КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
91
КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
Клеткаға оны тірі күйінде сақтайтын биологиялық реттілікті ұйымдастыру және қал-
пында сақтау үшін қажетті энергияны қоректік заттар құрамындағы химиялық байла-
ныстардың энергиясынан келеді.
Клеткалар пайдаланар алдында біз қабылдайтын тағам құрамындағы қоректік заттар-
дың басым бөлігін құрайтын белоктар, липидтер мен полисахаридтер кішірек молеку-
лаларға – энергия көзі болып табылатын немесе синтездік реакцияларда түзілетін басқа
молекулалардың құрамдас бірліктеріне дейін ыдыратылады. Ферменттер тағамдағы
үлкен полимерлік молекулаларды олардың мономерлік суббірліктеріне – белоктарды
амин қышқылдарына, полисахаридтерді жай қанттарға, майларды май қышқылдары
мен глицеринге ыдыратады. Ыдырағаннан кейін түзілген кіші органикалық молекула-
лар клеткалардың цитозоліне енеді де, олардың тотығуы басталады.
Қанттар энергияның маңызды көзі болып табылады және олар реттелген және аз са-
тылы тізбекті реакциялар көмегімен көмірқышқыл газы (СО
2
) мен суға дейін тотығады
(
Достарыңызбен бөлісу: