Модуль 03: «Физхимиялық талдау»


Термохимиялық процестердің жылу эффектілерін анықтау



бет81/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126
Термохимиялық процестердің жылу эффектілерін анықтау. Процестердің (еру, гидрат түзу, нейтралдау) жылу эффектілерін калориметр тұрақтысын K есептегеннен кейін анықтайды. Тәжірибе міндеті температура өзгерісін t өлшеу болып табылады. Температура өзгерісін t калориметр тұрақтысын анықтау кезіндегі сияқты графикалық әдіспен табады.
2.1 жұмыс. Тұздардың еру жылуын анықтау

Жұмыс мақсаты: Тұздардың еру жылуын анытау.

Құралдар және ыдыстар: Калориметр, Бекман термометрі, пробиркалар, көлемі 400 см3 стакан.

Реактивтер: су, сусыз натрий карбонаты, натрий сульфаты.

Тұзды сұйықтықта ерту кезінде екі процесс байқалады: кристалдықтордың бұзылуы–эндотермиялық процесс және иондардың сольватациясы–экзотермиялық процесс. Осы жылулардың қатынасына байланысты (ол еріген заттың және еріткіш табиғатымен анықталады) еру жылуы оң да, (Н0) теріс те (Н0) мәнге ие болуы мүмкін. Еру жылуы интегралды және дифференциалды (парциалды) болып бөлінеді.

Интегралды еру жылуы–1 моль заттың таза еріткіштің біраз мөлшерінде еру жылу эффектісі. Дифференциалды еру жылуы – 1 моль заттың еріткіштің шексіз көп мөлшерінде еру жылу эффектісі. Бұл кезде ертінді концентрациясы шексіз аз мәнге ұмтылғандықтан ескерілмейді.

Калориметрлік тәжірибеде тек интегралды еру жылуын анықтайды. Дифференциалды еру жылуын есептеп табады.



Жұмыс реті.Тәжірибені жүргізу үшін калориметрлік стаканға 10 (сур. 2.1) 400 см3 дистилденген су құяды. Судың дәл мөлшерін (±1 г) стаканның бос және толтырылған масса айырымдары бойынша анықтайды.Пробиркаға4құрғақ, жақсы ұнтақталған тұз салады (± 0,01 г). 400 см3көлемге шамамен 5 - 10 г тұз салмағы сәйкес келеді.

Калориметр тұрақтысын анықтағаннан кейін 10 рет «алдын ала кезең» температурасын өлшейді.Кейін тұзы бар пробирканы4 тез суырып алып, воронка арқылы калориметрге тұзды төгеді. Пробирканы қайтадан калориметрқақпағына 8 орнатады. Тәжірибенің«негізгі кезеңі» тұзды төккеннен кейін 1-3 минуттан соң аяқталады. Кейін 10 рет «қорытынды кезең» температурасын өлшейді. Өлшеу нәтижелерін кестеге енгізеді. Аралыстырғышты тоқтады, пробирканың 4 сыртын сүзгішқағазбен сүртіп, өлшейді. Еріген тұздың дәл мөлшерін (±0,001 г) пробирканың тұзды төкенгенге дейінгі және кейінгі салмағының айырмынан анықтайды. Алынған нәтижелер бойынша график тұрғызып, калориметрлік тәжірибенің температура өзгерісін tк анықтайды. Белгісіз тұздың меншікті интегралды еру жылуынтеңдеу бойынша есептейміз:



мұндағы m–еріген тұз салмағы, г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет