КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
63
байланысады. Көптеген белоктар мен РНҚ-лар олардың суббөліктік құрамымен
анықталатын қайталанбас конформацияға ширақталады (фолдинг). Фолдинг процесі
қайталанбас беттерді түзеді және ол атомдар арасындағы ковалентті емес күштер
түзетін әлсіз қатынастардың үлкен жиынтықтарына тәуелді болады. Осы күштердің
төрт түрі болады: электростатикалық тартылыстар, сутектік байланыстар, ван
дер Ваальс тартылыстары және олардың судан гидрофобтық итерілісінен туатын
полярлы емес топтардың арасындағы тартылыстар. Осындай әлсіз күштердің
жиынтығы басқа молекулалардың макромолекулалармен байланысуын бағыттайды
және клетканың құрылымы мен химиясын анықтайтын биологиялық молекулалардың
арасында шексіз ассоциацияларды түзуге мүмкіншілік тудырады.
КАТАЛИЗ ЖӘНЕ КЛЕТКАЛАРМЕН ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
Тірі организмдерді жансыз заттардан ерекшелендіретін бір таңғажайып қасиеті бар:
олар әрқашанда ретсіздікке бағытталған бүкіл әлемде реттілікті қалыптастыруға және
сақтауға ұмтылады (
Достарыңызбен бөлісу: