Мысы бойынша тапсырмалар


СӨЖ №2 Тақырыбы: «Өркениеттік және мәдени сала бойынша Шығыс халықтарының даму ерекшеліктері (географиялық салыстырмалы талдау жасау)»



бет4/8
Дата22.11.2022
өлшемі37,3 Kb.
#51727
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8
СӨЖ №2


Тақырыбы: «Өркениеттік және мәдени сала бойынша Шығыс халықтарының даму ерекшеліктері (географиялық салыстырмалы талдау жасау)».
Тапсырманың қысқаша мазмұны: Ортағасырлар кезеңінің негізгі деректерін олардың түрлерін, алатын орнын білу, медиевист тарихышлардың еңбектерінде ғылыми көзқараспен қарап баға бере білу. Ортағасырлар мәселесін қойылатын талаптарды ескере отырып және оны ашып көрсету мәселені талдай отырып кейс жасау.
Жұмыстың мақсаты: студенттердің білімдерін жетілдіру және болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға баулу. Ғылыми тұрғыда ойлау және сөйлеу қабілетін арттыру.
Өткізу түрі: студенттер өз таңдауы бойынша талдау жасау.
Бағалау түрі: 20 – балл.
Өткізу уақыты: 6-шы апта.
Әдістемелік нұсқау: № 2 тапсырма материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, тарихи әдебиеттер мәліметтерін, сонымен бірге интернет материалдарын пайдалана отырып әр студент жеке орындайды.
Бағалау критериі: Максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, мысалдармен және өз уақытында орындалуы тиіс.
1-тапсырма: «Шығыс мәдениеті»
Шығыс халықтарының қол жеткізген табыстары мен шығармашылық жиынтықтары.
Адамның өз қолымен жасаған құндылықтары.
Ортағасырлардағы мәдениеттің негізгі құндылығы қандай болды.
Кейінгі ортағасырлардағы жаңа таным қалай қалыптасты.
Шығыс адамдарының мифологиялық түсініктері.
Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетінің ерекшеліктері.
Материалдық және рухани мәдениет.
2-тапсырма: «Шығыс мемлекеттерінде қалаларының дамуы»
Ортағасырлық Шығыс қаласының қалай дамығанын сипаттаңыз.
Ол қандай негізгі функцияларды орындады?
Сауда және ауылшаруашылығы қала құрылысы үшін қаншалықты маңызды болды?
Қала халқының аздығына қарамастан, қаланың экономикалық өмірдің «қозғалтқышына» айналуына не мүмкіндікберді?
Қалалық меншік саяси өмірде, капитализмнің қалыптасуында қандай рөл ойнағанын ұмытпаңыз: «Қала және ортағасырлық өркениет» тақырыбына презентация құрып көріңіз.
Шығыс қалаларын кім басқарды?
Олар қандай кезеңдерде салыстырмалы тәуелсіздікке ие бола алады?
Сіздің көзқарасыңыз бойынша, шығыстағы буржуазияның бюрократияға қосылуға деген ұмтылысын не түсіндіреді?
Мемлекет көпестер мен қолөнершілердің қызмет ету еркіндігіне қалай кедергі жасады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет