ет ішіне енгізгенде үстел мен төсекшеге за- 

лалсыздандырылған  жапқыш  жабу  керек,  ал  қолды  хирургиялық 

операцияға  дайындағандай  жуу  қажет.  Егуді  жүргізушілерді  алаң- 

датпау  керек жөне т.  б.

Әрбір  егілуші  егуге  қарсы  көрсеткіші  бар-жоғын  анықтау  үшін 

тексерілуден  өтеді.  Сырт киімі гардеробта немесе тіркеу бөлмесінде 

қалдырылады.  Егілуге  жіберілген  жағдайда  препарат  енгізетін жер- 

лер (тері ішіне, тері астына және бүлшық етке) 70 % спиртпен, спирт 

және эфир қосындысымен, иодтың 10 % спиртгі ерітіндіоімен өнде- 

леді.  Тері  үстілік  егуде  тек  қана  спиртгі  немесе  спиртгің  эфирмен 

қосындысьш қолданады, себебі басқа дезинфекциялық заттар теріге 

жағылатын  вакцинаға өсер  етеді.

Егу  тек  қана  бір  рет  қолданылатын  шприцпен  жүргізіледі.  Әр 

препараттың сыртындағы жапсырмасында мл немесе басқа дозадаш  

мөлшері,  енгізу өдісі мен дөрмектің аты, дайьшдаған  көсіпорынның 

мекен-жайы  мен  аты,  ал  титрленіп  өлшенетін  препараттар  үшін  -  

белсеңділік  бірлігі,  серия  нөмірі,  мемлекеттік бақылау  нөмірі  жөне 

де  препараггың жарамдылық  мерзімі  көрсетіледі.

Қолданар  алдында  препараттар  тексеріледі.  Жапсырмасы  жоқ 

немесе  мөліметі толық болмаса,  шынысы  шытынаса  немесе  қораб- 

шасы жарылса, ыдырамайтын түйіршіктер мен бөіде затгар болса, түсі 

өзгерсе, қолдану мерзімі асып кетсе, препарат жарамсыз деп е септе- 

лінеді. Жарамсыз препараттарға акг жасалынады, онда препараттың 

аты  жөне  саны,  сериясы  мен  бақылау  нөмірі,  қолдану  мерзімі  мен 

жарамсыз болуының себебі  көрсетіледі.

436


Ампуладағы қүрғақ вакцина үнтақша немесе іші біркелкі кеуек- 

телгсн  таблетка  түрінде  болу  керек.  Таблетканьщ  бүрісуі,  оның 

біркелкі  болмауы,  ылғалдануы, түсінің  өзгеруі  немесе  еріткіш  қос- 

қанда  біркелкі араласпауы  ауа  кіргенін  жөне  вакцинаның  бүзылға- 

нын көрсетеді.  Осьшдай препараттар 2 % хлорамин немесе  3  % лизол 

ерітінділеріңде қайнатылып  залалсыздандырылады.

Бактериялардан дайындалған инактивацияланган вакциналар мен 

адсорбцияланған анатоксиндер — сүйық препараттар, түбіңце түнбасы 

бар,  бетінде  сүйық  мөлдір  болады.  Сарысу мен  иммундыглобулин- 

дер  -   мөлдір,  шамалы жылтыраған сүйық келеді.  Адсорбцияланба- 

ған анатоксиндер, улар, сүйық бактериофагтар, инактивацияланған 

лептоспироздық жөне полиомиелиггік тірі вакциналар мөлдір болады. 

Адсорбцияланған препараттардан гомогеңді қойыртпа алу үшін қол- 

данар алдында жақсылап  ш айқап араластырады.  Егер де  алюминий 

гидроксидіне адсорбиияланған АКДС-вакцина, АДС-МДД- жөне АС 

анатоксиндер  тоңазытқышта  мүздап  қатып,  қайтадан  еріген  болса, 

түсі  өзгереді  жөне  езілмейтін  түршікгер  пайда  болады.  Ондай  вак­

цина  иммундылығын  жоғалтады,  енгізгенде  күпггі  жагымсыз  реак­

ция болуы  мүмкін.

Егер  препарат  ампулада  болса,  жогары  жағын  спирт  сіңірілген 

мақтамен сүртеді,  сонан соң ампуланың мойнын айналдыра араша- 

мен  сызаттайды  да,  спиртпен  сүртеді.  Ампуланың  жоғарғы  мойын 

жағын дөкемен орап, сьшдырады. Ашылған ампуланың бетін залал- 

сыздандырылған дөкемен жабады  немесе  бірден стерильді  стаканға 

аударып  қүяды.  Препаратты  ампула  ашылғаннан  соң  2—3  сағатган 

асырмай пайдалану керек.

Егер де препарат резеңкелі тығыны бар флаконда болса,  пинцет- 

г ен метаддан жасалған қалпақшасын алып тастайды да, тығьшын спирт

^ілген мақтамен сүртеді, инемен шаншып, препаратты залалсыз- 

ндырылған  ишрицке сорып  алады.

Тері  астына  жөне  бүлшық  етке  егуді  дөрігердің  бақылауымен 

өжірибелі  медициналық  мейірбике  мен  фельдшер  жүргізеді.  Тері 

үстіне  жөне  энтеральді  өдіспен  егуді  орта  буын  медицина  қызмет- 

керлері жасай  алады,  бірақ дөрігер бақылауы  керек.

Тері астына егу өдісі барлық өлтірілген жөне кейбір тірі вакцина- 

ларды енгізу үш ін пайдаланылады.  Тері  ішіне енгізу өдісі препарат- 

тын аз көлемін (0,1—0,2 мл)  енгізгенде (мысалы, туберкулезге қарсы

437


БЦЖ  вакцинасы)  қолданылады.  Тері  үстілік өдіс  кейбір  тірі  вакци- 

наларды  (туляремияға,  Ку-қызбасына,  түйнемеге,  обаға  қарсы)  ек- 

кенде және диагностикалық аллергиялық сынамалар жасағанда қол- 

данылады.  Бүлш ық  ет  ішіне  АКДС  вакцинасын,  АДС,  АДС-М , 

АДМ анатоксиндерін, иммунды-глобулиндерді, қүтыруға карсы пре- 

параттарды енгізеді.  Пероральді  өдіс полиомиелитке  қарсы тірі вак- 

цинаны қабылдағанда қолданылады. Арнайы бүріккіпггің көмегімен 

ингаляциялау немесе тамызу арқылы интраназальдық әдіспен грип- 

ке  қарсы  қүрғақ тірі вакцинаны  енгізеді.

Тері сыртына егу иықтың, сирек жағдайда санның терісінің бетіне 

жагу  өдісімен  атқарылады.  Терінің өнделген  жеріне  шыны таяқша- 

мен немесе арнайы түтікшемен  (пипеткамен)  вакцинаны тамызады. 

Сонан соң медициналық қызметкер сол қолымен иықтың іш жағы- 

нан қысып үстап, егілетін жердің терісін кереді. Оң қолымен препа­

рат тамызылған жерді сызатгап тіледі де, скарификатордың тегіс жал- 

пақ жагымен вакцинаны тілінген жерге ысқылап жағады. Онша терең 

кеспейді,  қанның үсақ тамшысы  ғана  көрінуі  керек.  Вакцина  сіңіп 

кетуі үшін скарификацияланған жерді  10—15 минут ашық қалдырады.

