Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы Химиялық реакцияның жылу эффектісі процестің жүру жолына тәуелсіз, ол тек жүйенің бастапқы және соңғы күйлерімен анықталады. Реакцияның жылу эффектісін стандартты жағдайда (р -1,013105 Па, Т- 298 К ) жану және түзілу жылуы бойынша есептейді.
Түзілу жылуы деп, 1,013105 Па қысымда, температура 298 К жағдайда 1 моль берілген қосылыстың жай заттардан түзілуге жұмсалған жылу эффектісін айтамыз. Бұл кезде реакцияға қатысушылардың барлығы тұрақты агрегаттық күйде болуы шарт.
Жану жылуы деп, стандартты жағдайда 1 моль зат қарапайым оксидтерге дейін жанғанда бөлінетін жылуды айтамыз.
Гесс заңының бірінші салдары Стандартты жағдайда реакцияның жылу эффектісі сәйкесінше стехиометриялық коэффициенттерге көбейтілген реакция өнімдері мен бастапқы заттардың түзілу жылулар қосындыларының айырымына тең:
өнім бас.з ( 3.7)
- химиялық реакцияның жылу эффектісі
өнім, бас.з - стехиометриялық коэффициенттері ескерілген реакция өнімдерімен бастапқы заттардың түзілу жылулар қосындысы.
реакция үшін келесідей жазуға болады :
(3.8)
– реакция өнімдері мен бастапқы заттардың түзілу жылулары, стехиометрииялық коэффициенттер.
Гесс заңының екінші салдары Стандартты жағдайда реакцияның жылу эффектісі сәйкесінше стехиометриялық коэффициенттерге көбейтілген бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің жану жылулар қосындыларының айырымына тең:
бас.з өнім (3.9)
- химиялық реакцияның жылу эффектісі
бас.з, өнім, - стехиометриялық коэффициенттері ескерілген бастапқы заттармен реакция өнімдерінің жану жылулар қосындысы.