Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет322/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   330
5.65-сурет
Бактериялардағы ДНҚ инверсиясы тудыратын ген экспрессиясының өзгеруі. Salmonella 
бактериясында екі флагеллин генінің транскрипциясының өзгеруі промоторы бар кіші ДНҚ сегментін 
инверсиялайтын сайт спецификалық рекомбинация арқылы орын алады. (А) Бір бағытта, промотор 
H1
флагеллин генінің транскрипциясын активациялайды. Промоторлар мен репрессорлар 7-тарауда 
сипатталады; осы жерде біз тек промотордың генді белокқа экспрессиялау және репрессордың оны 
тежеу үшін қажет екенін белгілейміз. (Ә) Промотор инверсияланған кезде ол H2 генін немесе репрес-
сорды қоспайды және оның орнына H1 гені экспрессияланады. Инверсия реакциясы спецификалық 
ДНҚ тізбектері (қызыл) және инверсияланатын ДНҚ сегментімен кодталатын рекомбиназа ферментін 
қажет етеді. Осы сайт спецификалық рекомбинация механизмі өте сирек жағдайда (шамамен 105 
клеткалар бөлінуінде бір рет) активацияланады. Сонымен, бір немесе басқа флагеллин түзілуі клетка-
лардың әр клонында тұқым қуалайды. 


ТРАНСПОЗИЦИЯ ЖӘНЕ САЙТ-СПЕЦИФИКАЛЫҚ РЕКОМБИНАЦИЯ
359
Фазалық вариация көмегімен бактериялар популяциясы қожайын организмнің им-
мундық жүйесінен аман қалады. Егер қожайын организм флагеллинге қарсы антиде-
нелер түзетін болса, онда бактерия синтездейтін флагеллин түрін инверсия көмегімен 
өзгерте алады. 
Бактериалды консервативті сайт-спецификалық рекомбиназалар клеткалық 
және даму биологтарының қайталанбас құралына айналды
Клеткалар мен вирустар қолданатын басқа да механизмдер сияқты консервативті 
сайт-спецификалық рекомбинация көмегімен зерттеушілер көптеген мәселелерді шешу-
ге ынталануда. Спецификалық гендер мен белоктардың функцияларын ашу мақсатында 
зерттеу объектісі ретінде ғалымдар заманауи гендік инженерия әдістерінің көмегімен 
консервативті сайт-спецификалық фермент пен нысана ДНҚ-сы бар рекомбинантты 
құрттар, шіркейлер мен тышқандарды алды. Белгілі бір уақытта ферментті кодтайтын 
ген активацияланады және нысана тізбекті тасымалдай алады. Осы тасымал көмегімен 
белгілі бір клеткаларда немесе ұлпаларда спецификалық генді жояды (
5.66-сурет
). Ны-
сана ген дамудың тек ерте кезеңдері үшін маңызды болған жағдайда пайдалы болады. 
Ұқсас тәсілдермен спецификалық генді белгілі бір ұлпаларда қате (орынсыз) экспрес-
сиялануын қоздырады. Осы әдістің көмегімен жануардың кез келген ұлпасындағы кез 
келген белоктың функциясын анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет