2. Рөлдік конфликт бір уақытта бірнеше рөлдерді іске асырудаң
мүмкін еместігімен байланысты, (рөларалық тұлғаішілік конфликт) сондай-ақ,
тұлғаның бір рөлді атқаруға қойылатын талаптарды әр түрліше түсінуімен
байланысты (ішкірөлдік- конфликт) сезімдерден айқындалады. Бұл түрге екі
құндылық, стратегиялар немесе өмірдің мәні арасындағы тұлғаішілік
конфликтілер жатады(Родных, 1993; Скалепов, 1995).
3. Адаптациялық конфликт кең мағынада, яғни субьект пен қоршаған
орта арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы негізінде пайда болатын қайшылық
ретінде, ал тар мағынада - әлеуметтік немесе кәсіби бейімделу процесінің
бұзылуы кезінде пайда болатын қайшылық ретінде түсініледі. Бұл шындық
талаптарымен адамның мүмкіндіктері (кәсіби, физикалық, психологиялық)
арасындағы конфликт (Сенокосов, 1989). Тұлға мүмкіндіктерінің орта немесе
іс- әрекет талаптарына сәйкес келмеуі уақытша даяр болмау ретінде,
сондай-ақ , қойылған талаптарды орындауға қабілетсіздік ретінде
қарастырылуы мүмкін.