Коллоидты мицелла құрылысы. Мицелла теориясы
Мицелла теориясы бойынша золь екі бөліктен тұрады: мицелла және интермицеллярлы сұйықтық. Мицелла - бұл дисперсті фаза бөлшегі. Интермицеллярлы сұйықтық - бұл дисперсті орта. Мысалы: AgI гидрозолінің конденсация әдісі бойынша түзілуі: егер AgI AgNO3 ертіндісінде болса, онда потенциаланықтаушы ион Ag+ болады, ал қарама-қарсы ион NO3-. Яғни, коллоидты бөлшек заряды ылғида кристалдық торды жалғастырып тұрғызушы немесе бөлшек беттінде адсорбцияланатын стабилизатордың аттас ионымен анықталады .
{ m[AgI]nAg+(n-x)NO3-} xNO3-
агрегат
ядро
бөлшек немесе гранула
мицелла
m n
m [AgI] – мицелла агрегатындағы AgI молекула саны;
n Ag+– потенциаланықтаушы ион саны;
(n-x) NO3- - адсорбциялық қабаттағы қарама – қарсы ион саны;
х NO3- – диффузиялық қабаттағы қарама – қарсы ион саны
Достарыңызбен бөлісу: |