МөЖ №1 Microsoft Excel −химия, физика және математиканың бірдей ұғымдарын зерттеу құралы ретінде Жоспар


МӨЖ № 2.2  Химия және физика сабақтарындағы биологиялық тәжірибелер



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата20.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#58585
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
МӨЖ № 2.2 
Химия және физика сабақтарындағы биологиялық тәжірибелер 
Мақсаты: Химия мен физика сабақтарында кездесетін биологиялық 
тәжірибелерді қарастыру 
Жоспар: 
1. Химия сабағындағы биологиялық тәжірибелер 
2. Физика сабағындағы биологиялық тәжірибелер 
1) 
Химия сабағындағы биологиялық тәжірибелер 
Химиялық эксперимент білімді нақтылауда теория мен тәжірибе 
арасындағы байланысты жүзеге асырудың маңызды әдісі болып табылады. 


Шынайы көрсетілген тәжірибенің көмегімен білім алушының дүниетанымын 
кеңейтуге, әр түрлі тәжірибелік дағдыларды алуға болады. 
Эксперимент – бұл білім алушыларды химия ғылымына қызықтыруға 
мүмкіндік беретін, теориялық білімді тәжірибеде қолдану қабілетін дамытушы 
химиялық заттар және олардың айналулары туралы білім көзі. 
Химияны оқыту жағдайында нақты осы химиялық эксперименттің 
алатын орнының ерекшелігі сол, ол химиялық білім беруде оқу үдерісінің 
құрамдас бөлігі болып табылады. Химиялық эксперименттердің барлығы 
химия бойынша кез-келген бағдарламаға бағытталған болуы керек. Химиялық 
эксперимент сан түрлі дидактикалық қызметті әр түрлі формада, әр түрлі 
әдістер мен оқу құралдарын пайдалана отырып орындай алады. Толықтай ол 
білім алушының өзіндік қабілетін біртіндеп арттыру принципін қолдану 
жүйесін көрсетеді. Химиялық экспериментті алынған нәтижелер мен 
шығарылған қорытынды дұрыстығының критерийі ретінде қарастыруға 
болады. 
Биологиялық эксперимент – заттар және химиялық реакциялар туралы 
білім көзі, химияны оқытудың маңызды формасы болып табылады. 
Биологиялық эксперименттер арқылы білім алушылардың құзіреттіліктерін 
дамытуға болады және оның химия бойынша қалыптасатын төрт тобын бөлуге 
болады: 
Эксперименттік (әртүрлі сандық өлшемдер әдістерін қолдану, 
химиялық тәжірибелерді орындау, реактивтермен және құрал-
жабдықтармен дұрыс жұмыс жасау, эксперимент жоспарын құру, кесте 
сызу, реакция теңдеуін жазу, анықтамалық және ғылыми әдебиеттер 
көмегімен нәтижені жазбаша жазу); 
Коммуникативті (эксперимент нәтижесін талқылау, экспериментті 
жоспарлау және оның теориялық негізі, бақылау және өзін-өзі бақылау 
критерийлерін қолдану, барлық тәжірибелердің реттілігін өзіндік 
анықтау); 
Интеллектуалды (эксперимент мақсаты мен міндеттерін анықтау; 
құбылыстар мен үдерістерге тән белгілерді бақылау және орнату
синтез, талдау жүргізу, қорытындыны тұжырымдау); 
Бақылау-бағалау (эксперимент барысында өзін-өзі бақылауды жүзеге 
асыру, жолдастық іс-әрекетті бақылаудың алуан түрлерін қолдану). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет