БЕЛОК ФУНКЦИЯСЫ
187
лигандпен байланысу сайты да өзгереді. Әр лиганд белок құрылымын тұрақтандыруға
ұмтылады және лигандтың концентрациясы өскен сайын лиганд белоктың конформа-
циясын өзіне қажетті пішінге бұрады.
Байланысу сайттары қосарланған екі лиганд бір-бірінің байланысуына
реципроктты әсер етуі тиіс
Лигандтың белокпен байланысу эффектілері
байланысу атты фундаментальды химия-
лық принциптерге негізделеді. Мысалы, глюкозамен байланысатын белок өзінің басқа
қашық ауданында Х атты басқа молекуланы да байланыстыра алады. Егер глюкозамен
байланысу нәтижесінде орын алған конформациялық өзгерістердің әсерінен Х мо-
лекуласының байланысу сайты өз пішінін өзгертетін болса, онда глюкоза мен Х-тың
байланысу сайттары
жұптасқан деп аталады. Егер екі лиганд аллостериялық белоктың
бірдей конформациясымен байланысуды қалайтын болса, онда негізгі термодинамика-
лық принциптер бойынша әр лиганд басқа молекула үшін осы белоктың аффинділігін
арттыруы тиіс. Мысалы, белок молекуласының глюкозамен байланысу нәтижесінде
орын алатын конформациялық өзгерістер белоктың Х молекуласымен байланысуы
оңтайландыратын болса, онда Х молекуласы бар реакциялық ортада белок глюкозамен
берігірек байланысады (Х молекуласы жағдаймен салыстырғанда). Басқаша айтқанда Х
молекуласы белоктың глюкозамен байланысуын оң реттейді (
Достарыңызбен бөлісу: