Конусты колбалар — сыйымдылығы 1см 3 — тан 2дмЗ-ге дейінгі аузы тығындалған немесе тығынсыз болып келетін ерітінділерді титрлеуге арналған ьщыстар.
Бунзен колбасы—жоғарғы жағы вакуум насоспен жалғасқан, төменгі қысымда фильтрлеуге арналған қалың шыныдан жасалынған конусты колбалар.
Кристаллизаторлар — жүқа немесе қалың шыныдан жасалынған әртүрлі сыйымдылықта және диаметрде болатын жалпақ цилиндрлі ыдыстар. Бүл ыдыстарда заттарды кристалдайуы және булайды.
Мұздатқыштар — қайнаған немесе қыздырылған әртүрлі заттарды салқындатуға арналған приборлар. Мүздатқыш 2 бөлімнен түрады, әртүрлі формадағы салқыңдатқыш түтіктен (форлитос) және буды салқындатуға су жіберілетін көйлектен (муфта) тұрады. Олар түзу және қайтымды болады.
Шыны аяқ табақ, бюкс және тубусты склянкалар.
Шыны аяқтабақтар химиялық жұмыс жүргізуде кеңінен қолданылады. Шыны аяқтабақтардың келесі түрлері дайындалады; кристаллизацияланған, кристалданған, түбі тегіс, сфералық, ұзын қақпақты биологиялық (Кох шыны аяғы) т.б. шыны аяқтар.
Бюкстер — заттарды өлшеуге және сақтауға арналған, қақпақпен тығындалған үзын және қысқа стакандар.