Туберкулезге  қарсы теріішілік егу бір рет қолданылатын  “тубер- 

кулиндік” шприцпен жөне шеті қысқартылып кесілген жіңішке ине- 

мен  жүргізіледі.  Егер  адсорбцияланған  препарат  енгізсе,  инъекция 

жасайтын жерді аздап массаждау керек.  Препараттың дәл тері ішіне 

енгізгенін  сол  жерде  шаш  қапшықшалары  ішке  қарай  батыңқыра- 

ған томпақша  пайда болғанына қарай байқауға болады,  томпақша- 

ның  беті  лимон  қабыршағының  сыртына  үқсайды.  Егер  препарат 

енгізген  жерде  томпақша-көпіршік  пайда  болмаса,  онда  препарат- 

тьщ тері ішіне емес,  тері астына түскені.  Ол дүрыс егілмеген  болып 

саналады.

Теріастылық егу дененің теріастылық жасушалықтарға (клетчат- 

каға) бай -  жауырын асты,иық жөне кіндіісген төмен қарын терісінің 

астына енгізу арқылы жүргізіледі. Енгізілетін орынның терісін қысып 

үстап тартады да, қаггпарланған жерге 45°шамасындай қиғашгап инені 

кіргізеді.  Ш прицпен ауа кіріп кетпеуі үшін препараты  енгізген кез- 

де  инені төмен  қаратып  үстау керек.  Вакцинаны  енгізіп  болғаннан 

соң инъекция орнын иодтың спиртті ерітіндісін жағып өңдейді.  Егіл- 

ген  адамдарды  20—30 минут бақылайды.

438


Медициналық өдебиеттердегі мөліметтерге  қарағанда вакцинаны 

негізіңде  екі  жерге  енгізу дұрыс  деп  саналады:  емшектегі  балаларға 

санының жоғары бөлігінің алдьщғы-сыртқы жағына,  бір жастан ас- 

қан балаларға иықтың жоғары бөлігінің дельта-пішінді бүлшық етіне 

енгізу керек.

Бүлшық ет ішіне инъекциялаудан кейін жиі кездесетін ауыр асқы- 

нуларға бұлшық ет контракгурасы  (тырысуы)  мен жүйкенің зақым- 

дануы  жатады.  Осындай  асқынулар  кез  келген жерге  енгізгенде  бо- 

луы  мүмкін,  бірақ  ондай  жағдайлар  нөрестелердің  жамбас  етіне 

енгізгенде жиі болады.  Майда ерімейтін антигендер жақсы сіңбейді.

Жамбас бүлшық етіне  инъекция жасағанда жиі кездесетін асқы- 

нуларға  — сегізкөз нервісінің зақымдалуы жатады.  Жамбасты  инер- 

вациялайтын  немесе  сол  арқылы  өтетін  басқа  да  бірнеше  нервтер 

(жоғарғы  жамбас  нервісі,  орта  жамбас  нервісі  жөне  тіптен  жыныс 

нервісі)  зақымдануы  мүмкін.

Санына вакцина енгізген балаларда иығына инъекция салған бала- 

ларға Караганда жергілікті жағымсыз реакция әлдеқайда аз кездеседі. 

Керісінше, реакциясының ауыр дөрежесі, аяқ қимылының шектелуі 

жөне  жалпы  дискомфорттық  жағдайлар  санға  инъекция  жасағанда 

өлде-қайда айқын байқалады. Зертгеулердің көрсетуі бойынша, вак­

цинаны санға салғанда үзын ине қолданса, инъекция орнында ісіну 

жөне  қызару аз болады,  қысқа ине  қолданғанда жергілікті реакция- 

лардың дамуы жиілейді.

1,5 жастан асқан балаларға вакцина егу орны ретінде санға Кара­

ганда  дельта-пішінді  бүлшық  етке  енгізу  дүрыс  деп  есептелінеді. 

Дельта-пішінді бүлшық етіне егуді балалар жақсы көтереді,  ата-ана- 

лары да  қоштайды  және  мүңдай  өдісте  жанама  реакциялар  аз  жөне 

жеңіл  түрде  кездеседі.  Дельта-пішінді  бүлшық  етке  егу  жауырын 

қырының  латеральді  үшы  мен  дельта-пішінді  бүлшық  ет  бүдыры- 

ның арасына  салынады,  сонда қолтық асты нерві  мен садақша  (лу­

чевой)  нервтің  зақымдану  мүмкіңдігі азаяды.

Санның жоғары бөлігінің алдыңғы-сыртқы жағындагы торг білекті 

бүлшық  еті  адам  денесінің  ең  ірі  бүлшық  етгеріне  жатады  жөне  сол 

жерлерде тіршілікке маңызды нервтер мен қан тамырлары орналаспа- 

ған.  Санның  орта-сыртқы  жағына  еккен  кезде,  вакцина  нерв-тамыр 

шоғьгрына енуі мүмкін, сондықтан оңдай енгізуден байқас болған жөн.

Пероральді  қабылданатын  препараттар  сұйық  немесе  таблетка

439


түріндс болуы  мүмкін.  Таблеткаларды сумен ішу керек.  Препаратты 

қабылдау медицина  қызметкерінің бақылауымен  өткізілу керек.

Интраназальді ңммунизация пульверизатордьгң немесе басқа ас- 

паптардың  көмегімен  атқарылады.  Вакцинаны тамызу  үшін  пипет- 

каны қодданбаған дүрыс. П репараты енгізудің аддында мүрьш қуысы 

шырышты-кілегейден тазартылуы керек.  Егілетін адам басын ш алқ- 

айтып,  вакцина енгізгенде терең дем алуы тиіс.  Процедурадан  кейін 

егілген  адам  шалқайып  2—3  минут  отыруы  жөне  30  минут  мүрын 

жолдарын  тазаламау керек.  Тозаңдатқыш  аспаптың басын  өр  паци- 

енттен  кейін спирт сіңірілген мақтамен сүртеді немесе от жалынын- 

да қыздырып өңдейді.

Си рек жағдайда,  көбіне  бұлшық ет  ішіне  препаратты  енгізгенде 

егілгендер  арасында  шок  болуы  немесе  талып  қалуы  мүмкін.  Сон- 

дықтан осындай жағдайдан алып шығатын дөрілер (адреналин, эфед­

рин, кофеин, нашатыр спирті, преднизолон, мезатон және т. б.) дайын 

түруы  қажет.

Егу  шараларын  өткізгеннен  соң  24—48  сағаттан  кейін  препарат- 

тьщ енгізілуіне ерекше реакциялардың болуын тексереді.  Егілгендерді 

ішінара зерггеу кезінде вакцинациялауға дейінгідей дене температу- 

расын тексереді  (өлшейді).

Иммунизация процедурасы мүқият тіркелуі керек, ол үшін бала- 

ларды  “баланың  даму  тарихы  мен  алдын  алу  егулер  картасына”, 

ересектерді — “егуді есепке алатын журнал мен амбулаторлық карта- 

сына”  тіркеп  жазады.  Егілгендерді журналға  алфавит  бойынша тір- 

кейді (№ 64 форма).  Медициналық кітапшасы болса, егілгендігі 'тура- 

лы мөліметтер соған жазылады.  “Алдын алу егулерді есепке алу .  vp- 

надында”  егу күнін,  препаратгың сериясы  мен дозасын жазады.

Егу жүмысын есепке алу емдеу-алдын алу жене  балалар мекеме- 

лерінің егу кабинеттеріңде, денсаулық пункттеріңде, дөрігерлік учас 

келерде, медициналық жөне фелъдшерлік пункггерде, балалар емхі 

насы  мен  халыққа білім беру мекемелерінде жүргізіледі.

Тиісті  емханалар  қызмет  көрсететін  жерлердегі  түрғьшдардың 

иммунизациялауына сол емхананың бас дөрігері жауапты.  Осьщдай 

жүмыстарды дөрігерлік учаскеде (СВА), фельдшерлік пункттерде (ФП 

жене  ФАП)  жүргізудегі  жауапкершілік  сол  медициналық  мекеме- 

лердің басшыларына жүктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет